Ғылыми зерттеудің алғашқы кезеңіндегі ғылыми ақпаратты жинау және жинақтау жайлы пікіріңізді жазыңыз


Сапалық, сандық және аралас тәсілдер қандай тұжырымдар жөнінде ойыңызды жазыңыз



бет27/31
Дата21.05.2022
өлшемі96,53 Kb.
#144340
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Ғылыми зерттеу
21-25 Гылыми, 1
32. Сапалық, сандық және аралас тәсілдер қандай тұжырымдар жөнінде ойыңызды жазыңыз
Сандық зерттеулер алғашқы деректерді жинау және талдауды сипаттайды. Бұндай зерттеулер нақты, статистикалық сандық деректер қажет болғанда жүргізіледі. Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр, нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндеріне ие боламыз.Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу), «Қанша?» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді, зерттелетін параметрлердің таралуына баға бере отырып сонымен қатар олардың көлемін: нарықтағы үлесін, танымалдылығын және т.б. бағалауға мүмкіндік берді.
Сапалық зерттеулер алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеулердің кең тараған әдістеріне фокус-топ және тереңдетілген сұхбат жатады. Олар адамдардың мінез-құлқының сандық емес сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Егер де сандық зерттеулер «Қанша?» деген сұраққа жауап беретін болса, сапалық зерттеулерді қолдану арқылы біз «Неге?» деген сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие боламыз. Сапалық зерттеулер ең алдымен зерттеліп жатқан мәселеге қатысты орын алатын түрлі пікірлерді жинауға мүмкіндік береді.


33. Диплом жұмысының құрылымы жайлы ойыңызды жазып шығыңыз
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.
Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша 60-80 бет болуы қажет.
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титулдықбет;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.

  1. Ғылыми жұмыстың рәсімделуі: жарияланым, дәйексөз, плагиатқа тоқталыңыз

Жарияланым деп нені танимыз?
Ғылыми зерттеулер саласында жазу түріндегі барлық мәтін жарияланым деп есептелмейді. Мәтіндерді шартты түрде жарияланым, жартылай жарияланым және жарияланым емес деп бөлуге болады. Мәтіндерді бұлайша бөлу оларды тасымалдаушылардың сипатына емес, белгілі талаптардың сақталу, сақталмауымен байланысты. Бұл талаптарға мыналар жатады:

  • мәтінді құру мен ресімдеудің академиялық стандарттарының сақталуы;

  • кәсіби қауымдастықтың мәтін мәртебесін растауы;

  • дереккөздің тұрақтылығы;

  • мәтін мазмұныныңтұрақтылығы;

  • мәтіннің қолжетімділігі.

Мәтінді құру мен ресімдеу стандарттарының сақталуы - жарияланым деп аталатын барлық мәтінге қойылатын бірінші талап, бұл талаптар (тақырып таңдау, жоспар құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер жазу, аргумент, тезис келтіру, дереккөзбен жұмыс т.б.) туралы жоғарыда айтылды. Бұл тұрғыдан алғанда, зерттеу жұмысында, мысалы, газет мақалаларына сілтеме жасамауға тырысу керек, себебі газеттік жарияланымдарда бұл стандарттар сақтала бермейді.
Мәтіннің айтылған стандарттарға сәйкестігіне қалай көз жеткізуге болады? Осы жерде екінші талап алға шығады: мәтін мәртебесін кәсіби қауымдастық растауы тиіс, яғни автордан басқа мамандар ұсынылып отырған мәтін үшін жауапкершілік алуы қажет. Бұл мамандар қатарына жауапты редакторлар, кәсіби (баспа) редакторлар мен корректорлар, рецензенттер жатады. Жауапты редактор (Интернет сайттың бас редакторы, сайт иесі) мәтіннің жалпы кәсіби сапасына кепілдік береді. Кәсіби редакторпар мен корректорлар мәтіннің ресімделуін, орфографиясы мен пунктуациясының сақталуын қадағалайды.
Жарияланымның үшінші маңызды сипаты-дереккөздің тұрақтылығы, яғни оқырман кез келген уақытта көрсетілген мәтінді қиындықсыз тауып алу мүмкіндігі. Қағаз түріндегі жарияланым жағдайында жетекші көпшілік кітапханалар, сондай-ақ шығатын барлық басылымдардың бақылау данасын сақтап отыратын мекемелер мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ете алады. Бұл талап, әсіресе, электронды мәтіндер үшін өте маңызды. Сізді қызықтырған дереккөз ғаламтор парақшасында бүгін бар, ал ертең жоғалып кетсе, оны жарияланым деп санауға күмән туады.
Мазмұн тұрақтылығы деп аталатын келесі талап та мәтінді электронды түрде
Сонымен тағы да қайталап айтамыз, аталған талаптар сақталған жағдайда қағаз немесе электронды түрдегі мәтіндер арасындағы айырмашылық азаяды. Қазіргі кезде барлық көрсеткіштері бойынша жарияланым деп саналатын электронды мәтіндер саны көбейіп келеді. Жарияланым мәртебесіне сай келмейтін қағазға басылған материалдар да көп. Осы ретте жұмысыңызда пайдаланылған мәтіндердің бәріне сілтеме жасай алатындығыңыз және сілтеме жасауға міндетті екендігіңізге байланысты дереккөздерді іріктеу ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет