Зейіннің ауысуы - ол бір әрекет түрінен келесіге өтудегі жылдамдығы (аңғалақтық – ауысудың төмендігі). Зейіннің тез ауысуы көбінесе жүйке процессінің жылдамдығына байланысты. Кейбір адамдар бір іс-әрекетінен басқасына тез өтіп, оны толық зейінмен жеңіл және тез атқарады. Бұл адамдардың зейіні – жылжымалы, бейімделгіш. Басқаларға бір істен басқа іске өту күш салуымен байланысты. Оларға “есін жинау”, “жұмысқа кірісу қажет”. Бұл адамдардың зейіні бейімделгіш емес.
Зейіннің тез ауысу қабілеті уақытша мен кенет пайда болған қозуға әсер ету кезінде керек. Осы сияқты мәселе көлік жүргізушілерде, спортсмендерде және т.б. көп кездеседі. Кейбір уақытта зейін небір қозудың қабылдауына дайын кезде алдын –ала ескерту немесе сигнал беру қажет. Мысалға, команда беруде: “ алдын –ала команда” “орындаушы команда” үшін сигнал болып табылады. Сигналдың уақытымен берілуі өте қажет. Ол өте кеш берілсе, зейін дайындалып үлгірмейді, оны өте ерте берсе зейін өте пассивті күтуден жалығып “зейіннің тербелуіне” әкеп соғады. Алдын –ала команданы 2 секунд бұрын беру өте тиімді.
Аңқаулық. Аңқаулық сөзі 2 мағынада қолданылады. Бұл сөзбен әр түрлі себептерден пайда болған зейінсіздіктің 2 түрін белгілейді. Бірінші мағынадағы аңқаулық – ырықты зейіннің әлсіздігі; оның салдарынан жеңіл алаңдаиушылық пен зейіннің толық орнықсыздығы болады. Зейіннің ауытқу күші әлсіз сыртқы қозудан шығады. Ол 2-ші сигналдық жүйесі келтірген қозу ошағының әлсіздігіне байланысты. Адам ұзақ уақыт бойы еш нәрсеге зейін тоқтата алмайды, зейіні үздіксіз бір нәрседен екінші нәрсеге көше береді. Осы ерекшеліктер кіші жастағы балаларда жиі байқалады. Әр ересек кейде осы сияқты аңқаулық күйге ұшырайды. Мысалы, қатты қажу немесе шаршау күйіне. Егер осы сияқты аңқаулы адамның адамның тұрақты ерекшелігі болса, онда ол адамның зейінінің тәрбиесіздігі мен шыр бұзылуы туралы айтылады. 2-ші мағынадағы аңқаулықтың өзгешелігі – адамның соншалықты бір затқа шоғырлануы, ойларына берілуі, соншалықты оның салдарынан ол қарапайым заттар туралы өзіне есеп бере алмайды. Осы аңқаулықта, әрине, зейіннің әлсіздігі туралы айтуға болмайды, керісінше шоғырлану күші өте жоғарғы сатыда болады.Сөзсіз, бұл зейінің кемшіліктері бар: бұл – зейіннің үлестіре білмеуі, зейіннің басқаға нашар ауысуы, адамдардың зейіні күшті болса да, ол – тар, қозғалмайтын болып келеді. Аңқаулықтың осы түрінің негізгі себептері: біріншіден, басқа тиімді қозудағы бөлігінен біртұтас ми қыртысының тым күшті тежелуі. Екіншіден, жүйке процессінің баяу жылдамдығы.