Техника-экономикалық негіздеу


Жылжымалы құрамына жол қозғалысы қауіпсіздігі жұмысын жоспарлау



бет7/13
Дата16.03.2022
өлшемі79,19 Kb.
#135936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Курсовая жол журу

3.2. Жылжымалы құрамына жол қозғалысы қауіпсіздігі жұмысын жоспарлау.

Автокөлік мекемесінің жұмысын жоспарлаудың бірнеше бағыттарының ішінде жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған іс-шараларын жоспарлау маңызды орын алады. Мекемеде осы іс- шараларымен арнайы жасақталатын қосалқы бөлім қызметкерлері, атап айтқанда автокөлік мекемесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі, ал жол-пайдалану ұйымында автомобиль жолдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі айналысады. Жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін мекеменің басқа да функциональді қызметтерінің жұмыскерлері атсалысып жұмыс жасау қажет.


Қозғалыс қауіпсізідігі қызметінің жұмысын жақсарту мақсатында әзірленетін жұмыс жоспары әрбір үш айлыққа жасалады.
Осы жоспарда келесі мәселелер еңгізіледі:
1. Жүргізушілердің еңбек жағдайын жақсарту.
Ол үшін жоспарда көше-жол торабының күйін тексеру үшін жол жағдайын тұрақты тексеріп түруын және жүргізушілердің демалысы мен еңбек режимін сақтаудың тұрақты бақылау қажет. Жүргізушілердің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық тексерістерді ұйымдастыру бойынша жұмыстары да ерекше орын алуы керек. Сонымен бірге жргізуші кабинасында қалыпты микроклиматты ұстап түруды бақылау жүргізіледі. Жүргізушілерді қауіпті учаскелері көрсетілген қозғалыс маршруттарының және жол-көлік оқиғалары жиі болған орындары мен учаскелері белгіленген
схемаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Автомобильдердің техникалық күйін жақсарту.
Жоспардың аталған бөлімінде көлік құралдарын рейске шығар алдында және жұмыстан кейін паркке кірерде техникалық күйін жүйелі бақылауды ұйымдастыруын еңгізу қажет. Ол үшін автомобильдердің техникалық күйін диагностикалау бекеттерін немесе автомобильдерге техникалық қызмет көрсету кезінде пайдаланатын басқа да техникалық құралдарын қарастыру керек.
3. Жүмыс барысында жүргізушілердің жұмысын бақылауын ұйымдастыру.
Жоспардың бұл бөлімінде жүмыс барысында бақылау іс-шараларын жүргізудің графиктері жасалуы қарастырылады. Осы жүмыста қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойыша қосалқы бөлім қызметінің жұмыскерлерінен бөлек, мекеменің инженерлі-техникалық және басқа да функциональді қызметтерінің жұмыскерлері, мекемеде құрылған қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қадағалайтын дербес қоғамдық бақылау комиссия мүшелері жұмылдырылады.
4. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мекеме жұмыскерлерінің біліктілігін жоғарлату.
Оқуды төмемдеп мекемеге жұмысқа тұрған жас жүргізу-шілердің оқыун және стажировкасын, жүргізуші біліктілігін алуын ұйымдастыру, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты түрлі мәселелері бойынша кеңестер үйымдастыру шаралары осы бөлімде қарастырылады. Ол үшін мекемедегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысы үйымдастырудың негізгі әдістемелік орталығы болатын қозғалыс қауіпсіздігі кабинетінің жұмысы дұрыс жолға қойылу керек. Аталған бөлімде сонымен қатар нормативтік актілерді, инструкцияларды, бұйрықтар мен басқа да жетекшілік құжаттарын оқуды, еңбек заң шығару, еңбек шартының ережелері мен жол қозғалысы ережелері бойынша жүргізушілерден сынақтар мен емтихандар қабылдауы қарастырылады.
5. Мас күйінде көлік құралдарымен басқару жағдайларын алдын алу.
Ішімдікпен жиі әуестенетін жүргізушілер қатарына профилак-тикалық жұмыстар қарастырылады. Осы жұмысты жолға қою үшін профилактикалық сипаты бар түрлі мақалаларды қабырғалық басылымдарға жариялау қажет.
6. Мекеменің жүргізушілері мен басқа да жұмыскерлері арасында үгіт-насихаттау жұмысы.
Жоспардың келесі іс-шарасында Мемлекеттік жол полициясы және осы саланың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен көрсетілген жол қозғалысы Ережелері талаптарын бұзу жағдайларын автокөлік мекемесі қоғамын тарту арқылы шешу қажет. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша лекция, кездеcулер, сонымен қатар көпшілік іс-шаралары да осы жоспар бөліміне еңгізіледі.
Жол-көлік оқиғаларын алдын алудың жұмыс жоспарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арнайы қызметіне қатысты мәселелерінен бөлек, мекеменің басқа да қызметінің жүргізілетін жүмыстары да есепке алынады. Айталық, пайдалану қызметінің қосалқы бөлімі келесі бағыттар бойынша жұмыстар атқарады:
автобусты маршруттарында қозғалыс жылдамдықтарын нормалау;
үзіліс кезінде жүргізушілердің тамақтануын тексеру;
жүргізушілердің еңбек пен демалысын ұйымдас-тырылуын, жұмыс ұзақтылығы бойынша еңбек заңының сақталуын тексеру.
Мекеменің техникалық қызметі жоспардың келесі іс-шараларына қатысады:
автомобильдердің ағымды жөндеуі мен техникалық қызмет көрсету жұмыстарын сапалы орындаудың, әсіресе қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне бірінші кезекте әсер ететін тораптар мен агрегаттарын тексеру;
автомобильдердің техникалық күйін, сменді ауыстыру кезінде автомобильді жүргізушілерімеі қабылдау және беру тәртібін тексеру; жүргізушілер кабинасының микроклиматын тексеру.
Мекеменің жұмыс жоспарында еңгізілетін басқа да іс-шараларына, мысалы, үздік жүргізушілерді марапаттау, сыйақы беру секілді жұмыстарды атауға болады.
Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ұсынылған жұмыс жоспары әрбір үш ай сайын қаралады.
Жұмыс жоспарының орындалуы тікелей мекеме басшысымен қадағаланып, орындалуы қозғалыс қауіпсіздігі қызметкеріне жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет