«Филология» мамандыєына арналєан


Этностық мәдени біліктілік



бет33/54
Дата09.08.2020
өлшемі216 Kb.
#76249
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
Лекция саба тары Семинар ж не лабораториялы саба тар Курсты ж

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет