Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық



Pdf көрінісі
бет224/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й
NN-SD361 Инструкция, 55c14c37-1524-417b-90ca-01d7a3dbd87c, Колданбалы механика. лекция каз, Lecture 5 Nurdan Madina, Ботаника и наука, 3 -Жеңістің 78 жылдығына1
матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық
түрде ұйымдастырылуы, 
көптеген шығармашалық және зертханалық топтар мен филиалдардың 
көлденең басқарылуы қажет болды. Сөйтіп, аталған түрлі қызметтер 
уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі – 
басқарудағы дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар 
арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіре 
отырып, мақсаттық бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы. 
Жобалау технологиясын жүзеге асыру жоба жетекшілері ретіндегі 
басқарушылардың үйреншікті іс - әрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер 
ендіреді. Басқарушылардың арнайы дайындықтан өтуі кез келген деңгейдегі 
семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау технологиясын пайдалана 
отырып, проблемаларды анықтауда, шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді 
ұйымдастыра алуына мүмкіндік береді. 
Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес, 
педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі 
ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі 
басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер 
жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба 
барысында пайда болған проблемаларды талдау, шешім қабылдау, 
жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады. 
Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай 
басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің 
әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең» 
байланыстардың болуына негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі –
оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім 
қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. 
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі 
және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге 
асырылады. 
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы 
жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде 
ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға 
қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет