Философия кафедрасы


Тақырыбы: Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарасы



бет7/17
Дата27.04.2022
өлшемі60,44 Kb.
#140943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Әл-Фараби қазіргі заман. Дәрістер

Тақырыбы: Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарасы.

Әл-Фараби дүниетанымындағы этика мәселесі


Әл-Фараби еңбектеріндегі әлеуметтік этиканың ролі


Фараби ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады. Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Фараби бұл салада жасаған қорытындысының басты түйіні – білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидың гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл ой мен білімнің биік мәнін, халықтар арасындағы туысқандық, достықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін көрсетті. Риторика, поэтика, өнер, музыка, т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эстетикалық көзқарастары әлі күнге мәнін жоймаған. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соны пікір, тың идея, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Мысалы, „Риторика”, „Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”, „Поэзия өнері туралы” т.б. еңбектерінде көрсетілген. Музыка зерттеу саласында Фараби әр алуан шығармаларымен қатар „Музыка туралы үлкен кітап” атты іргелі кесек еңбек қалдырды. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі „Музыка ғылымының” мәселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды әсерін, жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасайды. Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейтесті проблемаларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кірігіп, ұласып кетеді. Фарабидің логикалық-гнесологиялық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-теориялық т.б. пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын, оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді, Фараби өз алдына жеке-дара тұрған үздік ойшыл, ғалым болды.Совет ғалымдары 20-жылдардан бастап-ақ Фарабидің өмірі мен творчествосын зерттеуге кіріскен. Шығыстың ұлы ойшылының мұрасын зерттеу оның 1100 жылдық мүшелі тойына дайындық үстінде қыза түсті. Әл-Фараби тәрбиенің барлық мәселелерін логикамен, тәрбие мұратымен, білім алумен, үйренумен үлгілі тәжірибемен, оқумен байланыстыра уағыздағанын білеміз. Ол өзі жазған „Ақыл мен түсінік” атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге байланысты, оның негізгі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде – тәрбиенің негізінен туындайды деген еді.

8. Дәріс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет