Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі



бет32/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
2.3. Қорғанысты ұйымдастыру

Позицияның инженерлік құрылғыларына шұңқырлар қазу, хабарлау жолдары, жеке құрам үшін жабдықталған сызаттар және ЖҰМ (БТР) үшін тасалар жатады.


Инженерлік құрылғылар бөлім командирінің қойған міндеті және нұсқаулары негізінде ұйымдастырылады. Ең бірінші, бөлімше позицияларында автоматшы, пулеметшілер, гранатаметшілер үшін жеке шұңқырлар, ЖҰМ (БТР)-ге тасалар дайындалады. Екінші, жеке шұңқырлар бөлімшенің шұңқырлары болып бір-бірімен жалғасады. Қосымша позицияларға шұңқырлар қазылады және бөлімшенің позицияларынан негізгіге дейін хабарлауға ыңғайлы байланыстар орнатылады. Хабарласудың барлық жолдары атыс жүргізуге ыңғайлы ұяшықтармен маневр жасауға ыңғайланады.
Фортификациялық құрылымдар құруға кететін уақыт:
- автоматтан атуға арналған шұңқыр – 2.5 адам/ сағ жаяу әскер күрегімен;
- пулеметтен атуға арналған шұңқыр – 4.0 адам/1 сағ;
- гранатаметтен атуға арналған шұңқыр – 2.5 адам/1 сағ;
- бөлімшенің төбесі жабылған шұңқыры – 50 адам/1сағ.
Барлығы, бөлімшенің шұңқырын жаяу әскер күрегімен ретке келтіруге 200-300 адам/ 1 сағ. керек.
Қорғаныс кезіндегі бөлімшенің инженерлік құрылғысы және атыс жүйесі қарсы жаққа жасырынған жерді көрсетіп қоятын белгілерімен анықталып қалуы мүмкін. Сондықтан да, қарсыластарды шатастыру мақсатында жасырыну ұйымдастырылады. Жасырынуға әскери сырды сақтау, жасырын орналасу және көшу, жергілікті жер қасиеттерін дұрыс пайдаланумен қол жеткізуге болады.
Бөлімшеде атыс құралдарын қорғау – кезекшілерді бөлумен іске асырылады.
Қорғанысты ұйымдастырғаннан соң, бөлімше командирі бөлімшенің атыс карточкаларын құрайды:
- бағдарлар, олардың нөмірі, аттары және қашықтығы;
- қарсыластың жағдайы;
- бөлімше позициясы;
- атыс жазықтығы және атыстың қосымша секторы;
- ЖҰМ (БТР), пулемет, гранатамет және ТҚБР негізгі және қосымша атыс позициялары;
- көрші позициясы және бөлімшенің флангіндегі атыс жазықтығы, шекарасы;
- бөлімшенің атыс жүргізетін бөлімнің тұрақталған бөліктері;
- бөлімше позициясына жақын орналасқан және атыстан қорғайтын бекіністер.
Бөлімше командирі қорғанысты ұйымдастырып болып, атыс карточкасын жасайды. Оның ішінде болуы керек:

  • бағдарлар, олардың нөмірлері және оған дейінгі қашықтық;

  • қарсыластың орналасқан жері;

  • бөлімшенің бекінісі;

  • атыс жолағы, қосымша атыс секторы;

  • ЖҰМ-ның (БТР) негізгі, қосалқы атыс бекінісі, оқшашардың, гранатаатқыштың және ТҚБЗ (ТҚБР) кешендерінің әр бекіністен ататын негізгі және қосымша атыс секторлары;

  • көршілердің бекінісі және олардың атыс жолағы мен қапталдағы шекарасы;

  • бөлімшенің бекінісінің қасындағы қорғайтын, тасалайтын бөгеттер;



Танктің атыс карточкасында көрсетіледі:

  • бағдарлар, олардың нөмірлері, аттары және оларға дейінгі қашықтықтар, негізгі атыс бекінісінен, күндіз және түнде атуға, көрініс шектелген жағдайда ату үшін көздеуге керекті мәліметтер;

  • қарсыластың жайғасуы;

  • негізгі және қосалқы атыс бекіністері. Әр бекіністен негізгі және қосымша атыс секторлары;

  • взводтың, ротаның шоғырланып ататын учаскесі;

  • танктің атыс бекінісінің жанына орналасқан бөгеттер мен бөлімшелердің бекіністері.

Қорғаныс ұрысын жүргізу


Қарсылас шабуылға көшкенше, позициядағы бөлімше әрдайым бақылаушы, пулеметші және автоматшыны қояды. Олар қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылына тойтарыс беру үшін, сондай-ақ олардың азғантай топтарын жою үшін дайын болулары керек. Қалған жеке құрам жағдайға байланысты инженерлік позицияларды ретке келтіріп, ЖҰМ жабдықтауға жүргізуші-механикке көмектеседі немесе демалады.
Атысқа дайындық кезінде, бақылаушы қарсыласты бақылауды жалғастырып, қалған жеке құрам блиндажда немесе ЖҰМ-да жасырынып, командир бұйрығымен бөлімше позициясындағы өз орнына баруға дайын тұрады. Егер қарсылас уландыру заттарын қолданса, жылдам жеке қорғану құралдарын киеді.
Қарсыластар шабуылға көшкен кезде, бөлімше командирінің бұйрығымен жеке құрам жылдам өзінің позициядағы орнын, оқ атуға дайын тұрады. Қарсыласқа оқ ату атыс қаруының қашықтығының нақты жеріне келгенде ашылады: атыс қаруы 400-600 м, ЖҰМ – 1000-1300 м, танкіден – 1800-2500 м.
Қарсыластың танкілері және басқа да бронды нысаналары ЖҰМ және танкіге қарсы гранатамен, ал жаяу әскер автомат және пулеметпен жояды.

Түнгі қорғаныстың ерекшеліктері


Түнгі ұрыстың нәтижелі болуы, көбінесе қорғаныс ұйымдастырылудың күндіз қаншалықты дайын болғанына байланысты. Қарсылықтың бетін қайтару үшін, қарсыластың барлау әрекетін уақытында анықтау түнде маңызды. Ол үшін түн болысымен түнгі көру құралдары көмегімен бөлімше позициясына келетін жолды тиянақты бақылау және тыңдау керек. Танкінің ату жүйесін ұйымдастыруда қорғанысқа негізгі және қосымша ату позициялары, әр позициядағы негізгі және қосымша ату секторлары көрсетіледі. Ату секторы 2500 метр шамасындағы қашықтыққа тағайындалады.
Бөлімнің тұрақталған бөлігінде фронт бойынша 40 метр болуы мүмкін, рубеж танкке көрсетіледі. Бұл бөлікте қарсыластың снаряд жарылуынан жаппай зақымдалуына қол жеткізіледі.
Қарсыласты ұйымдасып жою мақсатында, танк пушкаларынан және пулеметтерден оқ ату рубеждері белгіленеді. Бұл қашықтық пушка үшін 1800-2500 метр және пулемет үшін 1000 метрді құрайды.
Танкінің атыс карточкасында мыналар көрсетіледі:
- бағдарлар, олардың нөмірі, негізгі атыс позициясынан соған дейінгі қашықтық, түнгі атыс үшін басты қондырғылар;
- қарсылас жағдайы;
- негізгі және қосымша атыс позициясы, әр позицияның негізгі және қосымша атыс секторы;
- рота және бөлімнің тұйықталған бөлігі;
- танкінің атыс позициясына жақын орналасқан бекіністер.


Қорғанысты ұйымдастырғандағы бөлімше командирінің жұмыстары:

  • ұрыс тапсырмасын ұғып алу;

  • бөлімшені көрсетілген бекініске апару;

  • бақылауды ұйымдастыру;

  • атқыштардың орнын, гранатаатқыштың, оқшашаршының атыс бекіністерін анықтау;

  • ұрыс бұйрығын беру;

  • бекіністі бүркемелеу, инженерлік құрылыстарды ұйымдастыру;

  • күндіз-түні атыс жүргізу үшін мәліметтерді дайындап, бағдарларға дейінгі қашықтықтарды анықтау;

  • атыс карточкасын құрастыру.



Ұрыс бұйрығында бөлімше командирі көрсетеді:

  • бағдарларды;

  • қарсыластың жайғасқанын, іс-қимылдарын, құрамын;

  • взводтың тапсырмасын;

  • бөлімшенің міндетін, бекіністің атыс жолағын, қосымша атыс секторын;

- Әуе мен жердегі нысаналарды бақылау және ату ретін; взводтың шоғырланып ататын учаскесінің жерлерін, ондағы бөлімшенің ату орындарын;

  • көршілердің тапсырмасын;

  • жеке құрамның міндеттерін: көрсеткіш-көздеушіге (оқшашардың көрсеткішіне), механик-жүргізушіге, оқшашаршыға және гранатаатқышқа – негізгі, қосалқы атыс бекіністерін; атқыштарға атыс орындарын, ол жерлерді қалыптастыру, ұрыс барысында алмастыру ретін; көрсеткіш-көздеуішпен, оқшашаршыға әр бекіністегі негізгі және қосымша атыс секторын;

  • басқару, жариялау, өзара бірлескен іс-қимылдар белгілерін және іс-қимылдардың ретін;

  • қорғанысқа дайындық уақытын және өзінің орынбасарын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет