«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы



бет66/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Біріккен кәсіпорындар бізде де, шетелде де бизнесті ұйымдастырудың тарихи ең кең тараған түрі болып табылады. Бізде бұл түсінік үлкен дәрежеде шетел капиталымен біріккен кәсіпорын ретінде ассоциацияланады. Шындығына келгенде ұйымдастырудың бұл түрі міндетті түрде шетел капиталын тартуды ұйғармайды. Мұндай компанияда басқару ісі компанпя мүшелері сайлайтын директорлар кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Компанияның қызметі барлықтарының бірге қарастыратын объектісі болып табылмайды және ашық түрде акцияға жазылу жоқ осы мағынада бұл кәсіпорындар біздегі жабық акционерлік қоғамдармен бірдей болып келеді. Корпорациялар сияқты біріккен кәсшорындарға да 2 рет салық салынады, ал олардың шектеулі жауапкершілікке қатысты жай корпорациялардағыдай артықшьшықтарға ие емес екендіктерін ескерсек, ұйымдастырудың бұл түрі аз әйгілі болып келеді.

Заңға сәйкес өндірістік кооператив жеке еңбеккердің қатысуы мен мүшелерінің салған мүліктік салымдарының (пай) біріктірілуі арқасында негізі қаланған біріккен кәсіпкерлік қызметке мүше болу арқылы азамат тардың өз еріктерімен бірігуі болып анықталады. Кооперативті құру жарғылық құжаттарды дайындаудан басталады: жарғы немесе жарғылық келісім және кооперативтің жалпы жиналысында бекітілетін жарғылар. Жарғыда кооператив мүшелерінің салатын пайларының мөлшері мен оларды салу тәртібі, кооперативтің пайдасы мен шығындарын бөлістіру тәртібі және кооперативтің басқару органдарының құрамы мен құзырлары көрсетілуі қажет.



Қазіргі уақытта Қазақстанда кооперативтер өте сирек кездеседі, негізінен олар 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құрылғандар. Кәсіпкерлердің көбісі әртүрлі, шаруашылық серіктестік түрлерін артық көреді: толық, командиттик, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. Егер шетелдегі бизнесті ұйымдастыру түрлерімен салыстырсақ, онда толық серіктестік өзінің негізгі принциптері бойынша жауапкершілігі шектелмеген серіктестікке, ал командиттік серіктестік - генералды серіктестікке сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» жарлығына сәйкес серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өз иелігіндегі барлық мүлігімен ортақ жауапты болып келетін шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік болып қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет