Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет26/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Патологоанатомиялық көрінісі. Шартты түрде патологиялық өзгерістердің төрт сатысын ажыратады: 1 — шырышты қабаттың ісінуі және гиперемиясы; 2 — некроз және ойылу; 3 -грануляцияның түзілуі; 4 — тыртықтану.
Шырышты қабаттың ісінуі және гиперемиясынан кейін тіндердің некрозы дамиды. Бірінші аптаның соңында (7-10 күн) некротикалық тіндер түсіп, орнына беткей және терең ойылулар қалады. Беткей ойылулар тез 1-2 айдың ішінде эпителизацияланады, ал терең ойылулар баяу жазылып, 2-6 ай ішінде грануляция және дәнекер тін түзіледі. Химиялық күйіктен кейін өңештегі тыртықты-жаралық үрдіс жылдар бойы созылуы мүмкін. Кең көлемді күйіктер асқазанның және өңештің қабырғасының некрозы нәтижесінде тесілуіне, қабыну үрдісінің көкірекаралыққа, өкпеқап қуысына, өкпеге және құрсақ қуысына таралуына әкеледі.
Клиникалық көріністері. Ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабатында жұтылған сұйықтықпен күю іздері байқалады. Күйіктен кейін бірден ауыз қуысында және төс артында күйдіретін ауру сезімі, жұтынғандағы ауру сезімі, шөлдеу, шыдатпайтын ауру сезімді құсу, қан аралас құсу, шок белгілері байқалады.
Зақымдалудың ауырлығына байланысты өңеш күйігінің үш дәрежесін ажыратады: 1 — жеңіл (шектелген аймақта шырышты қабаттың күюі); 2 — орташа дәрежелі (шырышты қабат және шырышасты негізін қамтыған кең көлемдегі некроз); 3 — ауыр дәрежелі (некроз шырышасты негізін және бұлшықеттік қабатты қамтып, параэзофагалды талшыққа және көршілес ағзаларға таралады).
Аурудың 5-10 тәулікке созылатын 1-ші (жедел) сатысында ауыз қуысында, төс артында, эпигастралды аймақта қатты ауру сезімі, саливация, құсу, дисфагия пайда болады. Науқастарда үрей пайда болады. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Тынысы жиіленген. Ауыр дәрежесінде шок белгілері пайда болады. Бірнеше сағаттан кейін күйіктік токсемияның белгілері дамиды: температура — 39°, тыныс жиіленген, беткей, пульс минутына 120-130 рет, артериялық қысым некроз салдарынан пайда болған ақуыздың ыдырау өнімдерінің нәтижесінде дамыған гиповолемия есебінен төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет