Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы


Сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге қойылатын міндеттер



бет111/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk
surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
Сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге қойылатын міндеттер

Сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде қалыптастыру, есту кемшілігімен байланысты ақыл-ой және дене дамуының ауытқуын игеру және т.б.

Тәрбие қағидалары – осы процестің өзара әрекетінің субъектісінің стилін және тәрбиенің жалпы бағыттарын, әдістерін, мазмұнын анықтайтын негізгі идея.

Қағидаларды келесідей бөліп көрстетуге болады:


  • Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктер есебіндегі қағида;

  • Тәрбиенің өмірмен байланысу қағидасы;

  • Педагогикалық оптимизм қағидасы;

  • Ұжымдағы тәрбиелеу қағидасы;

  • Белсенді және өзіндік негізінде баланы тәрбиелеу қағидасы;

  • Эстетикалық зеректіліктерге тәрбиелеу, кереметтілікті түсіне және көре білу;

  • Эстетикалық талғамды дамыту. Өйткені есту қабілетін жоғалтқан баланың ойлау және сөйлеу тілін дамытумен байланысты.

  • Баланың шығармашылық қабілетін дамыту;

Эстетикалық құрамы сапасында өнер, айналадағы заттар, еңбек және спорт әрекеттері, ойын және т.б. қолданылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте сөйлеу тілін дамыту сабағы жүреді. Оқушылар онда қоршаған ортаны ауызша және жазбаша түрде сипаттауды үйренеді. Аталған сабақтар оқушының сөйлеу тілін дамытады. Эстетикалық тәрбиеде үйірмелердің маңызы зор.

Дене тәрбиесінің мақсаты – адамның дене қабілеттері мен сапасын дамыту, дағды мен біліктіліктерді қалыптастыру, денсаулықты сақтау, тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады.

Дене тәрбиесінің негізгі құрамы – дене жаттығулары, табиғаттың шынайы факторларын пайдалану және гигиена сақтау.

Мектептің негізгі міндеті–есту қабілетін жоғалтқан балалардың денсаулығын күшейту. Ол педагогпен ата-аналардың біріккен күшімен шешіледі. Есту қабілетін жоғалтқан балаларға арналған мектептердің арнайы міндеті сөйлеу тілін қатынас құралы ретінде қалыптастыру. Дене тәрбиесі дене шынықтыру сабақтарында, әуенді-ырғақ сабақтарында жүзеге асады. Біздің мектеп үшін ерекше форма әуенді-ырғақ сабақтары болып табылады. Сонымен қатар, отбасында балалардың дене тәрбиесі – бала дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Отбасында дене тәрбиесі жұмыстарының мазмұны мынадай:



  • Негізгі қимылдарға үйрету;

  • Заттар мен заттарсыз жалпы дамытатын жаттығуларды жасау;

  • Кеңістікте бағдарлауын және үйлесімділік қимылдарын дамыту;

  • Дұрыс мүмкіндігін қалыптастыру. Ата-аналар осы жұмыстарды әр түрлі ойын, жаттығу, серуендеу түрінде өткізулеріне болады.

Тәрбие әдістері – тәрбиенің өзара әрекетін жүзеге асыру, тәрбие міндеттерін шешудің жалпы тәсілдері.

Сурдопедагогикада тәрбие әдістерінің мәселесін А.И.Дьячков.,

С.А. Зыковтың және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде көруге болады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие әдістерін былай топтастыруға болады:

- ақпараттық (әңгіме, педагог әңгімесі, фильмді көру, оқу, педагогикалық талаптар);

-практикалық-әсершілдік (жаттығу, қоғамдық пайдалы әрекетті ұйымдастыру, ойын).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет