Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері



бет2/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері

Жоғары мен. Адам қоғамда тиімді əрекет етуі үшін ол құндылықтар , норма, жəне этика жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығына «əлеуметтену» процесінде қол жетеді; психоанализдің құрылымдық моделі тілінде-Жоғары-Мен-ң қалыптасуы негізінде.
Фрейд Жоғары-Менді екі бөлікке бөлді: ар-ождан жəне Мен-идеал. Ар-ождан ата-ананың жазалауы көмегімен қалыптасады. Ол сыни өзін-өзі бағалау, моральды тыймдардың болуы, балада кінə сезімінің болуын көрсетеді. Жоғары –Мен-ң мадақтаушы аспектісі-Мен-идеал. Ол ата-аналардың əрдайым мадақтауы, жоғары бағлауы, ол индивидуумның өзіне жоғары стандарттар қоюына əкеледі. Егер мақсатқа қол жеткізсе, өзі-өзі құрметтеу жəне мақтаныш сезімі орнайды. Мысалы, баланы жақсы бағасы үшін мадақтайтын болса, ол əрдайым академиялық жетістіктері үшін мақтанатын болады.
Ата-ананың бақылауы өзіндік бақылауға айналған кезде Жоғары-Мен қалыптасқан болып есептелінеді
2. Психодинамикалық бағыттың қысқаша сипаттамасы.


Психоаналитикалық теория адамдар күрделі энергетикалық жүйе болып табылады деген көрініске сəйкес келеді. Фрейд психикалық энергияның бастауы қозудың нейрофизиологиялық күйі болып табылады деп есептеді. Кез-келген адам адамда психикалық белсенділікті қоректендіретін белгілі-бір энергияның мөлшеріне ие болады. Адамның қалауы түрінде көрініс табатын денелік қажеттіліктердің психикалық бейнелері Фрейд бойынша инстинктр деп аталады. Кез-келген адам белсенділігі (ойлау, қабылдау, ес, қиял) инстинктермен анықталады. Инстинктер көлемі шектелмегенменен негізгі инстинктердің екі тобы басты болып келеді: өмір жəне өлім инстинктері. Бірінші тобы (жалпы атауы Эрос) адам өміріне қажетті маңызды факторларды, түрдің көбеэін қамтамасыз ететін барлық күштерді құрайды. Индивидуумның ұйымдасуын, тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін негізгі инстинктер жыныстық болады. Жыныстық инстиктердің энергиясы либидо деп аталады. Либидо- жыныстық мінез-құлықтан күш алатын психикалық энергияның белгілі-бір санын көрсетеді.


Инстинктің келесі тобы- өлім инстикті Танатос- барлық қаталдық, агрессия, өзіне қол жұмсау, өлім көріністерінің негізінде жатады. Шопенгауерге сүйене отырып Фрейд: «Өмірдің мақсаты-өлім» деп айтты. Кез-келген инстинкттің мынадай төрт сипаттамасы болады: бастауы, мақсаты, объекті, стимул


  1. Тұлға дамуы: психожыныстық стадиялар.

Фрейд тұлға дамуының төрт стадиясын көрсетті: оральды, анальды, фалликалық, гениталды. Дамудың жалпы схемасына баланың 6-7 жасына жəне жыныстық жетілуіне сəйкес келетін латентті кезеңді кірістірді. Алғашқы үш стадия туғаннан бес жасқа дейінгі кезді қамтып, прегениталды стадия деп аталады, өйткені жыныстық органдар аймағы тұлғаның қалыптасуында маңызды орын алмайды. Төртінші стадия пубертаттың бастауымен сəйкес келеді. Стадиялардың атауы дене аймақтарының атауына негізделген оның стимуляциясы либидо энергиясының босауына əкеледі.


Психоаналитикалық теориядағы маңызды ұғым регрессия яғни, дамудың ерте кезеңіне сəйкес
келетін балалық мінез-құлықпен сипатталатын психожыныстық дамуына оралу болып табылады.

Регрессия – бұл ерекше жағдай оны Фрейд фиксация деп (белгілі-бір психожыныстық стадияда

дамудың шектелуі) атады.

Оральды стадия

Оральная стадия туғаннан 18 айға дейінгі уақытқа созылады.

Анальды стадия

Анальды стадия 18 айданбастап, үш жасқа дейін созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет