Философия кафедрасы


Тақырыбы: Əл-Фараби және антикалық мәдениет



бет2/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Əл-Фараби және антикалық мәдениет

Әл-Фарабиге антика мәдениетінің әсері


Әл-Фарабиге Аристотель философиясының ықпалы
Әл-Фараби және антика философиялық дәстүрінің дамуы

Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр. Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің ке­ремет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еу­ропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсі­ресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты. Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам фи­ло­софиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып кел­ді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы ру­хани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді. Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трак­таттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб ті­лі­нен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бү­кіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шы­ға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ой­лауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәр­биеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ре­нессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еу­ропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бас­тау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Ба­тыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Ба­тыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі. Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары дең­гей­де болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иж­ди­хад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мә­селелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.


Біз әр түрлі діни ғылымдар бойына өздерінің терең ой­ла­рымен белгілі болған ортағасыр Ислам философтарын ес­ке алып салыстырар болсақ, орта ғасыр тарихшылары мен ғалымдарының философия тарихындағы Фарабидің дә­ре­жесі олардың дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары еке­ніне сенімді болды. Фарабидің өздерінің идеологиялық қар­сыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мә­де­ниетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.
Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді – Ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және алек­сандрлық философиялық мектептердің ойларынан қаншалықты айырмашылығы бар?
Әл-Фараби және оның ізбасар­ларының антикалық дәс­түрді бойларына қалай сіңірді. Әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антикалық философияның нақтырақ айтсақ, Аристотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді? Біз әл-Фараби және оның ізбасарларының ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана ком­ментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз.
3. Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет