Ғылыми жоба жұмысының жоспары


Заттың меншікті жану жылуы



бет9/21
Дата25.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#114024
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Ғылыми жобаа (1)
Ғылыми жобаа (1), 05.03.МиИ-19-1 Жуманиязов Дастан, d181d0b0d0b3d18bd0bdd0bed0b2d0b0-d0b6, Ерғали Аяна БЖДк-20-1 СӨЖ №3
Заттың меншікті жану жылуы

Табғатта сан түрлі отын бар - ағаш, көмір, газ, мұнай, бензин, керосин және тағы басқалары. Бұлар жанғанда әртүрлі жылу мөлшері бөлінеді. Мысалы көмірдің жану жылуы ағаштың жану жылуынан көп болады.

Физикада заттың меншікті жану жылуы деген термин бар, бұл 1 кг отын жанғанда бөлінетің жылу мөлшері. Бұны q символымен белгілейді:

q = Q/m,

мұнғандағы m - жанған отынның салмағы (килограмм), Q - осы отын жанғанда бөлінген жылу мөлшері (Джоуль).

Меншікті жану жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Дж/кг

Отын[1] – жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай – қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша – табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.



  • Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), торф, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.

  • Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т.б. жатады.

Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы.

Отынның жану жылулығы – отынның толық жану кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері. Оны төменгі және жоғарғы, меншікті және көлемдік жану жылулығы деп ажыратады. Төм. жану жылулығы жоғарғы жану жылулығынан отын жану кезінде түзілетін суды, сондай-ақ, оның құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мөлшерінен кем болады. Мысалы, тас көмірдің жану жылулығы 28 – 34 МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың көлемдік төм. жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру және оның қосынды қорын есепке алу үшін шартты отын түсінігі пайдаланылады, оның ең төм. жану жылулығы 29,3 МДж/кг. Техниканың жаңа салаларының дамуына байланысты “отын” термині кең мағынада қолданылады, ол энергия көзі болып табылатын барлық материалдарға да (ядролық отын, зымырандық отын) қатысты айтылады. Қазақстан қазба отын қорларына бірден-бір бай ел; Көмір өнеркәсібі; Газ өнеркәсібі [3]


Төмендегі кестеде кейбір заттардың меншікті жану жылуы көрсетілген

Кейбір заттардыңменшікті жану жылуы (Дж/кг)



Оқ дәрі

0,38•107

Ағаш

1•107

Торф

1,4•107

Тас көмір

2,7•107

Спирт

2,7•107

Антрацит

3•107

Ағаш көмір

3,4•107

Табиғи газ

4,4•107

Мұнай

4,4•107

Бензин

4,6•107

Керосин

4,6•107

Сутегі

12•107






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет