Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет4/26
Дата10.06.2023
өлшемі314 Kb.
#178561
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
8 сынып тест, 68 Цилиндр STUDENT\'S, док, Қазақ күйлерінің тарихы Т Мерғалиев, Бүркітов, О Дүйсен, рвлкки, Досжанова А. КЯЛ-33, BirthCertificate-760523402995-20231111210107
3. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ әдебиетінің дамудың жаңа жолға түсуі.
Осы жылдары поэзияға бір топ талантты жастардың келуі. Олар: Ғ.Қайырбеков, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, З.Шүкіров.
Еңбек адамын жырлаудың бұл кезеңде ерекше орын алғаны. Шығармашылық іздену мен жаңа образдар табуда біраз жемісті нәтижелердің байқалуы. Тың игеру саяси-әлеуметтік , қоғамдық –экономикалық бетбұрыс ретінде танылып, оған С.Мұқанов, М,Әуезов,Ғ.Мүсірепов сынды қаламгерлердің, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев,С.Шаймерденов,Ә.Нұршайықов секілді талантты жазушылардың атсалысып, очерк,әңгіме,пьеса жазуы.Майданнан оралғандардың бастан кешкен ерлік хикаяларын суреттеудің жаңа кезеңінің басталуы. Қазақ поэзиясын идеялық-көркемдік жағынан Қ.Аманжолов, Ж.Сайн, Ж.Молдағалиев, Ә.Сәрсенбаев,Д.Әбілев, С.Мәуленов,Т.Бердияровтардың жаңа белестерге көтеруі.
Осы кезеңде жазылған эпикалық туындылар : Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы», Ж.Молдағалиевтің «Нұрлы жол», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы ой» , Т.Бердияровтың «Мен өмір сүремін», Т.Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», Ә.Тәжібаевтың «Адам», Қ.Аманжоловтың «Біздің дастан» , Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагорқызы» поэмаларының тақырыбы әрқилы болғанымен, олардың кезеңдік туынды саналуы.
Баллада жанры туып, жандана бастауы. Қ.Жармағамбетов,С.Мәуленов, А.Шамкенов, Қ.Бекқожиндердің балладаларының адам құдіретін табиғатпен қарым-қатынаста бейнелеуімен ерекшеленетіні.
Ақындар табиғат лирикасын көп жазып, олардың көркемдік бояуы ажарын таба бастауы.Сатиралық поэзияның дамуы, оған А.Тоқмағамбетовтің елеулі үлес қосуы, сатира жанрының тұрақты авторына айналуы.
Қазақ прозасының бұл кездегі елеулі туындылары С.Мұқановтың «Сырдария» (1948),Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953) романдарының жанрдың сапасын көтерудегі табыстары. Осы тұста прозаға С.Шаймерденов,З.Қабдолов, Б.Соқпақбаев,Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, т.б. жас жазушылардың келіп, өздерінің әңгіме, повесть, очерк, романдарымен сапалық өзгерістер әкелуі.
М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылып бітуі, 1959 жылы Лениндік сыйлық алуы. Тарихи жанрды терең меңгеру С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романдарына қатыстылығы.
Деректі прозаның көптеп жазылуы.Әскери өмірді жетік білетін Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсеновтердің «жорық естеліктерін» қағазға түсіре бастауы.
Соғыстан кейінгі жазылған пьесаларда соғыс пен бейбіт құрылыстың негізгі өзекті тақырыпқа айналуы. М.Әуезовтің батырлыққа, патриотизмге үндейтін «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасының уақыт талабынан туғаны.
Қазақ драматургтерінің соғыстан кейінгі жылдарда тарихи тақырыпты игеруде сәтті қадам жасауы. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», С.Мұқановтың «ШУәлиханов» пьесаларында қазақ халқының ардагер ұлдарының бейнеленуі.Соғыстан кейінгі жылдарда жазылған пьесаларда «тартыссыздық теориясының», «тігісін жатқыза» баяндау салқынының сезілетіні.
Соғыстан кейінгі он төрт жыл ішінде әдебиеттану ғылымы мен сынын өркендетуге М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,Қ.Мұхаметханов, Е.Ысмайылов,М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдардың қосқан үлесі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет