Еленовка орта мектебі әдістемелік жұмыс есебі. 2014-2015 оқу жылы Еленовка орта мектебі әдістемелік бірлестік тақырыбы: «Тұлғаны-бағдарлы оқыту-оқушылардың білімі мен тәрбие сапасын көтеру факторы»



бет8/52
Дата25.03.2017
өлшемі8,41 Mb.
#12265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52

2-отырыста бірінші мәселе бойынша өз білімін жетілдіру мақсатында мұғалімдер 2015 жылғы бірінші жартыжылдыққа газет және әдістемелік журналдарға жазылу ұсынылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Акубаев С.Т Ұлттық ойындар « Қазақша күрес » атты тақырыбына баяндама оқыды.«1-желтоқсан -Президент күні» , «16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні» ,» «Жаңа жыл», «Қыс келбеті» атты тақырыптарына көрме ұйымдастырылды.5-9 сынып оқушылары белсенді қатысып ,келесі оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.«1-желтоқсан -Президент күні» атты сурет сайысында 1-орын- Бекенова Диана 7«А» сынып 2-орын Букуева Алтынай 8«А» сынып, 3 -орын Залелов Бекзат 6«А» сынып«16- желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» 1-орын Төлеубаев Ильяс 5«А» сынып 2-орын Боранбаев Заманбек 5«А» сынып 3-орын Едыгенова Әсемгүл 8 «А» сынып .

7-11 сыныптар аралығында баскетбол, волейболдан жарыстар өтті. Сайысқа қатысқын оқушылыр мақтау қағазымен марапатталды.

Жаңа жыл мерекесіне мектеп ауласында аяз ата, ақша қар, қоян т.б мүсіндерін

9 «А»,10 «А» сынып оқушылары қардан қалады. Бұл мүсіндер тек оқушылар мен ұстаздар ұжымына ғана емес, ауыл тұрғындарының да көңілдерінен шықты.

Бірінші жартыжылдықты эстетикалық бағыт бойынша өте жақсы аяқталды. Технология пәнінен сабақ үлгерімі 100% ,сапасы 100% ,

дене шынықтыру пәнінен сабақ үлгерімі 100% , сапасы 100%.

АӘД пәнінен сабақ үлгерімі 100% және сапасы 100%. Бейнелеу өнері пәнінен сабақ үлгерімі 100%, сапасы 100%. ,музыка пәні-100%

Дене шынықтыру сабағынан денсаулығына байланысты екі оқушы босатылған. Олар: Мерекеева Аяулым 8сынып Д/з Гипертензивный синдром

Боранбай Риза 8 сынып Д/з Юношеский эпифиз правого бедра

Екінші жартыжылдықта үш отырыс өтті.

3- отырыста күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарлары және журналдың дұрыс жазылуын қадағалау арқылы жұмыс өткізілді.

Музыка пәнінің мұғалімі Естай Қарлығаш « Елімізде музыканың кең тарауы» баяндама оқыды.

Баяндама сұрақ-жауап арқылы толық талқыланды.

Жас маман Естай Қарлығаш Еленовка орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі ретінде 2014 жылдың 1қыркүйегінен бастап қабылданды.

Күнтізбелік- тақырыптық жоспары бағдарламаға сай толық жазылған. Күнделікті сабақ жоспарын жазып отырады. Сабаққа интерактивті тақтаны пайдаланып, жан-жақты дайындалады.Балалар музыка сабағына барғанды ұнатады.

Қарлығаш тәжірибелі ұстаздардан ақыл-кеңес алып, сабақтарына қатысады.

Мектептен тыс іс-шараларға оқушылардың концерттік бағдарламасын дайындап,жоғары дәрежеде өткізеді.

4-отырыс

2015 жылы ақпан айында ӘАД пәнінің мұғалімі аға лейтенант Цехменструк А.А., дене тәрбиесінің мұғалімдері Акубаев С.Т., Аубакиров Ж.К. 5-11 сынып араларында әскери- патриоттық бағдарлама аясында кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруға арналған «Сұңқар-2015 » әскери-спорттық ойындарын ұйымдастырды.

Ойын екі сатыдан тұрды.

Бірінші саты.


  1. Сап түзеу және сапта ән айту.

  2. Әскери киімді уақытқа кию.

  3. АК-74 автоматын жинау және шашу,

  4. Армреслинг-білек сайысы

  5. Еркін күрес

Екінші саты: қарлы қамалды алу-сайыс екі батальон арасында өтті. Бірінші номинация -барлаушы өз туын табу,қарлы қамалды алу.

Екінші номинация қамалды басып алу.



Ойыннан кейін барлық оқушыларға әскери тамақ қарақұмық ботқасы мен тәтті шай таратылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет