Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу


Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi



бет32/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)

Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi
Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.
Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.
Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.
Қабылдаудың заттылығы – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз.
Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады.
Қабылдаудың тұрақтылығы немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет