Ғылыми жоба жұмысының жоспары


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет17/21
Дата25.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#114024
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ғылыми жобаа (1)
Ғылыми жобаа (1), 05.03.МиИ-19-1 Жуманиязов Дастан, d181d0b0d0b3d18bd0bdd0bed0b2d0b0-d0b6, Ерғали Аяна БЖДк-20-1 СӨЖ №3
Жұмыстың орындалу тәртібі

Қағаз тез жанып кетеді. Осыған қарамастан қағаз қорапта суды қайнатуға бола ма?



  1. А4 қағазынан арнайы төрт бұрыштап қорап жасаймыз

  2. Дайын болған қорапты тұрғыға (штатив) бекітіп, қорапқа су құямыз.

  3. Қораптағы судың түбіне шам жағып қоямыз, араға біраз уақыт салып байқасақ, қағаз қораптағы судың қайнап жатқанын байқауға болады.



Қорытынды

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес» – деген қанатты сөзі бар, менің жоба жетекшім физика пәні мұғалімі Ерсинов Сейтжан ағай түсінбегенімді түсіндіріп, мені білім шыңына жетектеумен келеді. Жоба жұмысын жазуға үнемі бағыт бағдар беріп отырды.

Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу болып табылады.

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ең алдымен білімді ұрпақ қажет. Елбасы Н.Назарбаев 2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Білім беруді дамыту бағдарламамыз жалғаса береді. «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» - деп атап көрсеткен. Ол үшін әрбір оқушы PISA зерттеуі бағдарламасы бойынша өз білімін жетілдіре отырып, сапалы білім, саналы тәрбие алып, білімді терең меңгертетіндей ізденуі керек.

Біз сынды оқушылар функционалдық сауаттылығын қалыптастыруы үшін түрлі сайыстарға, ғылыми жоба сайыстарына және пән олимпиадаларына үнемі қатысып жүрсек, онда білім - білік, дағдыларды игерту нәтижелі болатыны анық және әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрінеріміз ғажап емес. [3]



Ұсыныстар

  1. Ұсынылған бұл жоба жұмысында заттардың агрегаттық күйлеріндегі жылу алмасуды қарапайым тәжірибе реттерімен көрсеттім. Сонымен қатар, бұл жоба жұмысында мен көрсеткен тәжірибе арқылы оқушылар тақырыпты терең меңгереді деген ойдамын.

Сабақ барысында қаншалықты тиімді екенін жұмыс барысында анықтап айттым.

  1. Жоба жұмысындағы тәжірибені жүргізу барысында, адам денсаулығына ешқандай кері әсері болмайды, әрі қол жетімді заттардан әрі қарапайым тәжірибе жасауға болады.

  2. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жастардың алдына қойған міндеті интеллектуалдық ұмтылыс арқылы өркениетті елге айналу[3], олай болса бұл жобаны болашақ ғалымдар және мектептегі пән мұғалімдері мен жас зерттеушілерге арнаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет