Жұмыстар № тақырыбы. Химияда лабораториялық



бет3/5
Дата12.10.2023
өлшемі3,51 Mb.
#184928
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 Қауіпсіздік ережесі және ыдыстар
Наука в США (2), 7ae92182-325b-448f-8fff-0d2f621e2c51, Чекина Пособие Русский язык, КЕЛІСІМШАРТ JUZ40 , 5 лекция, Анель 2 зертханалық, Документ (3)
Жаралар және уланулар кезіндегі бірінші көмек

Термиялық күйіктер кезінде, күйіп кеткен жерлерін калий перманганатының ерітіндісімен немесе этил спиртімен мол сулау қажет, ал ауыр күйіктер кезінде – күйіктерге арналған майды жағу керек.
Қышқылдармен күйген кезде, күйіп кеткен жерін тез арада судың көп мөлшерімен, ал содан соң тағам содасының 3 %-ды ерітіндісімен жуу қажет. Сілтілермен күйген кезде, теріні сумен жуғаннан кейін, сірке қышқылының 3 %-ды ерітіндісімен сулап, ал содан соң қайтадан сумен жуу қажет. Судың ішінде ерімейтін, денеге түскен органикалық заттарды осы заттардың еріткішінің көп мөлшерімен жуу қажет, ал содан соң спиртпен жуып, майды жағу қажет. Қышқыл немесе сілті көзге тиген кезде, тез арада оларды судың көп мөлшерімен жуып, ал содан соң сода ерітіндісінде немесе бор қышқылында суланған, тампонмен өңдеп, және қайтадан сумен жуу қажет.
Кездейсоқ жағдайда адамның ішіне реактивтер түссе, көбірек су ішу керек. Сонымен қатар: қышқылдармен уланған кезде, екікөмірқышқылды содасының 2 %-ды ерітіндісін ішу керек, сілтілермен уланған кезде, 2 %-ды сірке немесе лимон қышқылының стақанын ішу қажет. Улану
кезінде уланған адамды таза ауаға шығарып, қолдан дем алдыруын жасап, дәрігерді шақыру қажет.

    1. Жергілікті өртті және жанған киімді сөндіру

Жанғыш сұйық жанған жағдайда, барлық жанғыштарын сөндіріп, жалынды асбесттік орамалмен жауып немесе құммен көміп тастап, немесе көмірқышқылды газы бар отсөндіргішін пайдалану қажет. Суда еритін отқауіпті заттарды (спирт, ацетон және т.б.) сумен сөндіруге болады. Егер де суда ерімейтін зат жанса (мысалы, эфир, бензол, бензин, скипидар), онда өрт сөндіру үшін суды пайдалануға болмайды, себебі өрт қауіпі жойылмай, жану ошағы үлкейе түседі. Киімдер жанған жағдайда, сол адамның үстін жүнді, киізді немесе асбесттік көрпемен, халатпен немесе басқа киіммен жабу қажет. Ешбір жағдайда оған қашуға мүмкіндік беруге болмайды, себебі қозғалыс жалынды ұлғайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет