Мақсаты: Балаларды 1 ден 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту амалдарына арналған есептерді шығара білуін анықтау. Тірек сызба арқылы заттың көлемін ажыратуға машықтандыру. Дьенеш блогтарын қолдана отырып, геометрикалық пішіндердің түсін, көлемін ажырата алуға үйрету. Кюзинер таяқшаларыны арқылы балалардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, қол маторикасын дамыту.
Балалар қараңдаршы бізге сауысқан хат әкеліпті. Кімнен келді екен? Ансар сен бізге хатты оқып берші.
«Балалар! Аң патшасы арыстан орманда математика мектебін ашты. Ал мектепке тек арыстанның тапсырмасын орындағандар қабылданады деп жарлық етті. Біз сендерден көмек сұрап хат жолдап отырмыз.» Жабайы аңдар.
Көмектесеміз бе?
Балалар: Көмектесеміз.
Ендеше орманға саяхатқа аттанайық.
Тиіннің тапсырмасын орындауға көмектесейік. Тиін жаңғақтарындағы есептерін шығара алмай басы қатып отыр екен. Біз есептерін Киюзинер таяқшаларының көмегімен шығарып берейік. ( бір бала тақтада шығарады )
Жақсы балалар тиіннің тапсырмасын орындауға көмектестік.
Қоянға қанша жуан, жіңішке және ұзын, қысқа сәбіздері бар екенін сызба түрінде анықтап берейік. Жангир тақтада арқылы көрсетсін. (Әуен).
Міне қоянның да тапсырмасын орындауға көмектестік.
– Балалар арыстанның тағы бір тапсырмасы, Кюзинер таяқшаларынан өздерін құрастырып бейнелеу керек. Олай болса аңдарға көмектесіп көрейік.
Балалар қасқыр, қоян, тасбақа, аю, тиіннің бейнесін құрастырады. (Әуен).