А. А. Какимова Қазақстан Республикасы тарихы


ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет3/10
Дата11.09.2017
өлшемі1,44 Mb.
#32027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3. А.Абдакимов Қазақстан тарихы. Алматы, 2003. 198-215 б.

4. Абайделдинов Е «Политико-правовая история Казахстана» А, 1999

5. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана // Отечественная история. 1988, № 1.

6. Асылбеков М.Х., Козина В.В., Социально-демографическое развитие современного Казахстана. Алматы, 2002.

7. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы, 1995

8. Айдаров Т. Орхон ескерткіштерінің тексті. – А: 1990 ж.

9. Ақбай Ж. Жанша. Орал, 2008.

10.Ақсауыт. Батырлар жыры. І т А, 1977

11.Алдамжар З. Тарихымызды білімдарлықпен қалыптастыру келешек үшін қажет // Егеменді Қазақстан, 1998жыл, 9 шілде.

12. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы.-А: Білім баспасы, 2001

13. Асфендияров С. История Казахстана.- А-А: 1993

14. Атабаев Қ., Қадыртаева М. «Жылнамалар және жылнаматану». Қаз.тар.,1995. № 6,7

15. Әбіласин Ә. Көне сөздер құпиясы.- А: 1995

16. Әбжанов Х. “Бекмаханов және ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеу әдіснамасы”. // Қазақ тарихы 2006 № 3.

17. Баласагуни Ю. «Благодатное знание» Л, 1990

18. Балғамыш Д. Газет неге «Қазақ» аталды // Қазақ әдебиеті, 1993, № 10, 5 наурыз.

19. Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана.- А: 1993

20. Байпаков К.М. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының кейбір мәселелері / Қазақ тарихы, 1995ж, №1

21. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. Алматы, 1989. 320-б.

22. Байтұрсынов А. Ақ жол .Алматы, 1994. 399-бет

23.Багдатова С.А. Публицистическое наследие С.Сейфуллина как источник по истории Казахстана периода 20-30-х годов 20 века. // ҚазҰУ Хабаршы, 2007, № 4(47).

24. Бартольд В.В. «История культурной жизни Туркестана» соч. т ІІ ч І М, 1963

25. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецских народов Средней Азии Соч. Т.4. М: 1968

26. Бейсенбаев А. Батыс Қазақстандағы көшпелілер ескерткіштері. / Қазақ тарихы, 1996, №3

27. Бекмаханов Е. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1994.

28. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. Алматы, 1975

29. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы, 1982, 198-бет.

30. Бердібаев Р. Эпос мұраты. Алматы, 1997, 205-бет.

31.Бернгейм Э. Введение в историческую науку. СПб., 1908

32. Бернштам А. Н. Социально-экономический строй Орхоно-Енисейских тюрок YI-XII в.в.

33. Бес ғасыр жырлайды І т. А, 1989

34. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. 1-том. М-Л: 1950

35. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995. 421 –бет

36. Гумилев Л.Н. Көне түріктер.- А: 1994.,

37. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жырлары. Алматы, 1972ж.

38. Дулатұлы М. Шығармалары. Алматы, 1997. 344-б.

39. Дулати М.Х. «Тарих-и- Рашиди» А, 2003

40. Есмағанбетов К. Батыс деректері мен әдебиеттері Қазақстанның ежелгі тарихы хақында. / Қазақ тарихы. 1996. №1

41. «86 Желтоқсан» «Ұлт теңдігі көтерілісі» 1- кітап. Алматы, 2006ж. 30-31 бет

42. «86 желтоқсан» «Намыс оты алаулаған» 2- кітап . Алматы 2006ж. 7- 11бет

43. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.- А: 1995 ж.

44. Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы. Астана, 2005

45. Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар.- А: 1994. К.1., К.2.

46. Жүнісбекұлы Б. «Желтоқсан шындығы толық айтылды ма?» // Ақиқат. 1996 ж. №10.

47. Жүсіпова Л. Қазіргі деректану ғылымы мәселелері.// Қазақ тарихы, № 6

48. Зиманов С., Өсеров Н. Жеті жарғы жайлы. // ҚазҰУ Хабаршы. 2007, № 3, 22-25 б.

49. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное пособие. М., РГТУ. 1998.

50. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981

51. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.

52. Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А: 1996

53. Қазақстан тарихы. Алматы, 1998ж., 2 том 435-444 б.

54. Қазақстан тарихы очерктер. – Алматы: 1994ж

55.Қазақ тарихынан. Шежірелер, жазбалар, пікірлер, зерттеулер. Құрастырған-Н.Құлмұхамбетова. Алматы, 2004ж. 50-61 б.

56. Қани М. Қазақтың көне тарихы. Алматы, 1993ж., 317-322 б.

57. Карамзин Н.М. История государства Российского в 12-ти томах. Т1. Москва, 1989.

58. Қасқабасов С. Миф пен әпсананың тарихилығы. // Қазақ фольклорының тарихынан. Алматы, 1993.

59. Қасымбаев Ж. 1916 жылғы июнь Жарлығы-заңсызды. «Егемен Қазақстан», 1996, 10 сәуір.

60. Кваша. А.Я. Что такое демография. М., 1985.

61. Кваша А.Я., Валентей Д.И., Основы демографии. Учебное пособие. М., 1986

62. Келімбетов Е. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005

63. Кенжалиев З. «Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениеті» А, 1997

64. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973.

65. Килдищев С.Г., Козлова Л.Л., Статистика населения с основами демографии. М., 1984.

66.Ключевский В.О. Сочинения в девяти томах. Т. 7, Специальные курсы. Москва, 1989.

67. Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері // Қазақ тарихы. 1997, № 4

68. Қойшыбаев Б. «Ақиқаттан аттай алмаймыз» // Жас Алаш. 5 қыркүйек 1992 ж.

69. Кудабаева Р. Газета «Казах» как исторический источник. Сборник статей. Алматы, 1993

70. Құдайбердиев Ш. Қазақ шежіресі. Алматы, 1997ж.

71. Кузьмин А.Г. Начальные этапы древнерусского летописания. М., 1977.

72. Култемов Т.М. «Уголовное обычное права казахов» А, 1985

73. Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов, кимеков YIII-XIII в.в.- СПб. 1994.

74. Курс демографии. Под редакции А.Боярского. Учебное пособие. М., 1985.

75. Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы.- А: 1995

76. Қозыбаев М. Халық рухының қайнары. / Қазақ әдебиеті, 1998. 24.07.

77. Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории . СПб., 1910. Ч.1, 1913, Ч.2.

78. Ланглуа Ш.В.,Сеньобос Ш. Введение в изучение истории СПб., 1898.

79. Лихачев Д.С. О летописном периоде русской историографии // Всемирная история. 1948 № 2

80. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы.- Алматы:1995

81. Маймақов Ғ. «Қ.Р саяси-құқықтық тарихы» А, 2000

82. Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952

83. Марғұлан Ә.Х. Шоқан Уәлиханов шығармаларына комментарии. 5 томдық шығ.жин. т.1

84. Махмуд Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» І, ІІ т, А, 1996

85. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983

86. Мерзон А.Ц. Основные задачи критики исторических источников. Москва, 1958

87. Молдабаев И.Б. Эпос. «Манас»- как источник изучения духовной культуры киргизского народа. Фрунзе, 1989, с.5

88. Мусин Ч. “Қазақстан тарихы” А; 2003ж. 328-356 б.б.

89. Назарбаев Н.Ә. Қазақтың бүкіл тарихы, бірігу тарихы, тұтастану тарихы.- Ақиқат журналы, 1998

90. Назарбаев Н.Ә.Тарих толқынында. Алматы, 1999 ж.

91. Назарбаев Н.Ә.Бейбітшілік кіндігі. Астана, 2001 ж.

92. Назарбаев Н.Ә.Сындарлы он жыл. Алматы, 2003 ж.

93. Назарбаев Н.Ә.Еуразия жүрегінде. Алматы, 2005 ж

94. Нұрпейісов К. «Қайсарлық және қасіретті Е.Бекмаханов» // Егеменді Қазақстан, 2005.15 ақпан

95. Нұрпейісов К. “Бекмаханов пен оның басты кітабы қалай жазаланды?” //Қазақ тарихы 2005, №2.

96. Омарбеков Т. Рухани көсем болған // Ақиқат, 1998, № 8.

97. Омарбеков Т. “Тарих тамыршысы”// Қазақ әдебиеті 2006, 1- қаңтар.

98. Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.

99. Сабыр М., Сәдуақас Н. Көне түркі тілі. Орал, 2007ж. 11-25 б.

100. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы.- А: 1992

101. Сапанова Р. «Біз білетін желтоқсан» Алматы, 2000 жыл. 6,13 бет

102. Сартқожаұлы Қ. Күлтегін ескерткіші. // Жұлдыз. №1, 2004

103. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. Алматы, 1977.

104. Сейдімбек А. Қазақ жазбалары: кеше, бүгін, ертең // Қазақ әдебиеті. 1994, № 11-12.

105. Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981.

106. Серікбаев М. “Аты аңызға айналған Бекмаханов”, // Ана тілі 2003, 3-шілде.

107. Cүлейменова Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы- өлке тарихының құрамдас бөлімі. Алматы, 2007.

108.Сүлейменов О. АЗиЯ. Алматы, 1992. 136, 149-164 б.

109. Сүлейменов О.О. Тюрки до истории. Алматы, 2002

110.Сыдықов Т. Қазақтың тарихи жырлары және бүгінгі ғылым // Қазақ фольклорының тарихынан. Алматы, 1993.

111. Рашид-ад-Дин «Сборник летописей» т І кн І с 47-48, 68-69

112. Рыбаков А.Б. «Игорь жасағы туралы жыр» және оның замандастары. Москва, 1971.

113. Рыбаков Б.А. Древняя Русь. Сказания. Былины. Летописи. М., 1963.

114. Рысбеков Т.З., Бірімжаров Б.Қ., Құрманалин С.Б., Жақсығалиев Ж.Ж. Батыс Қазақстан облысының тарихы. Орал, 2001ж.69-84б.

115. Тасилова Н.А. Статистика ғылымы және статистикалық деректерді талдау әдістері // ҚазҰУ Хабаршысы, Тарих сериясы.№2 (45)-2007, 12-17 б.

116.Тасилова Н.А. Қазақстанды зерттеген статистикалық партиялар мен экспедициялардың мұрағатта сақталған құжаттары хақында // ҚазҰУ Хабаршысы, Тарих сериясы.№2 (49)-2008, 12 б.

117. Таймасұлы Т.Қ. Халық ауыз әдебиетінен дәрістер жинағы. Орал, 2004. 26-30 б.

118. Тәж-Мұрат Мақсат Ғұмар Қараш. Ақтөбе, 2004ж.

119. Тәкенов Ә.. “Тарихшы Ермұқан Бекмаханов”, // Қазақ тарихы 2004, № 11.

120. Творогов О.В. Древнерусские хронографы. Л. 1975

121. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985, 115-бет.

122. Хасен Қожа-Ахмет Ереуіл атқа ер салмай. Астана: Елорда, 2000.

123. Хасанаев М. Желтоқсан оқиғасы: себеп пен салдар// Егемен Қазақстан. 2001, 11 желтоқсан

124. Шахматов А.А. Образование русских летописных сводов XIY-XYII вв. М.-Л., 1938.

125. Шелестов Д.К., Историческая демография. М., 1987.

126. Ыбыраев Ш. «Батырлар жыры». Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. 2 том, 186-189 б. Алматы, 1999ж .

127. Ыбыраев Ш. «Батырлар жыры». Қазақ әдебиеті Энциклопедиясы. 157-159 б. Алматы, 1999ж.

128. Ысқақ А.С. Отандық іс жүргізу тарихын кезеңдеу мәселесі. // ҚазҰУ Хабаршысы.2008. № 2(49), 17-20 б.



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ





Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Дәріске қатысу

Теориялық білімді тексеру

ПӨӘК бойынша

1-15 апта

0,5

Жазбаша немесе ауызша

2

Семинар тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

ПӨӘК бойынша

1-15 апта

1

Жазбаша немесе ауызша

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Өзіндік жұмысты тексеру

ПӨӘК бойынша

1-15 апта

1,5

Ауызша сұрау, жазба жұмысын тексеру

4

Жеке жұмыс /кроссворд, эссе, карта, глоссарий, схема, таблица, әдебиеттерге шолу/

Ғылымилық, ақпараттылық, дәлелділік, танымдық қасиеті шындау

ПӨӘК бойынша

8 апта


6

Жұмысты орындау және тапсыру

5

Перезентация

Ғылыми-шығарамашылық дағдысын қалыптастыру

ПӨӘК бойынша

15 апта


9

Жұмысты орындау және тапсыру


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ




Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Атабаев Қ. Деректану.-«Қазақ тарихы» баспасы,А., 2007.

15




5







2

Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы.- А: Білім баспасы, 2001.

22




4,8







3

Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. А; 96.

3




1,3







4

Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита южного Казахстана.- А: 1989.

2




0,44







5

Асфендияров С. История Казахстана.- А-А: 1993.

2




0,44







6

Гумилев Л.Н. Көне түріктер.- А: 1994.

25




5,5







7

Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар.- А: 1994. К.1., К.2.

30




6,6







8

Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии.- М: 1964.

10




2,2









5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихы дерекнамасы курсына кіріспе.

Дәрістің мазмұны: Деректану – тарих ғылымының маңызды салаларының бірі болып табылады.

Деректану тарихнамамен қатар болашақ тарихшы мамандардың теориялық-методикалық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Тарих объектісі қоғамның өткенін тарихшы тікелей зерттей алмайды. Ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Л. Гумилев былай деп жазды: «Оларға тарихи сын әдісін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді».

Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым – деректану ғылымы. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттеуді және нақты тарихи фактіні тануға дерек не береді деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. Деректік базаның кеңеюіне ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерде әр түрліше бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Империкалық жолмен жасалған және ұзақ жылдарға созылған іс тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер дерек оқиғаны қалай бейнелейді деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналады. Жазба деректер археологиялық және заттай деректерден бөлек зерттелетін болады.

Егер ғылым ретінде А. Байтұрсынұлы айтқандай «тарихтың қызметі бүтін адам баласының яки бір жұрттың екінші бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпау болса, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттеу». Демек тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті жоғарыда айтқандай, тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнеленуін зерттеу.



Әдебиеттер тізімі: 1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

  1. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?

2. Деректерді жіктегенде неге «сыныптау» деп қарастырамыз?

3. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?



2 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Деректану теориясы.

Дәрістің мазмұны:Ежелгі дәуірдегі, әуелгі және кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бұл түпкі деректемелердің ақпараттық деңгейі оның хронологиялық және аймақтық шектеулілігі, сондай-ақ осы аймақтың халықтары мен тайпалары тарихының мейлінше әртүрлі болуы салдарынан ерекшеленеді.сондай-ақ тарихи үрдістің дамуына қарай жазба ескерткіштердегі нақты материалдардың жинақталуы да өскелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты мен мазмұны жөнінен былайша алуын түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи оқиғаларды, Қазақстанның әр түрлі этностарының шаруашылық және әлеуметтік қатынастарын, мәдениетін, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді. Деректемелердің негізгі топтарының сипаттамасына тоқталайық.

Қазақстан халықтарының тарихы жөніндегі деректемелр Дарий (б.з.б. 522-486 жж.) және Ксеркс (б.з.б. 486-465 жж.) патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: көне парсы, элламдық және аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып табылады.

Дарийдің өкімет басына келуінің және содан кейін болған азамат соғысының мән-жайы туралы баяндалатын. І Дарийдің Бехистун жазбасының да мейлінше зор маңызы бар. Жазбада «елдер» – тайпалық облыстар тарихы келтіріліп, Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Орталық Азияның тарихи географиясы жөнінде едәуір материал берілді. Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте, әсіресе археологиялық әдебиетте сақ тайпаларының аталған жазбалары – хаумаварга мен тиграхауда Қазақстан аумағына қатысты деген пікір орныққан, алайда Ахеменидтер дәуірінің басқа жазбаларын тарта отырып, жазба деректеріне мұқият талдау жасау бұл тайпалардың Хамун көлі маңында, қазіргі Иран мен Ауғанстан шекарасында, кейіннен Сақастан аталған ауданда орналасқанын көрсетеді.

Ахеменидтер дәуіріндегі мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызды. Басқа бір ірі жазба Ксеркстің «Дәулер туралы» дейтін жазбасы болып табылады, онда Ксеркстің көптеген ғалымдар Заратуштра есімі аталмаса да, зороастризмнің мемлекеттік дін ретінде енгізілуімен байланыстырылатын формасы баяндалады.



1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?

2. Деректерді синтетикалық сынау дегеніміз не?

3. Қайталанатын деректерге қандай деректер жатады?



3 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Деректанудың қалыптасуы дәне дамуы

Дәрістің мазмұны:

Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды. Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланылып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі деректерде әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелетіні көріне бастада. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдардағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу методикасы қалыптасты. «Дерек оқиғаны қалай бейнелейді?» деген сұрақ негізгі мәселеге айналды. Жазба деректер заттай деректерден (археологиялық) бөлек зерттеле басталды.

Ежелгі әдебиет авторының ойын, шығарма мәнін дұрыс түсінуге және оны дұрыс түсіндіруге (интерпретациялауға) деген ұмтылушылық деректану негізінің қалыптасуына алып келді. Мысалы, ежелгі орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л. Шлецердің (1735-1809) «тазартылған Несторды» қалпына келтірмек болған әрекеті шығарма авторына, автор ойына деген ерекше көңіл бөлудің жарқын көрінісі болды. Август Шлецер – ұлты неміс, орыс тарихшысы және филологы, Петерберг Ғылым академиясының адьюнкті, кейіннен Геттенген университетінің профессоры. Ол «Бағы замандар хикаясының» тек Киев-Печерскі монастырының монахы Нестордың ғана емес, оның ісін жалғастырушылардың және хикаяны көшіріп жазушылардың да туындысы деген қорытындыға келді.

Белгілі неміс теологы және философы Ф. Шлейермахер (1768-1834) «Жаңа өсиет» мәтінін зерттеу негізінде жазба ескерткішті зерттеудің жалпы принциптерін көрсетті. Өзінің «О герменивтике и критике особенно в их отношении к Новому завету» деген еңбегінде шығарманы зерттеудің екі жолын: герменивтика туралы ілім және сын туралы ілімді негіздеді. Герменивтика туралы ілімге «Басқаның сөзін түсіне білу өнері» деп, анықтама беріп, герменивтикалық және психологиялық талдау жасаудың қажеттігін айтты. Ғалымның айтуынша, психологиялық талдауға автор ойын кешенді түсіну енеді. Ал деректерде кейбір қателіктердің жіберілгендігі байқалған кезде деректерді сынау қажеттігі пайда болады. Шлейермахер ол қателіктерді механикалық (көшіріп жазған кезде кеткен қателіктер) және өзін шығарма авторымен деп ойланушының еркімен жіберілген саналық қателіктер деп екіге бөлген. Дегенмен, ол сынның міндеті шығармалардың түпнұсқалығын анықтау методын жасау деп түсінді.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет