Әдістемелік нұСҚау пәнді зерделеуге арналған «Халықаралық экономика»



Дата16.02.2018
өлшемі348,71 Kb.
#37723
ФСО ПГУ 7.18.2/05

Методическое указания

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Экономикалық теория кафедрасы


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

пәнді зерделеуге арналған


«Халықаралық экономика» пәні бойынша

050506 «Экономика», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

Лист утверждения к



Методическим указаниям ФСО ПГУ 7.18.1/05


БЕКІТЕМІН


ҚЭФ деканы

_________________Т.Я. Эрназаров

«___»_____________200_ж.

Құрастырушы: аға оқытушы_____________ Трушева Ш.А


Экономикалық теория кафедрасы
Әдістемелік нұсқау

Пәнді зерделеуге арналған


«Халықаралық экономика» пәні бойынша

050506 «Экономика», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерне арналған

Кафедра отырысында Ұсынылады

«__»_______200_ж., хаттама №___

Кафедра меңгерушісі______________ Байтаева Г.Р.
Қаржы – экономикалық факультетінің ОӘК Мақұлданды

«__»_______200_ж. , хаттама №___


ОӘК төрайымы ________________ Л.А Сидорова




  1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

«Халықаралық экономика» курсын зерделеудің мақсаты–студенттердің жүиеленген білімді меңгеруі және халықаралық экономика саласындағы тәжірибелік мәселелерді талдауға машықтануы. Алған білімдері олардың халықаралық деңгейдегі экономист ретіндегі болашақ жұмысына негіз қалайды, оларға қазіргі кездегі халықаралық экономикалық өмірде болып жатқан құбылыстарды, процестерді сауатты кәсіби деңгейде талдауға мүмкіндік береді.

Пәнді оқу міндеті болып студенттің әлемдік шаруашылық жүйесіндегі негізгі ұғымдарды игеру, оның мәнін, негізгі үрдісін және даму заңдылығын, сондай-ақ қазіргі таңдағы мәселелерді өздігімен талдау үшін халықаралық экономикалық қатынастар саласының негізін қалаушы ілімді игеру.

Көрсетілген міндеттерді орындау үшін аудиториялық (дәрістер, семинарлар) және аудиториядан тыс (студенттің өздік жұмысы, оқытушы басқаруымен өздік жұмысы) оқу процесі нысандары, ғылыми – зерттеу жұмысын және студенттің білімін, аралық бақылауды ұйымдастыру қолданылады.
Негізігі

1 Прогнозирование и планирование в условиих рынка: Учебное пособие для вузов/Под ред. Т.Г. Морозовой, М.: Юнити, 2000.

2 Статистическое моделирование и прогнозирование/Под ред. Гранберг А.Г., М.: Финансы и стат., 1990.

3 Голанский М.М. Экономическое прогнозирование, М.: Наука, 1983.

4 Замков О.О. Математические методы в экономике: Учебник, М.: Дело и сервис, 1998.

5 Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учеб. пособие для ВУЗов / Под. ред. Т.Г. Морозовой, А.В. Пикулькина. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 1999.


Қосымша

6 Государственное регулирование рыночной экономики: Учебное пособие для вузов./Отв.ред. И.И. Столяров, М.: Дело, 2002.

7 Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник, М,: Юрист, 2000.

8 Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник, М,: Юрист, 2003.

9 Гайнуллин Ф. Основы экономической теории: Учебное пособие, Алматы: РИК,1998.

10 Добрынин А.И. Журавлева Г.П. Общая экономическая теория: Учебное пособие, СПб.: Питер, 2003.

11 Дорнбуш Р, Фишер С. макроэкономика: Учебник. Пер. с англ., М.: Инфра-М, 1997.

12 Мамыров Н.К. ГРЭ в условиях рынка Казахстана, Алматы: Экономика, 1998.

13 Борисов Е.Ф. Экономическая теория: Учебник, М,: Юрист, 1999.

14 Бункина М.К. Семенов А.М. Макроэкономика: Основы экономической политики: Учебное пособие, М.: ДиС, 1996.

15 Гайнуллин Ф.Р. Введение в экономическую теорию: Учебное пособие, Алматы, 1997.

16 Экономическая теория (политэкономия) учебник/Под ред. В.И. Видялина, Г.Л. Журавлевой, М.: Высшая школа, 1999.

17 Дорибуш Р, Шмолензи Р. экономика, М.: Дело, 1997.

18 Экономическая теория/Под ред. Добрынина А.И. Тарасовича Л.С. Учебник для вузов.-2-е изд., доп. и испр., СПб: Питер, 1997.

19 Экономическая теория: Учебник. Камаев В.Д., 2-е изд., перераб. и доп., М.: Владос, 1998.

20 Лопатников Л.И. Краткий экономико-математический словарь. - М.: Наука, 1979.

21 Лопатников Л.И. Популярный экономико-математический словарь. – М.: Знание, 1990.

22 Основы экономического и социального прогнозирования / Под. ред. В.Н. Мосина, Д.М. Крука. – М.: Высш. шк., 1985.

23 Прогностика. Терминология .- М.: Наука, 1978.

24 Рабочая книга по прогнозированию / Под. ред. И.В. Бестужева-Лады. – М.: Мысль, 1982.

25 Стратегическое планирование / Под. ред. Уткина Е.А. – М.: “ТАНДЕМ”. Издательство ЭКМОС, 1998.

26 Черныш Е.А. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учеб. пособие. – М.: ПРИОР, 1999.




2 КУРС ТАҚЫРЫПТАРЫН ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
2.1 Экономикалық болжаудың ғылыми-методологиялық негіздері

Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі ретінде. Халықаралық экономиканың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

Халықаралық экономика теориясының пәні. Халықаралық экономикада қолданылатын модельдері және талдау құралдары. Халықаралық экономика теориясының тәжірибелік мақсаттылығы.

Халықаралық экономиканың қалыптасу тарихы. Әлемдік нарықтың және әлемдік шаруашылықтың туындауы. Халықаралық экономиканың түйінді сипаттамалары. Халықаралық экономиканың құрылымы. Халықаралық экономикалық қатнастардың нақты формалары. Халықаралық еңбек бөлінісі.Ұлттық және халықаралық деңгейде халықаралық экономиканы реттеу. Халықаралық макро және микроэкономика.

Халықаралық экономикадағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс. Сатылатын және сатылмайтын тауарлар.Сатылатын және сатылмайтын тауарлар арасындағы айырмашылықтар. Халықаралық сауда: түсінігі, даму қарқындары. Халықаралық сауданың құндық көлемін өлшеу. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы. Елдің сыртқы саудасы. Экспорт пен импорттың құндық базасы. Сыртқы сауда айналымы, сауда балансы және саудалық сальдо.

Әлемдік нарықтағы тепе-теңдік моделі. Өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі және қозғалысы.

Өндіріс факторларының мобильділігі және олардың функционалдық типтері. Өндіріс факторларымен қамтамасыз етуілу-бұл ұлттық экономиканың бәсекелік артықшылығының негізі.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуі тиіс:

- Халықаралық экономиканың объектілері мен субъектілерін;

- Халықаралық экономика теориясының пәні



істей білуге тиісті:

- елдің сыртқы саудасын сипаттай білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 5, 22, 23, 24, 26.)
2.2 Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Бұл тақырыпты оқу барысында келесіге назар аударуға қажет:

Халықаралық сауданың ұлттық және халықаралық экономиканың дамуындағы мәнісі. Халықаралық сауда теорияларының тарихи эволюциясы.

Меркантилистік теорияның негізгі идеялары. Меркантилисттердің, көзқарастарына негізделген экономикалық саясат. Меркантилизм теориясының тарихи мәнісі.

Халықаралық сауданың, классикалық теорияларының негізгі алғышарттары. А Смиттің халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі идеясы. «Laissez-faire» саясаты және фритредерлік, А.Смиттің абсолюттік артықшылықтар теориясының шектеулілігі.

Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясының дамуы. Альтернативтік баға (шығындар). Салыстырмалы артықшылықтар моделі. Сауда кезіндегі бағалардың арақатнасы.

Дж. Ст. Милльдің халықаралық баға (интернационалдық құн) теориясы. Өзара сұраныс теориясы. Салыстырмалы бағаның қалыптасуы және елдердің мамандануы.

Саудадан алынатын ұтыс: еңбек шығындарының, үнемделуі тұтынудың ұлғайтылуы.

Бірнеше тауарлар саудасында салыстырмалы артықшылықтар теориясының қолданылуы. Еңбек бағасы және елдер арасындағы еңбек төлемдерінің арақатнасы. Салыстырмалы еңбектер және елдің салыстырмалы артықшылықтары.

Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасының мәні. Салыстырмалы артықшылықтар теориясының шектеулілігі.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуі тиіс:

- Халықаралық сауданың, классикалық теорияларының негізгі алғышарттары;

- Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясының дамуы.



істей білуге тиісті:

- Салыстырмалы артықшылықтар теориясы мен абсолютті артықшылықтар теориясын графиктер арқылы түсініктеме беру.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (22, 1, 3, 5, 18, 24, 26.)

2.3 Өндіріс факторлары арақатнасы теориясы

Халықаралық сауданы талдаудың неоклассикалық әдіснамасы.

Хекшер-Олин моделі. Өндіріс факторлары мен абсолюттік және салыстырмалы түрде қамтамасыз етілу. Өндіріс факторларының салыстырмалы бағалары және тауар өндірісінің шығындары. Хекшер – Олин моделіндегі негізгі ерекшеліктер.

Өндіріс факторларының арақатнасы теориясын эмпирикалық талдау және олардың шектеулілігі мәселесі. Леонтев парадоксы. Парадоксты түсіндіру: Хекшер – Олин теориясын жақтаушы және қарсы шығушы дәйектер (аргументтер)

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Өндіріс факторларының арақатнасы теориясын;

- Леонтев парадоксы.



істей білуге тиісті:

- Өндіріс факторларын салыстырмалы бағалары және тауар өндірісінің шығындарын есептеу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (25, 1, 3, 5, 11, 24, 26.)
2.4 Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік

Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты оқудың мәнісі. Ф. Эджуорт пен Г. Хэберлердің халықаралық сауда теориясына қосқан үлесі. Халықаралық сауданың стандартты түрі: алмастырулардың өскелең шығындары, трансформацияның шектеулі деңгейі және алмастырулардың шекті деңгейі. Стандартты модельдің негізгі белгілері.

Сауда болмаған жағдайдағы баланс. Сауда жағдайындағы баланс. Саудалаушы елдердің әрқайсысындағы ішінара мамандану. Айырбастан түсетін ұтыс және маманданудан түсетін ұтыс және үлкен ел арасындағы сауда. Талғамдардағы айырмашылық негізіндегі сауда.

Жалпы тепе-теңдік теориясындағы халықаралық сауданың стандартты моделінің дамуы. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс шеңберіндегі халықаралық сауда параметрлерін (Экспорттың, импорттың және салыстырмалы бағаның көлемдерін) анықтау. Дж. Мидтің халықаралық саудаға қосқан үлесі. Жалпы халықаралық тепе-теңдік.

Халықаралық сауданы талдаудың құралдары. Сауда шарттары: түсінігі және өлшемі. Сауда шарттары индексінің өзгеруінің елдің әл-ауқатына ықпал етуі.

Халықаралық саудаға ықпал ету көзқарасы тұрғысынан экономикалық өсудің типтері. Ел үкіметінің экспорт кеңейтуші және импорт алмастырушы саясатының бірін таңдауы. Ел көлемінің осы таңдауға ықпал етуі. Шығынға ұшыратушы өсудің мәселелері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Сауда жағдайындағы баланс. Саудалаушы елдердің әрқайсысындағы ішінара мамандану.;

- Жалпы тепе-теңдік теориясындағы халықаралық сауданың стандартты моделінің дамуы



істей білуге тиісті:

- Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс шеңберіндегі халықаралық сауда параметрлерін (Экспорттың, импорттың және салыстырмалы бағаның көлемдерін) анықтау.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 5, 24, 23, 22, 26, 9, 13.)
2.5 Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуін талдау. Халықаралық сауданың классикалық теорияларының кемшіліктері.

Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы. Тұтынушылардың ұтысы мен шығындары, саудаласушы елдердегі өндірушілер табысының өсуі және шығындары. Халықаралық саудадан алынатын таза ұтыс.

Өндіріс факторларының арақатнасы теориясындағы табыстарды бөлу. Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы.

Тауарлық бағалар өзгерісінің өндіріс факторларынан түсетін табыстарға ықпал етуі. Столпер-Самуэльсон теоремасы. Столпер-Самуельсон моделіндегі кемшіліктер.

Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөлу. Самуэльсон-Джонс теоремасы.

Өндіріс факторлары ұсынысының өсуі және өндірістің ұлғаюы арасындағы арақатнас. Рыбчинский теоремасы. Джонстың күшейту эффектісі. Рыбчинский теоремасының жеке жағдайы ретіндегі «голландық сырқат».

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Столпер-Самуэльсон теоремасы

- Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.



істей білуге тиісті:

- Спецификалық өндіріс факторлары моделіндегі саудадан түсетін табыстарды бөле білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 4, 3, 5, 20, 24, 26, 23.)
2.6 Халықаралық сауданың баламалы теориялары

Классикалық теориялардың шектеулілігі. Әлемдік нарықтағы жетілмеген бәсеке және халықаралық сауданың, жаңа моделдерін құрудың, қажеттілігі.

Масштаб эффектісі негізіндегі сауда. Масштаб экономикасының моделі. Масштабтың сыртқы эффектісі. Масштабтың ішкі эффектісі және жетілмеген бәсекенің туындауы.

Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда. П.Кругманның халықаралық сауда теориясының дамуына қосқан үлесі.

Елдер арасындағы бір саланың дифференциалданған тауралары саудасының өсу тенденциясы. Б.Балассаның сала ішіндегі сауда теориясына қосқан үлесі.

Гомогенді тауарлардың халықаралық сала ішіндегі саудасының себептері. Дифференциалданған тауарлардың халықаралық сала ішіндегі саудасының себептері.

Елдер арасындағы сала ішіндегі және салааралық саудасының әлеуметтік салдары.

Монополистік бәсеке моделінің дамуы ретіндегі сала ішіндегі сауданың моделі. Сала ішіндегі сауда индексі. Сала ішіндегі сауда теориясының мәні. Р. Вернердің тауардың өмірлік циклы теориясы. Халықаралық саудадағы тауардың өмірлік циклының сатылары.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Классикалық теориялардың шектеулілігі

- Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.

- Масштаб эффектісі негізіндегі сауда

істей білуге тиісті:

- Елдер арасындағы сала ішіндегі және салааралық саудасының әлеуметтік салдары ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 5, 6, 21, 11, 14, 24, 26, 22.)
2.7 Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Мемлекеттің халықаралық саудадағы ролі. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және түрлері. Үкіметтің халықаралық сауда саласындағы негізгі міндеті.

Протекционизм: мәні және формалары. Сауда саясатының құралдары: тарифтік және бейтарифтік.

Сауда саясатының (сауда режимінің) сипаты. Халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Кедендік тарифтік анықтамалары. Баж салығы және оның функциялары.

Кедендік баж салықтарының жіктемесі. Тауарлардың кедендік құны. Кедендік эскаляция. Тарифтердің экономикалық рөлі.

Тарифтің кішігірім ел экономикасына ықпал етуі. Тарифтің үлкен ел экономикасына ықпал етуі.

Тарифтің оңтайлы деңгейі. Тарифтік квота. Экспорттық тариф. Тарифтерді қолдаушы және оларға қарсы дәйектер.

Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері. Бейтарифтік әдістердің кедендік тарифтерден өзгешелігі.

Сандық шектеулер. Квоталау. Тарифтер мен квоталар арасындағы экономикалық айырмашылық. Лицензиялау және лицензиялардың нақты формалары. Экспорттың «ерікті түрдегі » шектеулері. Экспорттың «ерікті түрдегі » шектеулерінің импорттер үшін экономикалық эффектісі.

Сауданың бейтарифтік шектеулерінің жасырын әдістері: негізгі түрлері және қазіргі жағдайдағы ролі.

Сауда саясатының қаржылық әдістері. Субсидиялар және олардың түрлері. Экспорттық несиелеу. Демпинг және оның формалары.

Сыртқы сауданың реттеудің экономикалық емес әдістері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:


  • Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері.

  • Сандық шектеулер. Квоталау. Тарифтер мен квоталар арасындағы экономикалық айырмашылық.

істей білуге тиісті:

- Кедендік баж салмын есептей және ажырата білу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 4, 5, 6, 21, 11, 19, 24, 26, 22.)
2.8 Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу.

Әлемдік шаруашылық байланыстардың дамуы және капиталдың халықаралық мобильдігі дәрежесінің өсуі.

Нақты және қаржылық капитал. Капиталдың халықаралық миграциясының түсінігі.

Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.

Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары. Кәсіпкерлік және қарыз капиталы. Тікелей және портфельдік инвестициялар.

Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы. Шет елдік инвестициялары бар кәсіпорын және оның формалары. Тікелей инвестициялардың мемлекеттік қолдау. Халықаралық корпорациялардың (ТҮК) тікелей шетелдік инвестициялардың дамуындағы жетекші ролі.

Портфельдік инвестициялаудың себептері мен түрлері. Қазіргі жағдайдағы портфельдік инвестициялардың ролі. Қарыз және оның халықаралық қозғалысы. Уақытаралық сауда. Халықаралық қарыз беру және несиелеудің негізгі құралдары.

Халықаралық несиелердің көлемі және құрылымы.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:

- Нақты және қаржылық капитал. Капиталдың халықаралық миграциясының түсінігі.

- Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы.



істей білуге тиісті:

- Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасына талдама жасау

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
2.9 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері. Миграция. Эммиграция. Миграциялық сальдо. Жұмысшы күші теориясының қазіргі кездегі масштабтары мен бағыттары. Қазіргі кездегі жұмысшы күшін тартудың орталықтары.

Миграцияның экономикалық эффектілері. Жұмысшы күшін экспорттаушы және импорттаушы елдердің табыстары мен шығындары. «Ақыл-ойдың ағылып кетуі» мәселесі.

Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу. Миграциялаудың механизмдері. Иммиграцияны реттеу.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:


  • Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері

  • Миграцияның экономикалық эффектілері.

істей білуге тиісті:

- Жұмысшы күшін экспорттаушы және импорттаушы елдердің табыстары мен шығындарын ажырата алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 5, 12, 8, 21, 14, 24, 26, 22, 16.)
2.10 Технологиялардың халықаралық айырбасы

Технологияның халықаралық қозғалысы. Технологиялық жоқшылықтардың динамикалық модельдері. Технологиялардың халықаралық айырбасының механизмдері. Технологияларды қорғаудың құқықтық формалары. Технология - берудің формалары. Лицензиялар саудасы және лицензия-емдердің түрлері. Технологияларды берудің көлемдерін халықаралық техникалық ықпалдастық. Техника ықпалық бағдарламалары. Техникалық көмектің механизмдері. Технологиялардың берілуін мемлекеттік реттеу. Технологияны беруді шектеудің себептері. Технологияларды берудің механизмдері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:


  • Технологияның халықаралық қозғалысы

  • Технологиялардың берілуін мемлекеттік реттеу.

істей білуге тиісті:

- Технологияны беруді шектеудің себептері ажырата алу

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар, көрсетілген әдебиетте ұсынылған (1, 3, 5, 12, 8, 21, 14, 24, 26, 22, 16.)
11 тақырып Халықаралық экономикалық интерация.

Халықаралық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары. Интеграцияны бағалаудың принциптері. Интеграцияның динамикалық эффектілері. Сауданың ауытқу эффектісі. «екіншісі жақсырақ» теориясы.

Дамығын және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері. Батысеуропалық интеграция. Батысеуропалық интерацияның қалыптасуы және даму кезеңдері. Постсоциалистік елдердің интеграциялық процестерге қатысуы. ТМД және Еуропалық экономикалық қаумдастық.
Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер

білуге тиісті:


  • Дамығын және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері.

  • Халықаралық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары.

істей білуге тиісті:

- Интеграцияның динамикалық эффектілерін график түрінде көрсету.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
12 тақырып Халықаралық валюталық-қаржылық жүйе

Халықаралық экономиканың валюталы-қаржылық жүйесі. Валюта түсінігі және оның түрлері. Валютаның конвертациялылығы.

Әлемдік валюта жүйесінің эвалюциясы. Алтын стандарт. Генуя конференциясы. Алтындевиздік стандарт. Бреттон-Вудс конференциясы. Ямайка конференциясы. Қалқымалы валютаның бағамдар жүйесі. Қазіргі кездегі әлемдік валюталық жүйе. Еуропалық валюталық жүйе. «Еуроны» енгізу және оның Еуропалық Одаққа мүше елдерге және әлемдік экономикаға тигізетін салдары.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

  • Дамығын және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері.

  • Халықаралық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары.

істей білуге тиісті:

- Интеграцияның динамикалық эффектілерін график түрінде көрсету.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
13 тақырып Валюталық бағам және оны реттеу

Валюталық бағам және оның түрлері. Валюталық бағамды катировкалау түсінігі және оның түрлері. Валюталық бағамның есептік түрлері. Көптүрлі валюталық тәжірибе. Валюталық бағамның гибридті түрлері.

Тепе-теңдік валюталық бағам. Шетел валютасына деген сұраныс және ұсыныс. Бағалардың валюталық бағамға тәуелділігі. Шет ел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың икемділігі. Маршал-Лернер шарты. Валюталық бағамның тұрақтылығы. Джей қисығы.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

  • Дамығын және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері.

  • Халықаралық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары.

істей білуге тиісті:

- Интеграцияның динамикалық эффектілерін график түрінде көрсету.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
14 тақырып Халықаралық қаржылық нарықтар

Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Валюталардың халықаралық нарығы. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың функциялары. Валюталық нарықтың түрлері. Валюталар саудасының түрлері. Халықаралық саудадағы валюталық тәуекелдіктер.

Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі. Меншік титулдарының халықаралық нарығы және оның құрылымы. Биржалардағы сауда. Биржадан тыс сауда.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Валюталық нарықтың функциялары.

істей білуге тиісті:

- Биржадан тыс сауданы график түрінде көрсету.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
15 тақырып Төлем балансы.

Төлем балансы түсінігі. Төлем балансының құрылымы.

Ағымдағы операциялар шоты. Сауда балансы және тауарлар мен қызметтер балансы. Ағымдық трансферттер.

Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты.

Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Төлем балансының, микроэкономикалық рөлі. Экономикалық саясат және төлем балансы. Төлем балансын реттеудің негізгі әдістері.

Бұл тақырыпты оқу нәтижесінде студенттер



білуге тиісті:

- Төлем балансы түсінігі. Төлем балансының құрылымы.

- Ағымдағы операциялар шоты. Сауда балансы және тауарлар мен қызметтер балансы. Ағымдық трансферттер.

істей білуге тиісті:

- Төлем балансы шоттарының өзара байланысына талдау



Бұл тақырыпқа қатысты сұрақтар көрсетілген әдебиетте ұсынылған (2, 1, 3, 5, 11, 14, 24, 26, 23.)
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет