Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу


ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі



бет3/18
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ДОТ МОН РК ПРИКАЗ 123 каз - 01.04.2020 ж
603732fa36844857b5c1f146e2f6b8d5, 603732fa36844857b5c1f146e2f6b8d5
2. ТжКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі

6. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне және графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

7. ТжКБ ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды жүргізеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асырады.

Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнын оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.

8. Білім беру процесінің қатысушыларына:

1) электрондық платформаларға және түрлі электрондық дереккөздерге қолжетімділік беріледі;

2) «EL ARNA», «balapan» каналдарындағы телекоммуникациялық желілер арқылы қазақ және орыс тілдерінде трансляция ұсынылады;

3) оқу материалдарының сілтемелері білім алушының мекенжайына жақын орналасқан Қазпошта бөліміне жолданады.

9. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымында:

білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын парақтары бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;

интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникативтік байланыс арналары, құралдар;

сандық білім беру ресурстары;

оқытуды оқу контентін немесе сервисті желілік басқару жүйесі;

сынақ кешендері;

тиісті даярлықтан өткен педагогтер болуы қажет.

10. ТжКБ ұйымдары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін кез келген оқыту технологияларын қолдануға құқылы.

11. Оқу сабақтарының басталуына дейін білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту жүйесі мен технологияларымен таныстыруды жүргізеді.

12. ТжКБ ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетеді.

13. Консультациялар жеке және топ нысаны арқылы жүзеге асырылады.

Әрекеттесу электрондық пошта арқылы хат алмасу, хабарлама жіберу немесе телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып бейне, телевизиялық хабарлар арқылы жүзеге асырылады.

14. ҚБT қолдану арқылы оқыту формалары: бейнедәріс, дәріс, мультимедиалық дәріс; телевизиялық дәріс, білім алушылардың электрондық оқу басылымдарындағы (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, жобалық жұмыстар) өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдеу); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошталар арқылы кеңес береді.

15. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау оқу жұмыс жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚБТ бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау:

автоматтандырылған тестілеу жүйелері;

жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.

ҚБT қолдана отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау түрлі оқу жұмыстары түрінде (тестер, практикалық тапсырмалар және т.б.) ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу жұмысының түрін педагог анықтайды.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау тапсырмаларының күрделілік деңгейі өткен материалға сәйкес келуі және білім алушыларға қолжетімді болуы қажет.

Аралық аттестаттауға арналған тестілік тапсырмаларды әзірлеуге пәнді (модульді) жүргізетін педагог жауапты болып табылады.

16. Оқу процесін басқару үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құжат айналымының автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру, электронды білім банктері және интерактивті мультимедиалық оқыту құралдары, электрондық оқу-әдістемелік кешендер қолданылады.

17. Білім алушыларды ҚБT қолдану арқылы оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін пәндер (модульдер) бойынша бекітілген оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу-әдістемелік кешендер болуы қажет.

18. Әр пәннің (оқу модулінің) электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жинақтарды қамтиды.

Міндетті жиынтық:

оқу жұмыс бағдарламасынан, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен;

дәрістердің электронды курсынан;

практикалық сабақтың материалдарынан;

білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

бақылау материалдарынан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және басқалар) тұруы тиіс.

Қосымша жиынтықта курстық жұмыстарға арналған нұсқаулық; оқу сипатындағы компьютерлік бағдарламалар: тренажерлер, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің (модульдің) оқу материалын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары, басқа да материалдар қамтылуы мүмкін. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету өзіндік жұмыс және білім алушылардың аттестаттауға дайындығы үшін жеткілікті болуы тиіс.

Оқу-әдістемелік материалдар тегін беріледі.

19.  Мамандықтардың ерекшелігіне байланысты практиканы нақты өндірістік жағдайлардан бейнематериалдармен және практикалық тапсырмалармен онлайн форматта сабақтарды ұйымдастыру немесе тестілік тапсырмаларды офлайн орындау арқылы қашықтықтан өткізуге рұқсат етіледі.

Практикадан өту теориялық тапсырмаларға ауыстырылған жағдайда педагогтің тарификациясына өзгерістер енгізуге болады.

Бітіруші топтардың кәсіптік практикасын бағалау кезінде оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалардың (болған жағдайда), сондай-ақ өндірістік оқыту, зертханалық-практикалық сабақтардың қорытындылары есепке алынады.

20. ТжКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді.

21. ТжКБ ұйымдарының студенттік жатақханаларында карантин режимі енгізіледі.

22. Халықаралық аккредиттеу процесін онлайн-режимде аяқтайтын ұйымдарды қоспағанда, ТжКБ ұйымдарында халықаралық аккредиттеу рәсімдерінің сыртқы аудитін өткізу тоқтатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет