Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет24/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)

Тұлғаның отандық теориялары.
Отандық психологияда тұлға мәселесімен Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жақыпов және т.б. ғалымдар айналысуда.Ж.И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдер мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Тұлға концепцияларының жіктелуі.

  2. Э.Эриксонның тұлға дамуы концепциясы.

  3. А.Н.Леонтьевтің құрылымдық бағыты туралы.

  4. Тәжірибелік тұлға теориялары. Фрейдизм және неофрейдизмнің тұлға теориялары (З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Хорни, Г.С.Салливан).

  5. Гуманистік психологиядағы тұлға мәселесі (К.Роджерс, Г.Олпорт, А. Маслоу).

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.


1

№5
дәріс

Тақырып: Тұлғаның дамуы. Тұлғаны оқыту және дамыту
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тұлға ұғымы, оның құрылымы.

  2. Тұлғаны дамытудың негізгі бағыттары.

  3. Тұлғаны оқыту.

«Тұлға» ұғымы индивидтің өмір сру барысында меңгерген және іс-әрекет пен мінез-құлықтың әртүрлі формаларында көрсететін әлеуметтік сапаларының жиынтығын білдіреді. Бұл ұғым адамның әлеуметтік сипаттамасы ретінде қолданылады.


Тұлға - бұл дербес, өзіндік әлеуметтік-пайдалы іс-әрекетке қабілетті адамның әлеуметтік сипаттамасы. Даму процесінде адам табиғат арқылы негізі қаланған және өмір сүру және тәрбие барысында қалыптасқан өзіндік ішкі қасиеттерін ашады, яғни адам екіқырлы тіршілік иесі, оның негізінде әлеуметтік және биологиялық негіздер бар.
Тұлға – бұл адамның өзін-өзі, сыртқы әлемді және ондағы өзінің алатын орнын саналы ұғыну. Мұндай анықтаманы неміс философы Гегель берген.
«Тұлға» ұғымы барлық адамдарға тән жалпыға ортақ сапалар мен қабілеттерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілдері бар басқа материалдық жүйелерден айрықшаланатын ерекше тарихи дамушы адамзат қауымдастығының болуын білдіреді.
Тұлға – бұл сананы, әлеуметтік рольдерді таратушы, қоғамдық процестердің қатысушысы, басқалармен іс-әрекетте және қарым-қатынаста қалыптасатын қоғамдық тіршілік иесі.
«Тұлға» ұғымы тек адамға қатысты қолданылады, алайда бұл ұғым адамның дамуының белгілі бір кезеңдерінен бастап қолданылады. Тұлға индивидпен салыстырғанда генотиппен негізделген тұтастық емес, яғни тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Тұлға адамның әлеуметтік-тарихи және онтогенетикалық дамуының салыстырмалы түрдегі өнімі.
Психология ғылымында К.К. Платонов тұлғаның құрылымының төрт компонентін ажыратып көрсетеді:
- биопсихикалық қасиеттер: темперамент, жыныстық және жас ерекшеліктері;
- психикалық процестер: зейін, ес, ерік, ойлау және т.б.;
- тәжірибе: біліктер, дағдылар, білімдер, әдеттер;
- бағыттылық: ой-өріс, дүниетаным, ұмтылыстар, қызығушылықтар және т.б.
Бұдан тұлғаның табиғатының биоәлеуметтік сипаты болатыны белгілі: онда психикалық функциялар және өзіндік тұлғалық бастау дамитын биологиялық құрылымдар бар. Тұлға ұғымы әрбір адамның әлеуметтік-маңызды белгілерінің жеке көрініс беретінін және оның барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде мәні көрінетінін көрсетеді.
Тұлға – бұл сыртқы әсерлерді қабылдауға, олардан белгілі ақпаратты іріктеуге және қоршаған әлемге әсер етуге қабілетті күрделі жүйе. Тұлғаны өзіне тән сипаттамалық белгілері өзіндік сана, құндылық әлеуметтік қатынастар, қоғамға қатынастағы дербестік, өзінің әрекеттері үшін жауапкершілік болып табылады.
Тұлға адамның әлеуметтік негізін көрсетеді.
Тұлға – бұл қатынастар жүйесі (отбасылық, достық, өндірістік, саяси және т.б.), олар қоғамдық қатынастармен анықталады.
Тұлғаның құрылымы:

  • Бағытттылық – қажеттіліктерде, қызығушылықтарда, идеалдарда, бағдарларда, іс-әрекет пен мінез-құлықтың басым мотивтерінде, дүниетанымда, эмоцияларда көрінеді.

  • Білімдер, біліктер және дағдылар;

  • Индивидуалды-типологиялық ерекшеліктер - қабілеттерде, темпераментте, мінезде, ерікті сапаларда көрінеді.

Тұлғаның дамуы – бұл оның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерімен қалыптасу процесі.
Тұлғаның дамуының негізгі бағыттары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет