Елімізде балалар үйінде 5044 бала тәрбиеленіп жатыр. Оларды асырап алушылар үшін Балалар құқығын қорғау комитетінің сайтында жетім балалардың дерек қоры бар. Мүмкіндігі бар ата-аналарға балаларды асырап алуға болады, қамқорлығына алып немесе патронаттықты рәсімдей алады.
Патронат – қорғаншылық немесе қамқоршылық органмен келісім-шарт жасау арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы белгілі бір отбасының тәрбиелеуге алуы.