Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі


) Публицистикалық тақырыпаттарда қолданылатын тілдік



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

3) Публицистикалық тақырыпаттарда қолданылатын тілдік 
құралдар 
Мақала тақырыпатының екінші реттік міндеті – көркемдік 
бейнеліліктің 
заманауи 
публицистикадағы 
маңызын 
көрсету. 
Нарықтағы тауардың сатылымында оның қаптамасы қандай маңызды 
қызмет атқарса, публицистикалық мақалалардың тақырыпаттары оқырман 
назарын аударуда сондай өзекті рольге ие. Тақырыпат неғұрлым 
бейнелі әрі көркем болса, оқырманның оны оқу ықтималдығы 
соғұрлым жоғары болады. Тілшілердің мақала тақырыпатының 
грамматикалық құрылымына, көркемдік бейнелілігіне баса назар 
аударуының себебі – осы. 


65 
Газет мақалалары тақырыпаттарында кездесетін оқырман 
назарын аударушы құралдар тілдік және тілдік емес деп екіге бөлінеді. 
І. Тілдік емес құралдар: 
1)
Графикалық – өзгеше шрифтпен бөліп көрсету және арнайы 
графикалық құралдарды қолдану тәсілдерімен жүзеге асырылады. 
2)
Ақпаратттық – оқырман көңілі тақырыпатта келтірілген 
қызықты және қажетті деген ақпараттың көмегімен баурап алынады. 
3)
Мағыналық – тақырыпатта жұмбақтық, алдамшылық сияқты 
түрлі тәсілдерді қолдану. 
ІІ. Тілдік құралдар: 
1)
Лексикалық; 
2)
Сөзжасамдық; 
3)
Морфологиялық; 
4)
Синтаксистік; 
5)
Стилистикалық [75, 12]. 
Тақырыпат пен мақала мәтіні мазмұн жағынан орайлас 
болуымен қатар стильдік тұрғыдан да тығыз байланыста. Мақала 
атауының болмыс-бітімі, композициясы мен ырғағы оның мәтінінің 
оқырман тарапынан стильдік тұрғыда қандай сарынмен қабылдануына 
негіз салатын факторлар болып табылады. Қазақ мерзімді басылым 
беттерінде тілшілер тарапынан тақырыпаттарда жиі қолданылатын 
тәсілдерге прецедентті құрылымдар (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер), 
окказионализмдер, стилистикалық бояма лексика, троп және фигура, 
тілдік қайталамалар, парцелляциялық құрылымдар, поэтикалық тіл 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет