Ландшафтық дизайн



Pdf көрінісі
бет15/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92
Байланысты:
5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, 5-6 апта СРСП Князова ХБ-201, resume, Smiles 2 2-тоқсан
 
Шағын саябақтар - 
маңызды көгалдандыру зерзаты, көлемі 
0,15-тен 2,5га дейін болады. Шағын саябақтар көбіне қалалық 
алаңдарда, көше қиылысында, тұрғын үйлер жанында, әкімшілік 
және қоғамдық кеңселер маңында орналасады. Бұл қаладағы 
табиғи ортасы өте қолайсыз (шуы өте жоғары, ауасы лас, газды 
және т.б) жерлерде орналасқан. Шағын саябақтардың жоспары 
олардың қызметіне байланысты болып келеді. Ол жерлерде 
партерлік учаскелер – көгал шөптер, гүлзарлар, ағаш және бұта 
топтары, демалыс алаңшалары, транзитті және серуен жолдары 
болады. 
Шағын саябақтарға қала жағдайына төзімді көшет 
материалдары пайдаланылады. Жолдар мен алаңшалар әсем 
көркемделген болуы керек. Шағын саябақ құрылысы кезінде 
ағаштар мен бұталарды отырғызу, көгал шөп және гүлзар құру 
және ол жерде күтім жұмыстарын жүргізуде жоғары талаптар 
қойылады. Агротехникалық күтім жұмыстарын (жүйелі суару, 
органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу, жақсы өсуге 
арналған стимуляторлар пайдалану және т.б) жоғары деңгейде 
жүргізу керек. 
Бульварлар – 
халықтың қысқа мерзімде демалуына 
арналған көгалдандыру зерзаты. Бульварлар көше мен аудандық 


магистраль жиегіне жолақ ретінде ені кемінде 16-18м болып 
жасалады. Бульварды жоспарлау кезінде серуен және транзитті 
жолдар, демалыс алаңшалары салынады. Алқа ағаштар 
біріншіден, көшенің екі шетін қоршап жауып тұруы керек, 
екіншіден төзімді ағаштар мен бұталардан сәнді топ құрып, 
көгал шөптер құру керек. Гүлмен безендіру маңызды 
бөлшектердің бірі. 
Отырғызылатын көшет материалдарына жоғары талап 
қойылады: көшеттер ірі болуы керек, барлық агротехникалық 
жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілуі шарт. Алқа ағаштар 
ретпен, қатарлап отырғызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет