2-тапсырма XVIII ғасырда өмір сүрген батыр, қолбасшы, би, шешен Сырым Датұлының бала күніндегі тапқырлығы жайында айтылатын аңыз- әңгімені мұғалім дауыстап оқиды. Бір рет оқылғаннан кейін мына сұраққа жауап бер:
Жолаушылар қай сөздің астарын түсінбеді?
Оның мағынасын бала Сырым қалай түсіндірді деп ойлайсың?
3-тапсырма Екі рет тыңда. Мәтіннің мазмұнын бала Сырымның берген жауабымен қосып айту үшін 5-6 тірек сөздерді жазып ал. Асты сызылған сөздерге мән бер.
4-тапсырма Ғ.Дүйсековтың «Абайдың үш сезімді қатар қабылдауы» деген әңгімесінен үзінді оқы.
Абай қандай тыңдарман?
Ол үшін адамға қандай мінез қажет деп ойлайсың?
Сен де Абай атаңа ұқсап өзіңді жан-жақты жаттықтырып көр.