Ә. Әбдіхалықов, Қ. Әбдіхалықова микроэкономика пәнінен практикум



бет57/73
Дата15.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#112061
түріПрактикум
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
. бдіхалы ов, . бдіхалы ова микроэкономика п нінен практикум

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Құдайбергенова Г. Микроэкономика, Көкшетау, 2005 жыл, 143- 151, 15-162 б.

2. Молдахметова А.Б. Өтебаев М.Ө. Микроэкономика, «Фолиант» Астана, 2007, 144-150 беттер

3. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. М.: Дело, 1997, с. 211-230;

4. Макконнелл, Брю «Экономикс», Москва, Туран, 1996 г., , с. 247-260;



11. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ
1. Қысқаша теориялық материалдар
Ресурсқа деген сұраныс - берілген ресурстар көмегімен шығарылған дайын тауарлармен қызметтерден туындаған – туынды сұраныс болып табылады.

Ресурсқа деген сұраныс мынадай факторларға байланысты болады:

1. тауарды жасау кездегі ресурстың өнімділігіне;

2. берілген ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтық құнына

Ресурстарды тиімді пайдалану қағидасы:

пайданы барынша молайту үшін, фирма берілген ресурс түрінің кез-келген қосымша бірлігін әрбір келесі бірлік фирманың жалпы пайдасын ұлғайтатындай деңгейге дейін пайдалануы тиіс.

Ресурстардың шығынына өсім беретін ресурстың әрбір қосымша бірлігінің шамасы – ресурстарға кеткен шекті шығындар деп аталады.

Фирма үшін ресурстардың қосымша бірлігін MRP=MRC-ге тең болған нүктеге дейін қолдануы тиімді болып табылады.

Өндіріс факторларының нарығында фирмалар өнім өндіруге қажетті өндіріс факторларын (еңбек, капитал, жер) үй шаруашылығынан немесе басқа фирмалардан сатып алады немесе уақытша жалға алады. Өндіріс факторларының ақысы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы арқылы қалыптасады.

Ресурстарға баға белгілеудің маңызы төмендегі себептермен анықталынады:

Біріншіден, үй шаруашылығының нарықтағы табыстары мен фирмалардың өндіріс шығындары ресурстар нарығындағы бағаға байланысты болады.

Екіншіден, ресурстардың күнделікті өмірде шектеулі болып келетіндігі олардың фирмалармен салалар арасында қалай бөлінетініне ықпал жасайды. Және осы бөлінулер жалпы ел экономикасының дамуына және халықтың тұрмыс жағдайына әсер етеді. Сондықтан, экономикалық ресурстарды тиімді бөлу мәселесінің маңызы зор.

Үшіншіден, ресурстарды сатудан түсетін түсім үй шаруашылығың негізгі табысы болғандықтан, халықтың тұрмыс жағдайы осы ресурстардың бағаларына байланысты болады. Ресурстар бағаларының әр түрлі деңгейде қалыптасуы ұлттық табысты бөлгенде және жеке табысты тұтынғанда әлеуметтік теңсіздіктер туғызады. Бұл жағдай мемлекеттің алдына көптеген мәселелер қояды.

Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлардың көмегімен өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталынады. Сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс дейді. Егер тұтынушылар нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды.

Кез келген ресурсқа сұраныстың тұрақты болуы

біріншіден, ресурстың өнімділігіне;

екіншіден, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтағы бағасына байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет