Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Сейтова Лена Мұратқызы


Оюшы. Ою-өрнек атауларының топталуы және түрлері



бет10/17
Дата27.02.2022
өлшемі105,68 Kb.
#133596
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Сейтова Лена Мұратқызы
Бижанова Алма, жүйке-сезім мүшелері
1.7. Оюшы. Ою-өрнек атауларының топталуы және түрлері.
Оюшы. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп аталды. Оюшылықты өз дәуірінде суретшілік өнердей, күрделі өнер деп санады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алған. Оюдың қиындысын «үлгі» дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қолда бар бұрын – соңды жазылған деректер мен ел арасындағы қолөнер шеберлерінің айтуынша қазақ ою-өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200-ден астам түрі бар. Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болады: I. Ай, Күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты өрнектер. II. Малға, малдың денесіне, ізіне байланыстылары. III. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер. IV. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер. V. Құстарға байланысты өрнектер. VI. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі өрнектер. VII. Қару-құралдарға байланысты өрнектер. VIII. Геометриялық фигуралар тектес өрнектер. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударса, ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударады. Ою-өрнек ісінде қазақ арасына ең көп тарағандары, сырмақ, текемет, тұскиіз, дебіске, сандыққап, тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы, дөдеге, үзік, откиіз, керегеқап сияқты киізден ойылып алынатын заттар. Әрине, аталған заттарды өрнектеу тәсілі әр алуан. Оюлар құрылысына, жазықтықта, кеңістікте тұйықталу мәніне және образдардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы, мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар, хайуанаттар образын сипаттайтын оюлар; гүл, жапырақ, орман, тоғай, жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою-өрнектер; тұрмыс-шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш, төрт ромб және т.б. көп бұрышты геометриялық оюлар; Айды, Күнді, аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космогониялық ою-өрнектер. Ата-бабаларымыз осы топтарға құрылысына, мән-мазмұнына қарай атаулар беріп, оқып, танып бір-бірінен ажырата білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет