Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Бүгінгі журналистің ақпарат алу және тарату шеберлігін дәлелдеңіз



бет49/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Бүгінгі журналистің ақпарат алу және тарату шеберлігін дәлелдеңіз.

Соңғы 10 жылда журна­лис­тика күрт өзгерді. Журналистерге қойылатын талап та күшейді. Ма­ман даярлайтын оқу орындары бұл қарқынға ілесе ала ма?
Әлемде бәрі өзгереді, өзгер­мейтін тек жансыз дүниелер болар. Журналистиканың да бет-бейнесі уақыт өткен сайын түрленіп тұ­ра­ды. Сон­дықтан бұл процесс – заң­­ды. Тех­нология қарқыны көз ілес­­пес жыл­дам­дықпен да­муда. Сәй­ке­сінше, біздің салаға мультиме­­диа­лық құралдар дендеп енді. Ол әл­бетте қоғам сұраны­сынан туын­дап тұр. Аталған үдерістің бар­лығын жіті назарда ұстап, журналис­ти­каға жаңа, тың сер­пін әкелетін ма­ман­дар даярлауға тырысамыз. Әлеуметтік қоғамдық жауапкершілік басты орында, себебі журналист тек ақпарат таратушы емес, журналист қоғамның мүддесін жақтаушы, қоғамдағы тыныштықты сақтаушы, яғни халықтың көзі, құлағы.

  1. Кешегі Кеңестік журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті салаларын салыстырыңыз.

Заман талабына сай журналист мамандарын сапалы дай­ын­дауды тиімді жүргізу мақсатында бас қосқан отырысқа еліміздегі бұ­қаралық ақпарат құралдары­ның басшылары мен белгілі жур­налистер, сондай-ақ шетелдік ға­лымдар да қатысты.
Онда алғашқы сөз кезегін ал­ған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің рек­торы Бақытжан Әбдірайымов жур­­налистерді төл мерекесімен құт­тық­тай келе, оқу ордасының шетелдік әріптестермен тәжі­ри­бе ал­масуды жүзеге асырып жат­қанына тоқталды. Сондай-ақ, ол жақында Бакуде Абай орталығы ашылғанын, әзербайжандық жас­тарға қазақ тілі үйретіле бас­та­ғанын, көп ұзамай бұл орталық Қытайдағы Ши-Ань университеті мен Шыңжаң университетінде де ашылатынын айтты.
Осы арада бір айта кететін жайт, жа­қын­да университеттің ғылым және ха­лық­аралық байланыстар жө­нін­дегі проректоры Б.Берсімбай мен журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қай­рат Сақ бастаған топ Қы­тай­дағы Шың­жаң университетінде іссапарда бо­лып, екі жақты ын­ты­мақтас­тық­ты нығайту жө­нін­де­гі ме­мо­ран­думға қол қойып қайт­қан. «Қазақстанда журналистер дай­ындайтын жоғары оқу орын­да­ры жетерлік. Бірақ, онда қандай сабақтар оқытылады, оны кімдер оқытады деген мәселе ең маңызды. Журналистика тек бір мамандық ретінде ғана қаралып келе жатқандықтан, қазір біз қолданып жүрген оқу бағ­дар­ла­масының дұрыс еместігін, көп­теген ұстаздардың арнайы ма­ман­данбағанын айтқым келеді. Сондықтан мерзімді баспасөз, телерадио журналистикасы, интернет немесе виртуалды журналистика деген үш мамандық ретінде қарастырылса, ұтымды болары сөзсіз».
Журналистиканы үш үлкен салаға бөліп, тереңдете білім бе­ретін Түркияның оқу бағдар­ламасына тоқталған Ыстамбұл университеті журналистика фа­культетінің деканы, профессор Айдемир Окай Түркиядағы 55 журналистика факультетінің жай-жапсарын, олардың жылына 5000 журналисті жұмыспен қам­та­ма­сыз ететіндігін айтты.
Өз еліндегі 151 жылдық тарихы бар бас­пасөзге аялдаған ол өз сөзін Ататүріктің: «Баспасөз – ұлт­тың ортақ үні» деген тұжы­ры­мымен қорытындылады. Журналистика кадрларын дай­ындаудың түйінді мәселе­ле­ріне тоқталған «Айқын» газе­ті­нің бас редакторы Нұртөре Жү­сіп журналистика факультеттерінде екінші шет тілі оқытылса деген ұсынысын ортаға салса, «Нұр Астана» газетінің бас ре­дакторы Ғабит Мүсіреп қазақ тілін тереңдете оқытудың маңыз­ды­лығына мән берді. Қазақстандағы журналис­ти­ка­ның тағы бір кем тұсы – спорт журналистерін дайындайтын ар­найы мектептің жоқтығы екен­дігін өз сөзіне арқау еткен Несіп Жүнісбай арнайы спорт журна­листерінің аздығынан осы сала­ның дамуы баяу екенін, ал «Астана» журналының бас ре­дак­то­ры Мақсат Тәж-Мұрат бүгінгі күн­де билік пен БАҚ-тың ара-жігін ажырата алмай жүрген­ді­гі­міз­ді тілге тиек етті.
27 билеті АСЫЛАН



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет