Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет27/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактивті тақтадан емхана бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды. «Емхана» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.

Слайдтарды сипаттайды, ассоциаграмма құрайды.


93

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра-

ды, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

3. Тілдік бағдар. Екпінді меңгертеді.

Екпінді меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.



Ә) Жазылым. Айтылым. Дұрыс, сауатты жазуға машық- тандыру үшін 4, 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады, сөз екпінін қойып оқиды, мәтінді екінші жақтан баяндайды, сөйлем құрайды, дауысты дыбыстардың астын сызады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым, cұрақтарға жауап береді.

Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

5. Сергіту сәті. «Дәрігердің қабылдауында» тақырыбында постер жасауларын сұрайды.

Топтық жұмыс. Постер жасайды.

6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Әр қатардағы артық сөздің себебін түсіндіреді, қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемді толықтырып жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Б) Айтылым. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

«Кім көп сөз біледі?» ойынын ұйымдастырады.



Айтылым. Ойынның шартын орындайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Рөлдік ойынды ойнатады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смай- ликтерді көрсету арқылы білдіреді.

94




Сабақ тақырыбы:


Дәрумендер — денсаулық кепілі.



Қазақ тілінде берілген мәтіндер негізінде дәрумендер жайлы ақпараттық ұғымын молайту.

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): дәрумендер туралы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): дәрумендерге қатысты жаңа сөздерді Сөйлесім барысында қазақ тілінде тиімді қолдана алады, қазақша дәрумендерге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады.

Жаңа сөздер:

Шикі, шайнау, жеңіл қорыту.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Қызықты суреттер» тәсілі, кластер,

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Қазақ балалар кітапханасы» көптомдығы.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір- біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дәрумендерге байланыс- ты дайындалған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақ- тарын қояды: -Балалар, дәрумендер дегініміз не? Сендер дәрумендер туралы не білесіңдер? Айтыңдаршы.

Сұрақтарға жауап береді.

Дәрумендер жайлы өз ойларын айта- ды.



ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.





95

5-сынып. Мұғалім кітабы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Сөйлем құрап жазады.

Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.



Ә) Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жұмбақты шешеді.

4. Сергіту сәті. «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша әр жұпқа жеміс-жидек, көкөністердің суреттерінің бөліктерін таратып береді.

Әр жұп бөліктерді құрастырады, олардың құрамындағы дәрумендерді сипаттайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға ма- шықтандыру 5,6,7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көгөністің атауын жаза- ды, кестені пайдаланып, сөздерден сөйлем құрайды.

6. Мәнерлеп оқу. «Дәрумендер» жайлы өлеңді мәнер-

леп оқып береді. Оқушыларға жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Дәрумендер тірегің, А — қажетті көзіңе,

А, В, С, Д, Е деп аласың. В — жүйкені нығайтар. Жетіспесе бірі оның, С-дан микроб безінсе, Тез ауырып қаласың. Д — сүйекті қатайтар.



Тыңдалым. Оқылым. Айтылым. Тыңдайды, өлеңді дұрыс оқуға машықтанады, жаттайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

ІІІ. Ой толғаныс

«Дәрумендер» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Әр бағанға көгөніс пен жемістің түрлерін бөліп жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

8-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім әр оқушыға А4 парақ таратады.

Оқушылар параққа сабақтан алған әсерін сурет арқылы көрсетеді.





Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.



Сабақ тақырыбы:


Ең үлкен байлық.



Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): байлық түрлері туралы ақпарат береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша байлық түрлерін сипаттайды, жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Рухани, зарлау, күш-қуат, айырбастау.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, ассоциаграмма, диаграмма,

«Оймоншақ» ойыны, «Аквариум» тәсілі, «Қарлы кесек», «Ассонанс» ойындары, «Жеке әңгіме» техника- сы .



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет