Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет5/26
Дата10.06.2023
өлшемі314 Kb.
#178561
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
8 сынып тест, 68 Цилиндр STUDENT\'S, док, Қазақ күйлерінің тарихы Т Мерғалиев, Бүркітов, О Дүйсен, рвлкки, Досжанова А. КЯЛ-33, BirthCertificate-760523402995-20231111210107
1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Дәстүр мен жаңашылдық.Түр мен жанрдағы ізденістер. Әдебиеттегі саннан сапаға мән беріле бастауы. Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігін көркемдік жағынан зерттеп, қаһармандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс.Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым»(1947),Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал» (1963), Ә.Шәріповтің «Ормандағы от», ҚҚайсеновтің «Жау тылында» (1967) атты публицистикалық толғау,роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Сайнның «Жорық жолдары» (1970) , Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін»(1973),Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»(1970), «Ақиқат пен аңыз»(1976), Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл»(1967), т.б. алуан жанрдағы туындылардың көбеюі. Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»(1967), Н.Ғабдуллинің «Жігер»(1983), М.Мағауиннің «Бір атаның балалары», Д.Исабековтің «Біз соғысты көргеміз жоқ»,С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесть-романдарында, Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді» (1963), Ө.Нұрғалиевтің «Соғыстың соңғы жазы»(1978-1984),т.б. поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс табуы.
Бұл жылдарда жарияланған экология мәселелерінің жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастауы.Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы Т.Ахтановтың «Дала сыры»(1968),»Боран»(1968), Қ.Жұмаділовтің «Саржайлау»(1978), «Сәйгүліктер»(1984), С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Д.Исабековтің «Гауһартас», С.Шаймерденовтің «Селдің екпіні»(1977),З.Шашкиннің «Сенім», І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», т.б. шығармаларындағы көрінісі. 1960-90 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың «Ақбозат»(1962),»Кертолғау»(1973),»Тұлпарлар тағдыры»(1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдырының арқау етілуі.
Қазіргі прозада лирика мен эпиканың,реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуі,дерек пен ойдан шығарудың түйіндесіп жатуы. Ә.Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық»(1964), «Махамбеттің жебесі»(1960),О.Бөкеевтің «Қамшыгер»(1970), «Ән салады шағылдар»(1978), Т.Әбдіковтің «Ақиқат»(1978),С.Елубаевтың «Ойсылқара»(1972), Т.Жармағамбетовтің «Соңғы хат» (1974),Д.Исабековтің «Қарғын»(1980), «Тіршілік»(1975), Ә.Кекілбаевтің «Дала балладалары»()1967, «Шыңырау»(1982), М.Мағауиннің «Көкмұнар»(1972) жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістердің байқалуы.
Ұлттық поэзия арсеналының жаңа көркемдік бояумен молыға түсуі: Ә.Тәжіьаев, «Таныс дауыстар»(1984), О.Сүлейменов «Әр күн – арайлы таң»(1986), С.Мәуленов «Жапырақтар жанады»(1964),Т.Айбергшенов «Арман сапары»(1963), «Аманат»(1975),Ә.Ахметов «Тырау-тырау тырналар»(1974), К.Салықов «Жезкиік»(1973),Ж.Нәжімеденов
«Темірқазық»(1982), К.Ахметова «Жапырақ-жаздың жүрегі» (1974), С.Жиенбаев «Іңкәр дүние»(1981),Ж.Жақыпбаев «Саратан»(1979),т.б.
Бұл жылдарда сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастауы.Қ.Бекқожиннің «Сұңқар туралы жыр», Х.Ерғалиевтің «Аңыз ата», «Жылдар,жылдар», Т.Молдағалиевтің «Жер», Ж.Молдағалиевтің «Мен -қазақпын», Ә.Тәжібаевтың «Портреттер», М.Әлімбаевтың «Менің Қзақстаным»,Т.Бердияровтың «Жер мен адам», Қ.Мырзалиевтің «Данышпан», М.Мақатаевтың «Өмір дастан», «Аққулар ұйықтағанда», ТАйбергеновтің «Жүрекке айтылған өлеңдер», т.б. шығармалар жататындығы.
Баллада жанрындағы Қ.Жармағамбетовтің үрдісін М.Шахановтың дамытуы. Оның «Сейхундария», «Махаббатты қорғау», «Сенім патшалығы», «Жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан», т.б. балладаларының жанрдың ішкі қуатының молдығын байқататыны.
Қазіргі прозада әлеуметтік, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылардың бірегей шешуге ұмтылыстары. Оған Т.Ахтановтың «Боран»,Ә.Әлімжановтың «Көгілдір таулар»(1982),О.Бөкеевтің «Мұзтау»(1975), «Ән салады шағылдар» (1973) жататыны.
Колхоздастыру, кулактарды тап ретінде жою драмасы.1932-33 жылдардағы ашаршылық трагедиясының, сталиндік репрессияның Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі», Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ, соның іздері», Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» шығармаларында реалистікпен бейнеленуі. Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», Қ.Мұхаметжановтың «Біз періштеміз бе?» атты сахналық туындыларында тереңдетілуі.
Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастағаны. Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында»(1984), Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген»(1983), І.Есенберлиннің «Қаһар»(1969), «Алмас қылыш»(1971), «Жанталас»(1973), «Алтын орда», Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң» (1963), «Тар кезең»(1965), «Жүнісовтер хикаясы»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»(1971), Ә.Кекілбаевтің «Үркер»(1981), «Елең-алаң» (1984),Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш»(1974), «Тағдыр»(1989), Д.Досжановтың «Жібек жолы» т.б. шешімін табуы.
Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсуі. Қ.Мұхаметжановтың Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»Т.Ахтановтың «Ант», С.Жүнісовтің, Д.Исабековтің пьесаларының сахна мәдениетін көтеруге қосқан
үлесі.
Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сынының дами түсуі. Ғ.Мүсіреповтің «Суреткер парызы»(1970), Ғ.Мұстафин «Ой әуендері», С.Қирабаев «Шындық және шығарма»(1981), «Талантқа құрмет»(1988), Ә.Нұрпейісов «Жүрегі тола жыр еді»(1978), т.б. жинақтар.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [5], [7], [14], [22] ,[23], [24] ,[25], [61]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет