Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет45/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары;
1.Ойлаудың дамуына байланысты отандық ғалымдардың көзқарастары.
2.Ойлау ерекшелiктерi мен түрлерiн анықтауға байланысты жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулер мен әдiстемелер.
4.Ойлау және интеллект.
5.Ойлаудың басқа психикалық процестермен байланысы.
6.Ойлаудың физиологиялық негiздерi.
7. Ойлаудың жiктелуi.
8. Ойлаудың негiзгi типтерi - ұғымдық, бейнелiк, көрнекi-бейнелiк, көрнекi-әрекеттiк және т.б. ойлаудың ерекшелiктерi.
9.Ойлаудың негiзгi формалары.
10. Ойлау мен сөйлеудің байланысы
11. Сөйлеу түрлері
Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмасова, Қ. С. Психология [Мәтін] : оқулық / Қ. С. Жұмасова. - 3-бас. – Астана : Фолиант, 2017. - 400 б. - (Кәсіптік білім).

  2. Егенисова А.Қ. Психология: Оқу құралы. А.Қ.Егенисова Ақтау, 2010, - 185 бет ІSBN 978-601-226-068-7

  3. Жарықбаев Қ.Б., Сангилбаев О.С. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 бет. — ISBN 9965-409-98-6.

  4. Нуркова В.В., Березанская Н.Б. Общая психология: Учебник. – Люберцы, 2016. – 524 с.

  5. Годфруа Ж. "Что такое психология". Том 1, 2 – М., 2018 – 496 с.




2

№11 дәріс

Тақырып: Елестету және қиял - екінші реттік бейнелер ретінде
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Елес туралы түсінік

  2. Елестің түрлері

  3. Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі ролі

  4. Қиялдың түрлері

  5. Қиялдағы образды қайта жасау механизмі.

  6. Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері және олардың дамуы

  7. Қиял және шығармашылық



Елес туралы түсінік

  • Елес-заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты белгілерін көрсететін ой-тәсілдеріне көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Елес заттың көрнекі, сипаттық белгілерін сәулелендіретін жалпылама бейне.

Елестету-бұрын қабылданған бейнелердің ми қыртысында сақталып қалған суреттері мен бейнелерінің қайта жалпылама жаңғыртып көрнекі бейнелендіруін білдіретін сезімдік сатыдағы психикалық процесс. Дәл қазір қабылданбайтын заттармен құбылыстардың миға түскен бейнесін елес деп атаймыз. Елестеулердің түйсік пен қабылдаудан айырмашылығы бар. Түйсік пен қабылдау дүниедегі заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінің мидағы бейнесі болса, ал елестету дәл қазір әсер етуші заттардан және түйсіктер мен қабылдаулардың нәтижесінен пайда болатын образдар мен бейнелер.

  • Елестету-бұрын қабылданған бейнелердің ми қыртысында сақталып қалған суреттері мен бейнелерінің қайта жалпылама жаңғыртып көрнекі бейнелендіруін білдіретін сезімдік сатыдағы психикалық процесс. Елестеулердің түйсік пен қабылдаудан айырмашылығы бар. Түйсік пен қабылдау дүниедегі заттар мен құбылыстардың тікелей әсер етуінің мидағы бейнесі болса, ал елестету дәл қазір әсер етуші заттардан және түйсіктер мен қабылдаулардың нәтижесінен пайда болатын образдар мен бейнелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет