Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет13/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кез-келген адамды таңдап, оның бойындағы маңызды индивидуалды ерекшеліктерін атап көрсетіңіз. Олпорттың орталық диспозицияны қалай түсіндіреді? Тұлғаны күнделікті ауызекі тілде суреттеу үшін орталық диспозицияның маңызы қандай?


  1. Өз бойыңыздағы тұлғалық қасиеттерді атап көрсетіңіз. Бұл тізімдегі қасиеттер сіздің интуитивті сезіміңізді толықтай қамтиды ма? Сіздің индивидуалдығыңызды сурттеуге проприум концепциясы маңызды деп есептейсіз бе? Сіздің өз суреттеуіңізге проприум концепциясы не қоса алады? Сіздің орталық қасиеттер тізімінде не жоқ?




  1. Олпорттың ұсынған «функционалды автономия» концепциясы туралы көзқарасыңыз қандай? Адамдар шын мəнінде өткенмен мотивациялық байланысын үзуі мүмкін бе? өздеріңіздің айғақтарыңызды мысалдармен дəлелдеңіз.

Олпорт бойынша «ересек тұлғаның» алты сипаттамасы сіздің дені сау тұлға жөніндегі көрінісіңізге қаншалықты сəйкес келеді?


8 дәріс.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тұлға теориясындағы үйретуші-бихевиоралды бағыт (Б.Ф.Скиннер).

  2. Б.Ф.Скиннердің операнттық үйрену теориясы.

1. Скиннерді ең алдымен қызықтырған модифициленген мінез-құлық болды. Алдын ала болжау жəне түсіндіру тұлғаның модифициленген тұрақты аспектілерінің біліміне негізделуі мүмкін. Бірақ бақылау тек қана модификацияның көмегімен жүзеге асады; бақылау бойынша мінез-құлықтық стереотип қалыптасуы үшін орта пайда болуы керек. Бірақ Скиннер көрсеткендей, мінез-құлықты детерминилейтін факторлар ортадан табылады. Біріншіден, ортаның маңызды оқиғаларын тануға деген өмірлік қабілеттің қажеттілігімен байланысты туындаған ағзаның бекуге деген сезімталдығы генетикалық негізге ие болады. Екіншіден, Скиннердің айтуынша, кез-келген түр немесе индивид үшін бір мінез-құлық типі екіншісіне қарағанда оңайырақ болуы мүмкін. Мінез-құлықтың кейбір түрлері тұтастай генетикалық негізге ие болып, сол себепті оларға тəжірибе ешқандай да ықпалын тигізбеуі мүмкін болатындығын мойындайды. Скиннер тұқым қуалаушылық пен ортаның арасындағы параллелизмді қарастырып, эволюция процесі туа пайда болған мінез-құлықты индивидтің жүре қалыптасқан мінез-құлқы секілді қалыптастырады деп болжайды. Бірақ ол генетикалық мінез-құлыққа қатысты айтқан кезде сақ болуды ескертеді, өйткені туа пайда болған мінез-құлықты анықтайтын факторлар бақылауға көнбейді, сондай-ақ туа пайда болған мінез-құлыққа ұқсас кейбір түрлері шын мəнінде тəжірибе нəтижесінде қалыптасуы мүмкін. Скиннердің айтуынша, индивидтің мінез-құлқы тек қана ортаның өнімі. Ол тек биологиялық өзгергіштіктің практикалық мəнін бəсеңдетеді, өйткені таза мінез-құлықтық ғылымдарда өзгергіштікті бақылауға қою мүмкін емес.




  1. Скиннер жауап қайтарудың айнымалылықтарын таңдау кезінде ең алдымен олардың ортамен қарапайым, тұрақты немесе заңды түрдегі байланысына мəн береді. Мінез-құлықтың негізгі жүйеленуі Скиннердің ұсынуы бойынша, оперантты жəне респондентті мінез-құлықты бөліп көрсетуден тұрады. Бұл айрымашылық ең алдымен жасанды туғызға жіне кенет пайда болған реакция бойынша бөлінеді. Біз көріп тұрғанымыздай, əрекет туғызатын стимулдың болмуына қарамастан туындайтын операнта басты назарда тұрады. Респондента болса, белгілі стимулдың ықпалымен туындайды, ең жақсы көрінісі рефлекстен көрініс табады. Скиннердің қызығушылығын тудыратын мінез-құлықтың өзгерісі, үйрену, мінез-құлықтың модификациясы. Басқа да теоретиктер секілді Скиннер тұлғаны түсіну мінез-құлықтың дамуын адам ағзасы мен ортаның интеракциясына негіздейді. Скиннер жүйесінің негізгі концептісі болатын бекіту принципі? Жəне оның позициясы көп жағдайда оперантты бекіту теориясы түрінде белгіленеді.

Мінез-құлықты бекіту дегеніміз осындай мінез-құлықты болашақта өзгертуге мүмкіндік болатындай етіп, манипуляцияны жүзеге асыру. Белгілі-бір операциялар реакцияның туындау ықтималдығын заңды түрде өзгертетіндігі туралы ашылулар ең алдымен мінез-құлық модификациясын зерттеулердің көшбасшылары И.П.Павлов жəне Э.Л.Торндайкке тиесілі. Павлов бекіту принципін классикалық шартталған жағдайға сай ашты.


Күшті шартты реакция қалыптасқаннан кейін экспериментатор шартты стимулды оған жалғасатын бекітусіз жүргізетін болса не болатындығын көргісі келеді делік. Оның нəтижесі былай болады: шартты реакция өше бастайды. өшу- бекіту реакциячы болмаған жағдайда туындайтын əлсіз жауап реакциясы болып табылады.
Скиннер классикалық шартталудың болматындығын мойындайды жəне оның бекіту принципіне тəуелділігін де көрсетеді, бірақ үйретудің бұл типі осы принципке негізделген басқа əрекетке қарағанда көп қызығушылығын тудырмайды. Бұл үйретудің өзге типін алғаш рет жүйелі түрде зерттеген Торндайк болды жəне ол инструменталды немесе поерантты шартталу деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет