3-сурет. Эббингауздың ұмыту қисығы
Ұмытуға келесі факторлар әсер етеді:
жасы;
ақпарат сипаты мен оны қолдану дәрежесі;
интерференция (ақпаратты есте қалдырудан бұрын өтетін оқиғалармен байланысты проактивті интерференция; материалды есте қалдырудан кейін өтетін оқиғамен байланысты ретроактивті интерференция);
басу (Фрейд бойынша белсенді ұмыту, сана деңгейіндегі ес, іздердің тежелуі мен бейсана облысына ығыстырылуы. Қазіргі кездегі психологтар түрткілендірілген ұмыту туралы айтуды қалайды. Ол арқылы адам белгілі жағдайдың жағымсыз жақтарынан "қашуға" тырысады).
Егер бір процесте (ес сатысы) "бұзылса", естің бүкіл жүйесі бүтінімен зардап шегеді. Ал ес барлық психикалық процестерді сақтайтындығынан, ол ТПЖ-ның ядросы болып табылады ғой. Ол танымдық процестердің бүкіл жүйесінің бағдарламалық жабдықталуын орындайды. Есті тұлғаның «қорғаушысы» деп атайды, өйткені ес тұлғаның бар қырларын, адам өмірлік іс-әрекет нәтижелерін қорға жинайды. Ес ойлаумен тығыз байланысты. Егер ойлау жақсы жетілген болса, онда есті де жетілдіру мүмкіндігі бар. Бірақ ол үшін оның заңдарын жақсы білу шарт.
Мнемалық іс-әрекеттің заңдылықтары
Мнема (грек тілінде ес). Зейгарник эффектісінің мазмұнын келесіден көруге болады. Егер адамдарға тапсырмалар қатарын ұсынсақ, және біреулерін аяғына дейін жеткізуге, ал басқаларды аяқтамай қалдыруға мүмкіншілік берсек, онда зерттелінушілер аяқталмаған тапсырмаларды үзіп жіберу кезінде аяқтаған тапсырмалардан екі есе артығырақ есіне алатындығы анықталынады. Бұны былай түсіндіруге болады: зерттенушілер тапсырманы алу мезгілінен оны орындау қажеттілігі пайда болады, және де оның күші тапсырманы орындау процесі кезінде артады. Бұл қажеттілік тапсырма орындалғанда өзін толығымен іске асырады, ал егер тапсырма аяғына дейін жеткізілмесе, ол қанағатталмаған күйінде қалады. Түрткі мен естің байланысында біріншісі аяқталмаған тапсырмалардың іздерін сақтап, ес талғамдылығына әсер етеді. Бұдан келесідей қорытынды жасауға болады: адам оның ең өзекті, бірақ қанағаттандырылмаған қажеттіліктеріне жауап беретін нәрселерді еріксіз өз есінде сақтайды және қайта жаңғыртады (ол да еріксіз).
А.А. Смирнов (әрекет теориясын ұстанушы) өз зерттеулерінде есте, ойға қарағанда, әрекеттердің жақсырақ сақталатынын, ал әрекеттер арасында өз кезегінде, кедергілерден өтумен байланыстылары, оған қоса аталған кедергілердің өздері де есте берік сақталатынын анықтаған.
● Шеткі әсері. Бірыңғай ақпаратты есте сақтау барысында, басқаларына қарағанда, оның басы мен соңы еске жақсырақ түседі.
● Реминисценция эфекті жатталған материалды қосымша қайталаусыз-ақ еске түсірудің уақыт өтісімен жақсаруында байқалады. Көбіне бұл құбылыс материалды есте бірден жатқа сақтауда емес, оны жаттау барысындағы қайталауларды бөлу кезінде орын алады. Материалды бірнеше күннен кейін (2-3 күн) еске түсіру, оны жаттағаннан кейін бірден еске түсіргенге қарағанда, жақсырақ нәтиже береді. Реминисценция, бәлкім, жатталатын материалдың ішінде қалыптасатын қисындық, мағыналық байланыстары уақыт өтісімен бекітіліп, неғұрлым анық, айқын бола бастайтындығымен түсіндірілетін шығар.
Ес бұзылыстарымен айналысқан танымал зерттеуші Т. Рибо психологияны ұғынуда маңызды болып табылатын амнезия – уақытша естен айырылу жағдайларын талдай келе, екі заңдылықты бөліп көрсетеді:
- адамның есі тұлғамен, ондағы патологиялық өзгерістер әрқашан ес бұзылыстарымен қатар жүретіндей болып байланысқан;
- адамның есі қалай болғанда да бір заңға сәйкес жойылып, сол заң бойынша қайта қалпына келеді: естен айырылу барысында, ең алдымен, неғұрлым күрделі және жақын арада жинақталған ойлар зақымдалады; естің қайта қалпына келуі барысында жағдай осы айтылғанға дәл қарама-қарсы күйде болады, яғни алдымен ең жай және ескі естеліктер, содан кейін ғана неғұрлым күрделі және жақын арадағы естеліктер қалпына келеді.
● Ұмыту динамикасы тікелей сипатта болмайды. Бір нәрсені есіне сақтаған адам алғашқы сегіз сағат ішінде кейінгі отыз күнде ұмыт болатындай мөлшердегі ақпаратты естен шығарады.
● Фрейд бойынша, түрткіланған ұмыту заңы адамның психологиялық тұрғыдан өзіне жағымсыз нәрсені ұмытуға бейімді болатынын көрсетеді. Мұндай жағымсыз мүдделер мен уәделерді түрткіланған түрде ұмыту әсіресе, олардың жағымсыз көңіл-күйлік толғаныстармен байланысты болған жағдайларында жиі орын алады.
● Оқиғаларды дәл еске түсіру мен сол дәлділіктің нақтылығына сенімділік арасында біржақты байланыс әрқашан бола бермейді. Адам оқиғаларды объективті түрде дұрыс еске түсіргенімен, оны ұғына бермеуі, керісінше, қателескен болса да, еске түсіргенінің дұрыстығына сенімді болуы мүмкін.
● Адамның нашар есі жаттауға қарағанда, еске түсірудің қиындықтарымен көбірек байланысты болуы мүмкін. Табысты еске түсірудің неғұрлым көрнекі мысалдарын гипноз бере алады. Оның ықпалымен адам баяғыда ұмыт болған, ол жөніндегі естеліктер мүлдем жойылған деп саналатын алыста қалған балалық шақ оқиғаларын еске түсіруі мүмкін.
● Ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру процестері бір-бірімен мүлдем сыйыспайды, әрі қарама-қайшы бағытталады. Жаңа ақпараттың кең ағымы еске түсіруге кедергі жасайды, ал үлкен көлемді мәліметтерді еске түсіру қабылдау процесіне анағұрлым аз әсер етеді деп айтуға болады. Мәселен, адам ақпараттық вакум жағдайында естің, тіпті жалпы алғанда, ақылының да біршама айқындалуын сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |