Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.
Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып, әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде қолданылған ұғым. К.Левин, топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |