Дәріс ғылым және ғылыми зерттеу әдістері



бет3/11
Дата26.10.2022
өлшемі325,15 Kb.
#155082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҒЗЖ. Дәріс1,2
8 КТЖ алг 22-23 күнімен, 6 КТЖ 22-23 күнмен

биологиялық,


  • геологиялық,

  • техникалық,

  • ауыл шаруашылығы,

  • тарих,

  • экономикалық,

  • философиялық,

  • филологиялық,

  • географиялық,

  • заң,

  • педагогикалық,

  • медициналық,

  • фармацевтикалық,

  • ветеринариялық,

  • өнертану,

  • сәулет,

  • психологиялық және т.б.,

    Аталған ғылым топтарының әрқайсысы одан әрі де кіші топтарға бөлінуі мүмкін. Биологиялық ғылымдар келесі мамандықтарға бөлінеді:

    • Радиобиология.

    • Биофизика.

    • Молекулалық биология.

    • Биохимия.

    • Ботаника.

    • Вирусология.

    • Микробиология.

    • Зоология.

    • Иммунология.

    • Ихтиология.

    • Цитология, жасушалық биология, гистология.

    • Өсімдіктер физиологиясы.

    • Адам және жануарлар физиологиясы.

    • Жеке даму биологиясы.

    • Генетика.

    • Экология.

    • Гидробиология.

    • Топырақтану.

    • Криобиология.
    • Биотехнология.


    • Микология.

    • Молекулалық генетика.

    • Биология тарихы.

    Бұдан басқа да ғылым жіктемелері бар. Және де, ғылым практикасына байланысты объективті және субъективті әлемнің негізгі заңдарын анықтайтын және практикаға тікелей бағдарланбаған және техникалық, өндірістік, әлеуметтік – техникалық проблемаларды шешуге қолданбалы бағытталған болып та бөлінеді.Статистикалық жинақтарда әдетте ғылымның келесі секторларын бөліп қарастырады: академиялық, салалық, жоғары оқу орны және зауыттық.



      1. Ғылыми зерттеу

    Ғылымның даму және өмір сүру формасы ғылыми зерттеу болып табылады. Ғылыми (ғылыми-зерттеу) қызмет – бұл жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет.


    Ғылыми зерттеу– бұл нысанды (объектіні), процесті немесе құбылысты, олардың құрылымы мен байланыстарын жан-жақты зерттеуге, сондай-ақ адам үшін пайдалы нәтижелерді алуға және практикаға енгізуге бағытталған қызмет. Оның нысаны – материалдық немесе идеалды жүйелер, ал пәні – жүйенің құрылымы сондай-ақ, оның элементтерінің өзара әрекеттесуі, әртүрлі қасиеттері мен даму заңдылықтары және т.б. болып табылады.
    Ғылыми зерттеулер әртүрлі негіздер бойынша да жіктеледі. Қаржыландыру көзі бойынша бюджеттік, шаруашылық шарттық және қаржылық емес ғылыми зерттеулер болып бөлінеді. Бюджеттік зерттеулер мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Шаруашылық келісім- шарт зерттеулерін шаруашылық келісім – шарт бойынша тапсырыс беруші ұйымдар қаржыландырады. Қаржылық емес зерттеулер ғалымның бастамасы негізінде оқытушының жеке жоспары бойынша орындалуы мүмкін (сурет 1.4 және 1.5).



    Ғылым туралы нормативтік құқықтық актілерде ғылыми зерттеулер нысаналы мақсаты бойынша іргелі, қолданбалы, зерттеу және әзірлеу болып бөлінеді.







      1. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу түрлері

    Іргелі ғылыми зерттеулербұл адамның, қоғамның, қоршаған табиғи ортаның құрылысының, қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық қызмет. Мысалы, іргелі қатарына биологиялық жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтары, олардың өзара және қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі туралы
    зерттеулерді жатқызуға болады.
    Қолданбалы ғылыми зерттеулер – бұл практикалық мақсаттарға жету және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білімді қолдануға бағытталған зерттеулер. Басқаша айтқанда, олар іргелі зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми білімді адамдардың практикалық қызметінде пайдалану проблемаларын шешуге бағытталған.Мысалы, өнеркәсіптің түрлі салаларында ағзалардың биогенез заңдылықтарын технологиялық пайдалану туралы жұмыстарды қолданбалы деп қарастыруға болады.
    Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулер көбінесе аталған екі түрдің үйлесімін білдіреді, сондықтан оларды теориялық-қолданбалы деп атауға болады.
    Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыстың келешегін анықтауды, ғылыми міндеттерді шешу жолдарын табуға бағытталған жұмыстарды ғылыми зерттеулер деп атайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет