6.2 сурет. Сперматогенез реттелуі
6.2. АНДРОЛОГИЯДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
6.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
Аталық без қызметі бұзылған науқастарды зерттеу соматикалық зерттеу мен жыныс мүшелерін қарап тексеруден тұрады. Соматикалық зерттеуге қаңқа сүйегінің, бұлшықет жүйесінің, тері асты шел май қабатының ер адамдарға тән белгілерін анықтау жатады. Үлкен маңыздылыққа екіншілік жыныстық белгілердің даму сипаты ие болады. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау барысында сыртқы жыныс ағзаларының құрылымы, жыныс мүшесінің үлкендігі, уретраның шығу орны (гипо- немесе эписпадия), еннің қатпарлығы мен пигментациясы, қасағаның түктену дәрежесі бағаланады. Аталық бездің пальпациясы бездің қолдан шығып кетпеуі мақсатында жылы қолмен жасалынады. Бұл кезде аталық без көлемі, консистенциясы, беткейінің сипаты, аталық без қосалқыларына ерекше назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |