Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері



бет4/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері

Гениталды стадия
Жыныстық жетілудің туындауымен жыныстық жəне агрессивті қозулары онымен бірге қарама-қарсы жыныс адамына жыныстық қызығушылық туады. Гениталды стадяиның бастапқы фазасы ағзадағы биохимиялық жəне физиологиялық өзгерістермен сипатталады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Либидо дегеніміз не?

  2. Фрейд бойынша психжыныстық стадияларды сипатта.

  3. Фрейд бойынша тұлға құрылымы.

  4. Фрейд бойынша топографиялық моделдің компоненті.

Психоаналитикалық терапияға қатысты қазіргі тұрғылар.
5 дәріс.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Аналитикалық және индивидуалды психологиядағы тұлғаны түсіну.

  2. А.Адлер теориясы.

  1. Юнг тұлға құрлымын үш компонентпен қарастырды: Эго-сана, индивидуалды бейсаналылық жəне ұжымдық бейсаналылық. Тұлға немесе психика тұтастай алғанда, бірнеше диференцирленген бірақ өзара бір-бірімен байланысты жүйелерден тұрады. Олардың ішінде маңыздысы: Мен, тұлғалық бейсаналылық жəне оның комплекстері, ұжымдық бейсаналылық жəне оның архетиптері, маска, анима, анимус, көлеңке. Бұл өзара байланысқан жүйеден басқа, интроверсия жəне экстроверсия ұстанымдар жəне қызметтер-ойлау, сезім, түйсік жəне интуиция болады. Сондай-ақ, өздік-тұлғаның нағыз орталық мəселесі болады.

Тұлғалық бейсаналылық мазмұны санаға қол жетерлік болады; тұлғалық бейсаналалық пен Мен арасында күшті «екі жақты қозғалыс» болады.


Комплекстер. Комплекс – бұл тұлғалық бейсаналылықта болатын сезімдер ойлар, перцепцияның жиынтығы немесе ұйымдасқан тобы. Оның алуан түрлі күйзелістерді өзіне тартатын магнит секілді əрекет ететін ядросы болады.
Ұжымдық бейсаналылық. Ұжымдық немесе тұлғаға дейінгі бейсаналылық ұғымы – Юнгтің тұлғалық теориясындағы түпнұсқалы жəне əлі шешімін таба алмаған мəселе болады. Ұжымдық бейсаналылық- ата-анадан тұқым қуалайтын жасырын естердің сақтайтын орны; бұл тұқым қуалайтын өткен жағдай адамдардың нəсілдік тарихын ендіріп қана қоймай сонымен қатар адамдардың өмір сүруіне дейінгі тəжірибесін көрсетеді. Ұжымдық бейсаналылық адам эволюциялық дамуының,
тұқым қуалауының ұзақ уақыт бойы туындайтын тарихын көрсетеді. Юнг ұжымдық бейсаналылықтың əмбебаптығын барлық нəсіл өкілдерінің ми құрылымының бірдей болатындығымен, эволюцияның қоғамдық болуымен түсіндіріледі.
2.Архетиптер. Ұжымдық бейсаналылықтың құрылымдық компоненті əртүрліше аталады: архетиптер, доминанта, бастапқы образдар, имаго, мифологиялық образдар, мінез-құлықтық стереотиптер. Архетип – бұл эмоционалды мəнді элементтен құрайтын, əмбебап ойлау формасы. Архетиптерді бір-бірінен оқшауландыру міндетті емес өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты жəне араласқан.
Ұжымдық бейсаналылықта көптеген архетиптер болады. Олардың ішінде танымалдары- туу, өлім, билік, сиқырлық, тұтастық, батыр, бала, Құдай, ақылды қария, жер-ана, жануар архетиптер.

Маска (persona) – бұл ішкі архетиптік қажеттіліктерге жауап ретінде əлеуметтік шарттар жəне дəстүрлерге жауап ретінде киетін бетперде. Бұл- қоғамның адамға міндеттеген рөлі, қоғамдық талаптарға орай орындауы тиіс қызметі болып табылады. Масканың мақсаты- басқаларға жақсы əсер қалдыру жəне олкөп жағдайда адамның шынайы табиғатын жасырады. Маска немесе

бетперде-бұл өпшілікке көрініс беретін тұлға. Мен маскамен сəйкестене отырып, индивид өзінің шынайы сезімдері емес керісінше ойнайтын рөлін саналы түрде таниды.
Анима и анимус. Адам табиғаты бойынша қосжынысты мақұлық болып табылады. Ер адам тұлғасының фемининдік жағын жəне əйел адамның маскулиндік жағын Юнг архетиптермен түсіндіреді. Ер адамдағы фемининдік жағы анима, əйел адамдағы маскулиндік архетип анимус деп аталады.
Көлеңке архетипі жануар инстикттерін көрсетеді, эволюция барысында төменгі формадағы адамдар тұқым қуалау барысында қалыптасады. Көлеңке архетипі сана жəне мінез-құлықта қолайсыз жəне əлеуметтік қабылданбайтын ойлар, сезім, əрекеттердің туындауына жауап береді. Олар ортаның əжуалауынан мака арқылы тығылып, тұлғалық бейсаналылыққа ығыстырылады.
3.Өздік- бұл барлық қалған жүйелер топтастырылатын тұлғаның орталығы. Олар бұл жүйені сақтайды жəне тұлғаның бірлігін, тепе-теңдігін жəне тұрақтылығын қамтамасыз етеді..
Өздік-бұл өмір мақсаты, адамдар əрдайым оған жетуге ұмтылады жəне көп жағдайда қол жетпейді. Басқа архетиптер секілді ол адам мінез-құлқын мотивациялайды жəне тұтастықты религиялық жолдан іздеуге тырысады. Шынайы религиялық күйзелістер өздікке жақын.
Өздік туралы көрініс Юнгтің маңызды психологиялық жаңалығы болып табылады жəне архетиптерді зерттеудегі маңызды сəті болып табылады.
Ұстанымдар. Юнг тұлғаның екі бағдарлылығы мен ұстанымын- экстраверсия жəне интроверсия ұстанымын көрсетті.
Қасиеттері. Негізгі төрт фундаменталды психологиялық қызмет болады: ойлау, сезім, түйсік, интуиция. Ойлаудың көмегімен адамдар əлемнің жəне өзіндік өмірінің мəнін түсінуге тырысады. Сезім- бағалау қызметі; ол заттардың құндылығын, субъект үшін позитивті немесе негативті жағын анықтайды. Сезім қызмет ретінде адамдарға қанағаттану жəне ауру, ашу, күйзеліс, қуаныш, махаббатқа қатысты субъективті күйзелістерін береді. Түйсік- перцептивті жəне шынайы қызмет. Ол нақты фактілер жəне өмірді түсінуге мүмкіндік береді. Интуиция-бұл бейсаналы процестер жəне мазмұн негізінде қабылдау болып табылады.
Альфред Адлер он жылға жуық Венадағы психоаналитика орталығының белсенді мүшесі болды. 1911 ж. ол өзінің жеке көзқарастары туралы баяндау барысында қоғамның өзге мүшелерінің қарсы пікірлеріне душар болып, қоғамнан мүлде қол үзді, сөйтіп өзінің дербес психология мектебін құрды. Психоаналитиктердің дәстүрлі ұғымдарына кереғар болған.

Адлердің теориясының басты бағыттары қандай еді деген заңды сауал туындауы сөзсіз. Әрине, біз Адлердің барлық теориясын жан-жақты талдамаймыз, дегенмен психоаналистік теориядан мүлде өзге бағыттағы пікірлеріне тоқталып өтеміз.

Фрейдтік ағымға мүлде сәйкес келмейтін пікір түрлері, бұлар: инстинктік жыныстық белгілер, әлеуметтік ортаға сай бейімделу және таным. Адлер ерте кезден бастап-ақ дене кемістігі бар адамдардағы даму ерекшеліктері, құбылыстарына айрықша көңіл бөлді. Егер, адамның белгілі бір дене мүшесі қалыптағыдай дамымаса не ауытқушылық болса, адам бүкіл сана-түйсігін осы өз бойындағы олқлықтың орнын толтырып, оны өзгелерге байқатпауға тырысады немесе басқа бір сезім мүшесіне ерекше зер салып, әлгі олқы мүше қызметнің орнын толтырғандай болады. Мысалы: - бала кезінде тілінің кекештігі бар адам есейе келе көркемсіз шебері, шешен болуға талаптануы мүмкін, ал көзінде мүкістігі бар адам, ең әлсіз дыбыстарды да ажырата білу қабілетін меңгеру мүмкін. Адлер бастапқыда адам бойындағы дене кемістігін ғана зерттеумен шектелсе, кейін өзін мүгедек сезіну және оның орнын толтыру сезімдерінің психологияын зерттеуге ден қойды. Адлер бұл сезімдерді мүгедек адамдардың өмірлік қағидасы тұрғысында қарастырып, олардың жеке тұлғаларының бастапқы аспектісі ретінде зерттеді. Бұл ұғымдарды биологиялық тұрғыда емес, әлеуметтік тұрғыда қарастыруға көңіл бөлді.

Адлер өз теориясында жеке адамның үстемдікке деген, билік жүргізуге деген ынтасы туралы, әлеуметтік қызығушылықтары туралы жан-жақты зерттеді. Сонымен қатар, адамның өзіне бағытталған сезімдерге деген әрекетті, мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттері, психологиялық дамуға өмірге келу кезегінің әсері сияқты құбылыстарды зерттеді. Әсіресе, осы соңғы құбылыстыр туралы психологтар арасында мынадай тенденция қалыптасты: отбасындағы тұңғыш ұл не жалғыз ұлдар жасы кіші ұлдарға қарағанда өмірде, қызметте үлкен жетістіктер мен табыстарға қол жеткізді. Мысалы, 23 американдық астронавтардың 21-і отбасында тұңғыш не жалғыз ұл екен.



Адлердің идеяларының көпшілігі қоғамдық таным деңгейінде бағаланып, кейінгі буын теоретиктердің пікірлерінде ескеріліп жатса да, ол құрған жеке тұлға психологиясын жан-жақты зерттеу мектебі, жалпы жеке адамның табиғатын зерттеу және оның теориясын айтарлықтай үлес қосты деп айта алмаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет