Безді эпителий секреторлық немесе бездік жасушалардан-гландулоциттерден тұрады.
Гландулоциттер базальды мемранада орналасқан.Пішіндері әртүрлі болып келеді және секреция сатысына байланысты өзгеріп отырады.Олардың ядролары-ірі,пішінделмеген болып келеді.Нәруызды секрет бөлетін жасушалардың цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық тор жақсы дамыған.ал,нәруызды емес секрет бөлетін жасушалардың цитоплазмасында түйіршіксіз эндоплазмалық тор дамыған.Гольджи кешені жақсы жетілген,митохондриялары ірі.
Бездер бөлінеді: (өндірілген секреттің шығарылатын жеріне қарай)
Секреторлық цикл Заңдылықты түрде қайталанады және 4 фазадан тұрады.
Бастапқы заттардың жұтылу фазасы.Қаннан секреторлық өнімді синтездеу үшін қажет ұсақ молекулалы заттардың түсуі.
Секретті синтездеу фазасы.ЭПТ
Синтезделген өнімнің жинақталу фазасы.Секреторлық өнім Гольджи комплексіне түсіп,пісіп жетіледі де,секреторлық вакуольдерге буынып-түйіледі.
Секретті шығару фазасы кезінде вакуольдер немесе гранулалардың ішіндегі заттар жасушадан экзоцитоз,диффузия немесе басқа механизмдер арқылы шығарылады.Шығара алмай қалған артық секреторлық гранулаларды лизосомалар жойып отырады.