Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Өткізілген өлшеулердің жазбаша талдауына нұсқау



бет31/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Өткізілген өлшеулердің жазбаша талдауына нұсқау. Пульсометрия көрсеткіштерінің талдауы жүктемелер мен тынығуға және оларды сабақтың барлық ұзақтығында дұрыс бөліну ретіне тура баға беруі керек.


Тынығу уақытындағы әр жастағы балалардың
тынысы мен жүрек қағысының жиілігі (А. А. Бирюкович, 1973 ж.)
Кесте 4.

Жас шағы

1 минут ішіндегі жүрек қағыс ырғағы (мин-максим.)

Тыныс алуы орташа көрсеткіштері

8
10


12
14
16

Ұлдар
50-39
63-87
53-86
59-91
50-77

22
21


19
18
18

8
10


12
14
16

Қыздар
67-99
60-89
60-89
68-99
55-85

22
21


21
18
18

Оқушылардың жұмыстарының, инициатива мен белсенділікті көрсету тиімділігінің негізгі шарты, олардың қызметтерін бағалау болып табылады.


Бір жағынан, оқушылардың баға жүзінде көрсетілген білім деңгейі, қимыл іскерлігі мен қасиеттері, мұғалімнің сабақ үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық еңбегінің сапасын, жұмысының нәтижесін, міндеттерді қою іскерлігін, амалдар мен әдістер жинағын меңгеру шеберлігін ашып көрсетеді.
Бүгінгі күнде дене шынықтыру сабағынан үлгерімді үш критерии бойынша анықтайды:

  • сабақты меңгеру деңгейі және тәжірибеде қолдануы;

  • жоспарлық бағдарламада көрсетілген жаттығулардың тәсілдерін меңгеру деңгейімен анықталатын, қозғалыс әрекеттерін орындау сапасы;

  • Президенттік тесттер және мектеп бағдырламасында көрсетілген нормативтер;

«Дене шынықтыру» сабағы мен мұғалімнің осы пәнді меңгеруге қойған талаптарын біліп орындағанда ғана, баға өзінің қызықтырушылық рөлін ойнайды.
Дене шынықтырунен істелетін жұмыс барысында оқушыларға қойылатын талаптар әсем безендіріліп, көрнекі жерге, залға кіре берісте немесе залдың ішіне ілініп қоюы керек. Бұл талаптарды оқушылар дене шынықтырудың бірінші сабағынан бастап ұғып алулары тиіс және барлық жағыдайларда да олындалуы шарт. Олардың мәні келесіде:

  • Бағдарламада көрсетілген білімді толық меңгеру және оларды өз бетінше айналысу барысында қолдана алу;

  • Сабақта үйренген жаттығуларды орындаудың айла-тәсілдерін меңгеру;

  • Өз жасына сай күш, төзімділік, иілгіштік, ептілік, жылдамдық қасиеттерін дамытуға ұмтылу;

  • Алған білімдерін, іскерліктері мен дене қасиеттерін еңбекте және тұрмыста қолдана білу;

  • Саптық жаттығуларды мектеп бағдарламасы мен саптық жарғыға сәйкес жинақы және нақты орындай алу;

  • Мұғалімнің тапсырмаларын орындау кезінде ұйымшылдық, белсенділік және шығармашылық таныту;

  • Мұғалімнің және дене мәдениеті ұжылының тұйрықтары мен нұсқауларына жедел жауап қату;

  • Өзін өзі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын өз бетінше орындау;

Көп жағыдайларда мұғалімдер оқушыларының білімдері мен іскерліктерін жеке тексерместен, ақпараттық және оқулық функцияларын бағаламастан, балалардың мүмкіндіктерін жақсы білеміз деп ойлайды және сол себептен олардың әр қайсысына баға қоя аламыз дейді. Бұл функциялар аталған талаптарды орындағаны үшін бес-алты оқушыға баға қоюды талап етеді. Сол сияқты мына сөздер әр сабақтың ұранына айналуы тиіс: «Сендер — мықтысыңдар! Сендердің қолдарыңнан бәрі келеді! Сендер тезақ үйреніп аласыңдар! Тағы кішкене тырыссақ сендер – күшті, епті, сымбатты боласыңдар!». Бұндай сөздерді көп айта берудің қажеті жоқ, оларды көзбен, қабақпен, ымдап, дауыстпен, мимикамен жеткізу керек.
Тәжірибелі мұғалімдер өз сабақтарында оқушылардың жетістіктеріне қол соғу, жеңілген қоманданың жеңімпаз командаға қол соғуы, жеңімпаздарды қошаметтеу, қарапайым си-сияпаттар жасау сияқты амалдарды жетістікпен қолданады. Бұндай бағалау амалдарының қызықтырушылық қана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәніде өте зор.
Дене қасиеттерінің даму деңгейін бағалау жылдың басында, әр келесі сабақтар тізбегінің алдында және жылдың аяғында, оқушылардың көрсеткіштерін Президенттік тесттердің талаптарымен және бағалау кестесіңің нормативтерімен (стандарт) салыстыра отырып шығарылады.
Өзгерістерге тез ұшырайтын дене қасиеттерін жиі тексеріп отыру қажет. Тесттік тексерістер сабақтың өте аз уақытын жоғалтуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан бір сабаққа ереже бойынша, сабақтың мазмұнымен бірігіп кететін және оқушылардың барлығын бағалай алатын, бір ғана тест алынады. Тестілеу оқушылардың барынша мүмкіндіктерін көрсетуге итермелейтін, жарыс түрінде өткізіледі.
Жаттығудың орындалу сапасын (техникасын) бағалай отырып, мұғалім әр бөлімнің білім беру міндетінің талаптарына сүйенеді. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып, жіберілген ауытқуларды (қателіктерді) ескере отырып, мұғалім тиісті бағаны шығарады.
Қателіктерді үш топқа бөлуге болады: «аз», «аздаған» және «үлкен» қателіктер деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет