Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Әлеуметтiк, мораль мәселелерi



бет74/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Әлеуметтiк, мораль мәселелерi
Iзгiлiк пен залымдық, жақсылық пен жамандық Б.Спинозаның ойынша нақтылы қалыптасқан әлеуметтiк ақуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жоқ. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiз - ол адамға пайда әкелетiн, ләззатқа жетелейтiн нәрселер, ал залымдық, жамандық дегенiмiз -ол адамға, оның өмiрiне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтiретiн, зардаптық сезiм тудыратынның бәрi. Моральдық саланың ең терең себептерi адамның “өзiн-өзi сақтау² заңында жатыр. Әрбiр адамның өз мүдделерi бар, сол үшiн олар бiр-бiрiмен күреседi.
Б.Спинозаның ойынша, адамның өмiрi тек қоғамның шеңберiнде ғана болмақ. әр адамның өз өмiрiн сақтап қалуға деген талпынысы олардың бәрiн қоғамға бiрiктiредi. Ал мемлекеттiк дәрежеге өту негiзiнен Т.Гоббстың “шарт жасау² мәселесiнде емес, еңбектiң бөлiнуiмен, адамдардың сан-алуан қажеттiктерiн өтеу керектiгiнен туады,- дейдi ұлы ойшыл.
Қоғамның рухани өмiрiне тоқтала келiп Б.Спиноза бұл саладағы Библияның құндылығын өте төмен бағалайды. Дiни құжаттардың қайсысы болмасын өте көп қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана қарапайым халықтың моральдық қасиеттерiн тәрбиелеуге деген маңызы бар. Ал дуниетанымға келер болсақ, оған тек ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады. Дiни соқыр сенiмдi алатын болсақ, оның дүниеге келуiнiң негiзгi себебi - қарапайым надан халықтың табиғаттың кахарлы түсiнiксiз күштерiнен қорқуында жатыр. Мысалы, өлiм мәселесiн алайық. Адам қандай амал қолданса да, одан құтыла алмайды, сондықтан, өлiмнен үрейленiп қайғыру - босқа уақыт өткiзгенмен тең. Өлiмнен қорқу -, құлдықтың бiр түрi. Оны ойлағаннан көрi адам өзiнiң күш-қуатын өмiрлiк мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен зардапқа, қайғыға толы өмiрi - ол тек бүкiл Дүниенiң шексiз кiшкентай өмiрiнiң бөлiгi ғана - мұндай ой адамға жұбаныш әкеледi,-деп қорытады ұлы ойшыл.
Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - ХУII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым - философ. Екiншi жағынан ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтануушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi бiтiргеннен кейiн екi ғылым саласынан докторлық диссертация қорғайды (логика мен құқтанудан). Аз уақыт дипломатикалық қызметте Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.
Негiзгi еңбектерi “Адам зердесi жөнiндегi жаңа тәжiрибелер², “Теодицея², “Монадология² т.с.с.
Онтологиялық мәселелер
Лейбниц алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөнiндегi iлiмдерi оны қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанциялары дүниенi қаққа бөлiп, олардың бiрегейлiгiн дәлелдеу ұшiн ол Құдай идеясын еңгiзуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екi атрибуты - созылу мен ойлау - бұрынғысынша бiр-бiрiнен тәуелсiз болып қала бердi. Бұл екi ұлы философтар дүниенiң шексiз әр-түрлiлiгiн өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.
Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты - түбi бiр, сонымен қатар шексiз әр-түрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.
Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.
Мұндай ой-өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадаларды (monos,- грек сөзi,-бiр) мойындауға әкелдi. Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.
Сөзсiз, мұндай ойларға Лейбництi Левенгуктың микроскопты жасап адам ұрықтарын үлкейтiп көрсетуi себеп болса керек.
Лейбництiң монадалары iс-әрекетке толы, олардың әрбiреуi мәңгiлiк өзгеру, жетiлу толқынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейiн әр-түрлi iшкi күштерге толы, олар өздерiн шындыққа айналдыру жолында материалдық өмiрдi, физикалық процестердi тудырады.
Монадаларды жете түсiну үшiн ойшы адамдардың өмiрiмен оларды салыстырады, өйткенi, адамның жан-дүниесiнiң өзi әр-түрлi монадалардан тұрады. Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде үне бойы өзгергенмен, бiрақ сол тұлға болып қалады - монадалар да сол сияқты.
Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әр-түрлi топтарға бөлiнiп өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты..
Әрбiр монада - өзiнше жабық ғарыш. Лейбниц “монадалардың әйнегi жоқ, сондықтан ешнәрсе оған кiрiп, ешнәрсе одан шыға алмайды²,- дейдi. Монада басқа монадаларға өзiнiң әсерiн тигiзе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбiреуi - өз-өзiне жеткiлiктi және өзiн-өзi шектеген.
Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бiр-бiрiне өз әсерiн тигiзе алмаса, онда Дүние бытырап тәртiбi жоқ тұңғиық болып кетпей ме? Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген, үйлесiмдi түрде өмiр сүредi. өйткенi, олар алдын ала орнатылған сәйкестiктiң негiзiнде өмiр сүредi.
Дүниеде алдын-ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң Теодицея деген ұғымымен берiледi (teos,- грек сөзi,- құдай, dike,-әдiлеттiлiк, бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi).
Монаданың iшкi өзгеру, даму сатысын көрсету үшiн Лейбниц тағы да оны адамның жан-дүниесiмен салыстырады.Түйсiктер, аңлау, қабылдау, өзiндiк сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтедi.
Ең төменгi дәрежедегi монадалар негiзiнен тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар “түс көрмей ұйықтайды².
Екiншi сатыдағы монадалардың түйсiктерi, аңлаулық қасиеттерi бар. Олардың сана сезiмi әлi көмескi, iс-әрекеттерi әлi енжар болып келедi. Оларға негiзiнен жануарларды жатқызуға болады.
Д.Локктың философиялық көзқарастары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет