Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Джон Локк (1632-1704 ж.ж.)



бет75/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) - ХУ11 ғ философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға.
Негiзгi еңбектерi “Адамның зердесi жөнiндегi тәжiрибелер², “Мемлекеттi басқару жөнiндегi екi трактат², “Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар² т.с.с.
Онтологиялық мәселелер

Өзiнiң Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж.. Локк тәжiрибе арқылы зерттелетiн заттарды эмпириалық субстанция дейдi. Сонымен қатар, ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады - оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.
Материя - орасан зор өлi кесек, ол өзiнiң күшiмен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлi материя оның сыртында тiршiлiктен де соншалықты алыс.
Онда дүниедегi қозғалысты, тiршiлiк әлемiн кiм тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж. Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. Осы жоғарыдағы көрсетiлген қозғалыс пен тiршiлiк - Құдайдың құдiреттi күшi арқылы пайда болды. Бiрiншi, мәңгiлiктi ойлайтын пәнде жаратылған өлi материяның кейбiреулерiне белгiлi бiр дәрежедегi сезiм, қабылдау және ойлау қасиеттерiн беру мүмкiндiгiнен ешқандай қайшылықты көрiп тұрған жоқпын,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, Құдай жаратқан Дүние әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде дамиды.
Ал, Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте қиын. әсiресе, оның денесi бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкiм жауап бере алмайды.
Бiрақ, оның өмiр сүруiнде күмән жоқ. “Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдiреттi күш соншалықты көрiнiп тұр, сондықтан кiм ол жөнiнде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды²,- дейдi ұлы ойшыл.
Сонымен, Құдай идеясына адам ойлау тәжiрибесi арқылы жетедi. әрi қарай ойлау арқылы бiз Құдайдың шексiздiгi мен мәңгiлiн аша аламыз,- дейдi Дж. Локк.
Гносеологиялық мәселелер
Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар² жөнiндегi ағымдарды сынға алады. “Егер бiз қандай да болмасын бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз²,- дейдi Дж. Локк. “Туа бiткен бiлiмдi² сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге өз назарын аударады.
Мысалы, “бүтiн бөлшектерден үлкен²- бұл идея салыстырмалы және тәжiрибеден туады. Ал, “тепе-теңдiк² заңымен “қайшылық заңын² алсақ, балалар бұл заңның не екенiн бiлмейдi. Бұл заңдар бiздiң жан-дүниемiзге туа бiтсе, онда оны сәби де, балауса да бiлер едi ғой ,- дейдi Дж. Локк.
Дж. Локктың ойынша, қайсыбiр бiлiм, идеяның негiзiнде тәжiрибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса, бейсаналы жолмен бiздiң рухани өмiрiмiзде жыйналуы мүмкiн. Сондықтан, бiздiң жан-дүниемiздегi неше-түрлi ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бiзбен бiрге туа келмейдi, ол өмiрлiк тәжiрибе арқылы қалыптасады.
Ұғымдар сияқты, моральдық нормалар да шынай өмiрде бiрте-бiрте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмiрдiң өзгерiстерiне сәйкес өзiнiң мән-мағнасын жетiлдiрiп отырады. әр-түрлi халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бiр-бiрiне ұқсас емес - бұл деректердiң өзi бүкiл адамзатқа тән туа бiткен моральдық құндылықтардың жоқ екенiн көрсетедi. Адамдардың iзгiлiктi, жақсылықты жақтауы оның туа бiткенiнен емес, негiзiнен, оның пайдалығында жатыр,- дейдi Дж. Локк.
Сонымен, егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта² (tabula rasa) ретiнде қарауға болады. Адам өмiрге келiп тәжiрибе жыйнап сол “таза тақтаға² жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжiрибенi Дж. Локк сезiмдiк тәжiрибе (sensation) дейдi.
Ал адамның iшкi рухани өмiрiндегi тебiренiстердi, неше-түрлi қиял, идеяларды қайда жiберемiз? - Әрине, Дж.Локк оларды терiске шығармайды. Ол оның бәрiн терең iшкi тәжiрибе, сезiм, ой-өрiсi ретiнде қарайды да, оған рефлексия (reflection- бейнелеу) деген ат бередi. Егер сыртқы тәжiрибеден алған идеяларға бiз көзбен көру, құлақпен есту, иiстi сезiну т.с.с. арқылы келсек , iшкi тәжiрибе - адамның өзiнiң iшкi ой-өрiсiн талдау арқылы келедi. Ал ендi осы екi тәжiрибенiң қарым-қатынасы қандай? - Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сыртқы тәжiрибе алғашқы. әсiресе, адамның сәбилiк және жастық уақытында негiзiнен сыртқы тәжiрибе басым болып оның психологиясының қалыптасуына шешушi рөл атқарады. әрi қарай жүре келе, адамның әлеуметтiк құрылымындағы орнына байланысты оның iшкi тәжiрибесi - оның Дүние жөнiндегi ойлары, үмiтi, күмәнi, сенiмi, қуанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбiр адамдардың iшкi рухани өмiрi ерте, кейбiреулерде өте кеш оянады. Ал, уақытында дамымай қалып надандықтың шеңберiнен шыға алмағандардың тiптi iшкi өмiрi оянбау да мүмкiн деген ойға келедi Дж. Локк. Мұндай терең пiкiрмен, жалпы алғанда, толығымен келiсуге болады. Сонымен қатар, Дж.Локк терең ойшыл ретiнде бұл мәселеге бiржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, iшкi тәжiрибенiң дербес өмiр сүре алатынына да бiздiң назарымызды аударады. Өйткенi, iшкi тәжiрибе тұрақтылығы мен өзiнiң мәндiлiгi жағынан дербес өмiр сүре алатын дәрежеге көтерiле алады. Екiншi жағынан алғанда, адамның iшкi өмiрiнiң қалыптасуына оның туа бiткен табиғи дарындары да зор әсерiн тигiзедi. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжiрибеге тәуелдi емес, және адамның iс-әрекетiн, мамандығын таңдауда шешушi рөл атқарады. “Бiркелкi тәрбие алған адамдардың әр-түрлi қабiлеттерiнiң бар екенiн байқаймыз²,- деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында бiз сыртқы тәжiрибемен қатар iшкi тәжiрибенi де дамытуымыз керек. Бұл пiкiрмен тағы да келiсуге болады.
Сонымен, Дж. Локктың ойынша, танымның негiзiнде түйсiктер мен ойлау қабiлетi жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнiндегi тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде бiз Дж.Локктың “идея² ұғымына жаңа мазмұн бергенiн байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берiлген болса,- олар дербес өмiр сүредi деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенiң кейбiр жақтарын бейнелейтiн ұғым, түйсiк, тiптi қиял ретiнде түсiнедi.
Сыртқы және iшкi тәжiрибенi бiр-бiрiнен айырып қарағаннан кейiн Дж. Локк идеялардың бiрiншi және екiншi сапасының бар екенiн мойындайды. Ендi соларға мiнездеме берейiк.
Бiрiншi сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлiнбейтiн негiзгi қасиеттер - созылу, бiтiм, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.
Екiншi сапалар - әрқашанда өзгерiсте, бiр жағынан пайда болып, екiншi жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттерi. Оларды бiз түйсiктерiмiз арқылы ашамыз: түрлi-түстi нәрселердi көзбен көремiз, әр-түрлi дыбыстарды құлақпен естимiз, неше-түрлi иiстердi мұрнымыз арқылы сезiнемiз, ащы-тұщыны тiлiмiз арқылы сезiнемiз т.с.с. “Бiрiншi сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екiншiлер олай емес. Тәттiлiк, жасылдық, жылылық т.с.с. - заттардың өзiндегi белгiлi бiр бiтiм, көлем, көрiнбейтiн бөлшектердiң қозғалысы ғана²,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, екiншi сапалар тек адамның өзiнде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бiрiншi қасиеттерiнiң әр-түрлi бiр-бiрiмен қосылуы деген пiкiрге келедi.
Ал ендi тұрпайы идеялардан күрделiге көшетiн болсақ, оны Дж. Локк субстанция ұғымы арқылы бередi. Ол тұрпайы идеялардың бiр-бiрiмен қосылуынан болады.
Дүниедегi әр-түрлi заттарды Дж. Локк эмпириялық, яғни тәжiрибеден туатын субстанция дейдi. Ол - нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал, философиялық деңгейге көтерiлсек, онда ол - материя, рух. Мысалы, бiз күндi алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, үне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрiн бiз тәжiрибе арқылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды бiрiктiретiн оның ар жағындағы негiз (support,- ағылшын сөзi,- негiз) неде деген сұраққа бiздiң сыртқы жэне iшкi тәжiрибемiз ештеңе айтпайды,- дейдi Дж. Локк.
Гносеология саласындағы келесi күрделi мәселе - ол жалпылық. Дүниедегi өмiр сүретiннiң бәрi - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ - ол ақыл-ойдың әрекетiнен пайда болады, заттардың бiр-бiрiне ұқсас қасиеттерi олардан ой арқылы бөлiнiп жалпыланады. Қайсыбiр тiлдегi сөздер арқылы бiз жалпылықты көрсетемiз.
Тiлдiң жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар. Оның бiрiншi жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметтi өмiрде қолданылады, адамдар бiр-бiрiне тiл арқылы неше-түрлi ақпараттар, өздерiнiң сезiмдерiн т.с.с. жеткiзедi.
Ал тiлдiң философиялық мағнасына келер болсақ, онда әрбiр ұғымның нақтылы көлемi, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше-түрлi ғылым саласындағы даудамалар, түсiнбеушiлiк, тiлдегi ұғымдардың әр-түрлi мағнада қолданылуымен байланысты. Әсiресе, ғылымға зор әсерiн тигiзетiн нәрсе- ол неше-түрлi мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздердi ойлап шығарып оны ғылым салалсына кіргізу жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет