Дипломдық ЖҰмыс бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі Алматы 2008 Мазмұны



бет6/7
Дата12.04.2023
өлшемі215 Kb.
#174325
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дәстүрлі бағалау түрлері, Модель выпускника ПМНО (1) магистр АГЭУ 1 послед, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы, Қазақстан мен Германияның білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығы
Қорытынды


ХV-ғасырда өмiр сүрген ұлы данышпан бабамыз әбу Насыр әл-Фраби:”Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм-адамзаттық жауы,ол оның барлық өмiрiне апат әкеледi” – дейдi. Сондай-ақ, қазақтың қаһарман ұлы Б.Момышұлы бiр сөзiнде: “бiрiншiден, бесiк жырын айтатын келiндердiң азайып бара жатқанынан қорқамын, екiшiден, немерелерiне ертегi айтып бере алмайтын әжелердiң көбейiп бара жатқанынан қорқамын, үшiншiден, дәстүрдi сыйламайтын балалардың өсiп келе жатқанынан қорқамын” [30].
Өйткенi, бесiк жырын естiп ертегi тыңдап дәстүрдi бойына сiңiрiп өспеген баланың көкiрек көзi көр болама деп қорқамын.
Ал, көрдiң қорлына балта берсең, шаба салады, найза берсең сұға салады, намыстанбай бұға салады.
Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасаң халық болудан қаламыз ба деп қорқам, – деп ұрпақ болашағына алаңдайтынын бiлдiредi [31].
Қорыта келгенде тәрбие дегенiмiз не?
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған қзық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру.
Сонымен, ата-аналар сiздермен бiздiң басты мақсатымыз-денi сау, ұлттық сана- сезiмi оянған рухани ойлау дәрежесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожаны зор, еңбекқор, iскер бойында басқада игi қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгiнде жаһандану процесi жүрiп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу үлкен мiндет екенi даусыз, ұрпақ тәрбиесiнде халықтық тәрбиесiнiң бастауы ұлтжандылыққа, елдiкке, Отан сүйгiштiкке баулудағы уыз тәрбие – қазақи, халықтық этнопедогогика екенiн тәуелсiз елдiң өткенi де бүгiнi де дәлелдеп отыр.
“Ел болам десең, бесiгiңдi түзе”- деп, М.Әуезов айтқандай балалықтан басталып, болашаққа таралуы керек.
Тәрбие мәселесi ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетiлдiрiп отырған өмiр мектебi, осы өмiр мектебiнiң оқулықтарын бүгiнгi таңда халық даналығы қазынасынан, рухани өмiр беттерiнен, тарихы мен мәдениетiнен, әдебиетi мен өнерiнен, салт-санасы дәстүрiнен iздеген жөн .
Тәуелсiз елдiң тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен өз халқымды сүйемiн. Оның менi бала кезiмнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын».
Мен осы халықтың қанымен жанынан жаралған перзентпiн, сондықтан да қиын кезде өз мойныма түскен ауыр жүктi мойымай көтеруге мiндеттiмiн” деген жүрек жарды, патриоттық сезiм мен болмысқа толы ойларын мақтанышпен ұрандап айтуымызға болады. Үлкендi сыйлау, кiшiге iзет көрсету қазақ халқында, негiзiнен қандас ұрпақтарға өрiс алады .
Қазақ жастары патриотизмнiң ең жарқын көрiнiсi 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы алаңға шыққан жастар қазақ халқын әлемнiң кез-келген ұлтымен тең дәрежеде болатындай биiкке көтердi. Желтоқсан оқиғасы-бiртұтас ұлттың халықтық патриотизмнiң көрiнiсi болып тарихта қалды.
Қай елде, қай заманда болсын бала тәрбиесiне ерекше мән берiлген. Өйткенi бала ата-ананың ғана емес ұлыс пен ұлттың ертеңi, келер тарихқа аманат. “Тәрбиелi-тәртiптiң құны, тәртiптi – елдiң ұлы деп Халық қаһарманы, жазушы Б. Момышұлы айтқандай, ұрпақ- саналы өмiрдiң ең басты кепiлi”. Сол себептi балалрды барынша жан-жақты тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзектi мәселесi. Жас ұрпақты жан-жақты жетiлген, ақыл-парасатты, өрiсi биiк азамат етiп тәрбиелеу-қоғам алдындағы борыш екендiгiн ескере отырып, мектеп оқушылары арасында қоғамдық тәртiптi бұзушылықты алдын алу және болдырмау мақсатында бiршама тиянақты жұмыстар, iс-шаралар атқарылып отыру керек .
Президентiмiз: ”ХХI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемiн” – дейдi.
Ендеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың жұлдызды қаһармандарын тәрбиелеудi тал бесiктен бастайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет