Фалликалық стадия Үш жас пен алты жас аралығында баланың қызығушылығы либидо энергиясы жаңа эрогенді зона гениталий аймағына жылжиды. Бəсекелестік балаға үрей туғызады, ол өз жыныстық мүшесінен айрылып қалудан қорқады. Мұны Фрейд кастрация қорқынышы деп атады.
Бес жəне жеті жас аралығында эдип комплексі шешімін табады, бала өз жыныс мүшесінің қалауын басады да, өзін əкесімен ұқсастыра бастайды (оның қасиеттерін игереді).
Латентті кезең Алты-жеті жастан бастап, жасөспірімдік жастың бастауында жыныстық дамудың тыныштығы орнайды. Оны латентті кезең деп атайды. Енді баланың либидосы сублимация көмегімен іс-əрекет түрінде, жыныстықпен байланыссыз-интеллектуалды, спорттық, құрбыларымен қарым-қатынас түрінде көрініс табады. Жыныстық қажеттіліктің бəсеңдеуін Фрейд бала ағзасындағы физиологиялық өзгерістердің туындауымен байланыстырып, оның бойындағы тұлға құрылымындағы Мен жəне Жоғары-Мен туындауымен түсіндіреді.