Елестердің негізгі ерекшеліктері: - елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;
- елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;
- бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-дара болып келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің өзіндік ерекшелігінен болады;
- елес көрнекі-бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін атқаруы мүмкін;
- түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;
- елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы - есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан - жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.
Елестің түрлері
Жалпы
Жалпы елестер-бірнеше ұқсас заттардың немесе құбылыстарға ортақ, әрқайсысында болатын белгілерімен жалпылап бейнелеуімен болатын елес түрі.
Дара
Дара елес-белгілі бір дара зат пен құбылысты қабылдауға негізделіп дара затқа тән ерекше белгілер бейнелеумен болған елес түрі.
Елестеулерді айрықша өзгешеліктеріне және сипаттарына қарай оларды үлкен екі топқа бөлінеді
Ес елестеулері
Ес елестеулері-адамның бұрын қабылдаған, сезген заттарын,құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестеуі.
Қиял елестеулері
Қиял елестеуі-бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, өзгертіп және жаңадан елестеулер жасалуы.
Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-әрекеттегі ролі Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім органдарымызға ондаған және жүздеген әртүрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің бірі, шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.
Айта кету керек, жануардың сыртқы ортаға ықпал етуі мен сыртқы ортаның адам арқылы өзгеруінің бірқатар айырмашылығы бар. Жануардан айырмашылығы, адам қоршаған ортаға жоспарлы түрде, алдын-ала қойылған мақсатқа өз күш-жігерін жұмсай отырып, іс-әрекет етеді. Еңбек процессінде шынайылықтың бұндай сипаттағы өзгеруі, адам өз іс-әрекетінің нәтижесінен не алғысы келетінін санада алдын-ала елестеуіне әкеледі.
Мысалы: өрмекшілер тігіншілердің операциясын еске түсіретін белгілі-бір операцияларды жасайды, ал аралар өздерінің ұяшықтарын жасай отырып, құрылысшыны көз алдына келтіреді. Алайда кез-келген ең жаман маман ең жақсы арадан немесе кез-келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді. Осылайша, адам арқылы қандай да бір жаңа нәрсені жасау процесін қарастыра отырып, біз адам психикасының тағы бір феноменіне кезігеміз. Оның мәні адамдардың өз санасында шынайы өмірде әзірге жоқ образды жасауында, ал бұндай образды жасауға біздің өткен тәжірибеміз әсер етеді.
Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Қиялдың ғылыми техникада және көркем Шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.
Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.
Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.
Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.
Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.
Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.
Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.
Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.
Осылайша, қиял адам организімінің процесстерін реттеуде де және олардың жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.