Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Махаббат, қызық мол жылдардағы Меңтай күнделігінің тәрбиелік мәні» тақырыбында толғау



бет54/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
«Махаббат, қызық мол жылдардағы Меңтай күнделігінің тәрбиелік мәні» тақырыбында толғау.

Меңтай қайтыс болғаннан кейін Ербол қиналған сәттерде оның жанынан табылып, дем берген Меңтайдың күнделігі. Ол күнделікті ауырып жүрген сәтте жазып, Ерболға: «Мен олай-бұлай болып кетсем өз-өзіңе қара. Шашыңды алып жүр, киіміңді таза ұста. Ішкілікке салынып кетпе» деп өтінішімен қоса ақылын да жеткізген. Бұдан бөлек қалам мен қағазды серік етіп Ерболды қаншалықты сүйетінін, басынан өткеріп жатқан сезімдерді қалдырмай жазып отырған. Күнделік Меңтай қаза болған соң Ерболдың қолына тиеді. Ербол оны ашып оқыған сайын өзінің ғашығын сағынып, ішқұса болатын.
Қан майданнан келгенде өзгелер секілді ауылына қайтпай, оқуға құмартқан жас жігіттің махаббат хикаясы осылай баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтайды жақсы жағынан көрсетіп қою ғана емес, ол халқымыздың кейінгі жас ұрпағы бойына сіңіру керек қасиеттерді де үлгі ету. Мәселен, Меңтайдың «Апамның айтқандары» деп қойын дәптеріне жазып алған ақылдары бұрымдылардың барлығы ұстауға тиіс қағидалар. «Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады», «Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі, қыздың жалаңаш жеріне көптің көзі түскіш келеді. Ал, халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген сөз бар», «Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың» секілді ақылдары оқырмандарға да өз септіктерін тигізуде. Ал, Ерболдың қазақтың әр қызын қарындасындай көріп, қорғауы, жұмысына деген жауапкершілігі, сезімге шынайылығы, досқа адал, дұшпанға қатал болуы ер-азаматтар үлгі алатын қасиет.
Әзілхан Нұршайықов әр жүрекке әл беретін шығармалар жазумен қатар, күллі өмірін оқырманға өнеге етті. Оның «Халимасы» да, «Мәңгілік махаббат жыры» да, «Махаббат қызық мол жылдары» да жас ұрпаққа махаббат деген сезімнің ойыншық емес, ұлылық екенін ұғындырды.
30 билеті ДАРИЯ


  1. Камал Смайыловтың «Оянған ойлар» еңбегіндегі тарих, мәдениет және ана тілі мәселелерінің ұлттық сана-сезімге әсері

Камал Смайыловтың «Оянған ойлар» еңбегіндегі тарих, мәдениет және ана тілі мәселелерінің ұлттық сана-сезімге әсері
Камалдың «Оянған ойлары» – еліміздің тарихындағы бетбұрыс кезең, қайта құрудың өмірге ғаламат өзгерістер əкелгенін жан жақты аша түсетін, қалғып-семіп қалған ойларды оятқан соны еңбек. Публицист кітаптың алғашқы тарауында Ұлы Қазан революциясын орнатушылардың жаңа социалистік қоғам орнатамыз деген арман жолдарына саяси тұрғыда баға бере отырып, социалистік қоғам тұрғысында түрлі пікірлерге жетелейтін қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың: «Социализмге бар билікті мемлекеттің қолына жинап, ұстап алғанда не болатынын айқын көрсететін үлгі болып табылады» (Ницще);«Пролетариаттың саны аз болып тұрған елде өкімет қайткенде де диктатураға айналып кетеді» (Плеханов); т.с.с. ойларын бере отырып, өзіндік журналистік болжамдарын айтады. Ол социализм қоғам мүшелерінің игілігін, бостандығын қорғай отырып, жақсылық əкелетіндігін ерекше атап өтеді де: «Социализм өзінің артықшылығын, адамгершілік құрылыс екенін ракеталардың санымен, ядролық зарядтардың күшімен дəлелдемейді, өзінің өте жоғары экономикалық даму, тұрмысты жақсартуы, адамдарға деген қамқорлығының дəрежесімен көрсетеді, үгіттейді. Біз соңғы жылдары осыдан алыстап кеттік, бар күшті əскери қаруға салдық. Енді адамды қорқыту емес, қызықтыру арқылы жеңуге тиіс социализм...», - деп қоғамдық мақсаттарға қарай жетелей түсетін біршама ой білдіреді. Өткенді білу – бүгінге сабақ, ғибрат, тағылым болуға тиіс. Нағыз шындықты, толық шындықты ашып айтып отырып біз бүгін шындықтың бар жерде, əр істе орнауы, жүруі керек екенін есте ұстауымыз тиіс. Көп оқып, терең ізденетін публицист бір ой айту үшін бірнеше деректерге жүгінеді. Əр мақаласын үлкен жауапкершілікпен жаза отырып, шынайы байлам тұрғысынан салмақтай түседі. Публицистің бұл ерекшелігін біз «Оянған ойларын» оқи отырып, анық көз жеткізгендей болдық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет