Бағалау
І-тоқсан. 31-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі
Тақырыбы: Атаның сөзі — ақылдың көзі
Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар, қария сөзіне анықтама беріңдер.
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар.
Сөзі - соқпақ, өзі - нар.
Ата салты ардақты,
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
2-тапсырма. Мына сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар. Көмекші сөздерді қатыстырыңдар.
Үлгі. Көп. — Көп алдында дауыс көтерш сөйлеуші болма!
Қария, ақыл, өнеге, ата салты, бармақты тістеу.
3-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
Жігіт пен қария
Арман деген не? - депті жігіт.
Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Ар манына ақылды жетеді, ақымақ, бұл өмірден түңіліп өтеді, - депті қарт.
Елді кім, үйді кім бүлдіреді? - дейді қарт.
Ата, елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді, - депті жігіт.
Әкім ақылсыз болса, ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Өсекті тыңдау әкімге жараспайды, өсиетті тыңдау тақтағы ханға жараспайды, - депті қарт.
Ата, шындықты тіл бұзады, — депті жігіт.
Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса, өтірік көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын, айтылған сөзге тоқтату қиын. Адал адам шындыққа ие болса, ақылы артады. Ақымақ адам шындықты білсе, өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады, - депті қарт. («Бабаңнан саған не қалған» деген кітаптан)
III деңгей
Сызбаны пайдаланып, бірнеше сөйлем құраңдар.
кім? ► нені? -- ► армандайды. кімді , өсірмейді? елді бүлдіреді?
ерді
бұзады?
шындыңты
көп нүктенің орнына төмендегі. сөздерді дұрыс к,ойып, елендо кешь
рш жазыңдар.
... даланың әжелп
... деген халк,ымыз.
баскд ... бгздің де
бар дәстүр менен ....
қажетгт сөздер: салтымыз, дарқан, г^азак,, ұлттай.
деңгей
әцгсмет жазбаша мазмұндандар.
мына сөздікердің антонимш тауып, нақыл сөздікер к;урап көріңдер.
шындык, -
бак,ытты -
ак;ылды -
қарт -
ерді бұзады? шындықты
2.Көп нүктенің орнына төмендегі сөздерді дұрыс қойып, өленді көшіріп жазыңдар.
... даланың ежелгі
... деген халқымыз.
Басқа ... біздің де
Бар дәстүр мен .... Қажетті сөздер: салтымыз, дарқан, қазақ, ұлттай.
ІІ деңгей. Әңгімені жазбаша мазмұндандар.
Мына сөздердің антонимін тауып, нақыл сөздер құрап көріңдер.
шындық – бақытты – ақылды – қарт –
І деңгей 1.«Атамның сөзі — отбасымның негізгі тәрбиесі» атты шығарма жазыңдар.
4-тапсырма. Мына нақыл сөзді түсініп оқыңдар. Батаның маңыздылығын естеріңе түсіріңдер.
Атаңның ботасын алма, батасын ал. Бота өліп қалады, бата алсаң бағың жанады. (Есен би)
5-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын ашатын бірнеше сұрақ құрастырыңдар.
Бейтаныстың әңгімесі
Мен әке-шешеден ерте айырылдым, — деп бастады бейтаныс танысым әңгімесін. - Әйткенмен өмірдің ешқандай кемшілігін, қиындығын көргенім жоқ. Жетімдіктің не екенін білмедім. Өзімнен көп үлкен әпкем бар еді. Бірден қолына алды. Жездем әке орнында жүрді. Тіпті өз әкемнен артық болған шығар. Әкем марқұм ешқашан менің оқуыма назар аударған емес-ті. Ал жездем алғашқы күннен-ақ қатаң тәртіпке баулыды. Сабақтан қалмауға, белгілі сағаттарда үй тапсырмасымен отыруға үйретті. Қажетті мөлшерде әдеби кітаптар оқуға тиісті болдым. Өзі білімнен кен де қалған жан оқу атаулыға қатты табынатын. Мені қайтсе де білімдар адам етіп шығарғысы келді. «Білімді болсаң, рухани бай боласың, бағың жанады» деп айтып отыратын. (М.Мағауиннен)
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Үйге тапсырма. 6-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердегі ықпалды анықтау.
Әйткенмен өмірдің ешқандай кемшілігін, қиындығын көргенім жоқ. Тіпті өз әкемнен артық болған шығар. «Білімді болсаң, рухани бай боласың, бағың жанады» деп айтып отыратын.
Бағалау
І-тоқсан. 32-сабақ
Күні:_________
Сыныбы: 9
Пәні: қазақ тілі
IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі
Тақырыбы: Атадан өсиет
Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.
2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.
3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.
Түрі: қорыту сабағы
Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Сынып тазалығына көңіл бөлу
4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Жаңа сабақ.1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Атымтайдың төрт ақылы
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай болса да, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің баласы сұрапты дейді: «Әке, дәулетіңіз бар, ашқа тамақ, жалаңашқа киім, үйсізге үй бердіңіз. Сөйте тұрып, өз басыңызды кемшілікке салып, жарлы адамша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не?» Атымтай жомарт баласына қарап отырып, былай деп жауап беріпті: «Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі - әдемі ат, асыл киім, асқан салтанатты медет етсең, көңілге жел кіргізеді. Сол жел менде болып, өзімнен төмен бейшарадан жиреніп, көз салмай, кемшілдерге жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі - бар бола тұрып жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін. Үшіншісі - күн сайын өез бетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды. Еңбекпен табылғанның дәмінің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі - құдай тағаланың берген дәулетін өзімсініп, керекті орындарына жаратпай, көпсініп, өзім ғана ішіп-жесем, Алла тағалаға күнәлі болармын деп қорқамын».
(Ы. Алтынсарин)
Сөздік
ескі-құсқы - старье
кемшілік - недостатки
ұмыту - забыть
Сұрақтар:
Атымтай жомарт қандай адам болған?
Оның есіміне «жомарт» сөзі неге тіркелді деп ойлайсыңдар?
Атымтай жомарттың бай бола тұрып, еңбек етуден жалықпайтыны неліктен?
Әкесі баласына нені ғибрат етеді?
Мына мақал-мәтелдер бойынша мәтіннің мазмұнын айтып көріңдер.
Еңбекпен тапқан нан тәтті.
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
Мына тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құрандар. Көңілге жел кіру - мастану, қандайсу.
2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқыңдар, қандай ақыл айтқанын өз сөздеріңмен жазып алыңдар.
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет.
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
Араз болсаң алты ауыз,
Еліңнен кетер берекет.
Бар арманым айтайын –
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан қайтейін!...
(Ақтамберді жырау)
Сөздік
келеке - насмешка
береке – достаток
алты ауыз – недружный
4-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар.
Кейіпкерлер:
Данагүл
Қарт - Төле би
Жолаушылар
Қыз-келіншектер
|