Түсініктеме 1 - сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады.
Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше.
Ұсынылып отырған жоспар 1- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.
«Көркем жазу» бағдарламасы 1-сыныпқа аптасына 1 сағаттан 33 сағатқа арналып жоспарланған.
«Көркем жазу» бағдарламасының мақсаты:
Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету.
Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Бағдарламада мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған . Әр бөлімде берілген тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға, сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар.
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу таңдау курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.
1- сынып оқушыларына арналған «Көркем жазу» курсын 33 сағатқа есептелген. Оқыту кезеңі үш этаптан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Курстың соңында оқушылар әріп белгілерін саналы түрде және дәл орындауы қажет. Бұл курсты ұйымдастыру барысында оқушылардың жазу мәдениеті көтеріледі.
Мақсаты: Оқушылардың жазу дағдысын меңгеруіне көмек беру , жазу тілін, тіл және әдебиет туралы алғашқы мәліметтер беру. Баланы қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
Міндеті:
Сабақты ұйымдастыру барсында ойын, жаттығу, тренингтерді жүйелі қолдана отырып, зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық қызметтерін дамыту;
Жазу тілі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
Графикалық қырағылығы : графикалық қателерді көру және оларды түзеу жолдарын табу, әріптер мен сөздер арасындағы қажетті пропорцияларды сақату дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың жазу, жазу тілі, жазу мәдениеті ұғымдары бойынша білімін тереңдету;
Нәтижесі: -әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
-әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
-грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
-шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;