Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет34/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Түйсік туралы түсінік. 
2. Түйсіктің физиологиялық негізі. 
3. Түйсіктің топтары. 
4. Түйсіктің түрлері және ерекшеліктері.
5. Қабылдау туралы түсінік. 
6. Қабылдаудың физиологиялық негізі. 
7. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері. 
8. Кеңістікті және уақытты қабылдау 
Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.


1

№8 дәріс

Тақырып: Зейін және ес. Негізі сипаттамалары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Зейіннің танымдық процесс ретінде сипатталуы

  2. Зейіннің қасиеттері, нейрофизиологиялық механизмдері және зейінділіктің қалыптасуы

  3. Ес туралы жалпы түсінік

  4. Естің физиологиялық механизмдері, ес процестері, мнемалық іс-әрекеттің заңдылықтары.



1.1 Зейіннің танымдық процесс ретінде сипатталуы

Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдауды, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі” деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.


Әдетте зейін деп сананың нақтылы объектіге бағытталғандығын айтамыз. Зейіннің объектісі ретінде сыртқы ортаның кез келген заты немесе құбылысы, бiздің іс-әрекетіміз және ойларымыз бола алады.
Мен кiтапты оқып отырып оның мазмұнымен толық шұғылданып кеттім; мен бөлмеде болып жатқан әңгiмелерді естимiн, бiрақ оларға мән бермеймін. Мiне бiреу қызықты нәрсе айта бастағанда, менiң көзiм кiтаптың жолдары бойымен ойламай жүгiргенiн сездім. Мен бастапқы сәттен соңына дейін бiр уақытта әңгiме естiп, кiтап оқып отырдым. Бірақ менiң психикалық әрекеттің қалыптасуы екi жағдайда әр түрлі болды. Бастапқыда менiң санам оқуымның түсiнуіне бағытталды; кiтаптың мазмұны ортада, әңгiменiң мазмұны шетте болды, (сананың өлкесiнде, шетінде?). Содан кейін сана әңгiменiң тыңдауына бет алды; сананың ортасындағы әңгiме, кiтаптың оқуы оның шетінде. Айтқанымыздай, зейінім кiтаптың оқуынан әңгiменiң тыңдауына өтті.
Зейін құбылысындағы сананың іріктеу сипаты мәлiм болады: егер адам бiр объектілерге зейін салса, онда ол басқалардан алаңдайды. Зейінді өздерiмiздiң қабылдау, ойлау, ес және т.б. ерекше психикалық процесстерге жатқызуға болмайды. Зейін - барлық психикалық процесстердiң ерекше тарабы.
Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен байланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, яғни қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгерту өте күрделі мәселе.
Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).
Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зейін болмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет